Суюбердиева А.Ә.,Курбанбаева С.Н., Мамекова С.К.

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.                                      Шымкент қ.

 

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРЫ ЭМТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Тәрбиенің басты мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынас кезеңінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын XXI ғасырды құрушы, шебер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру - деген тұжырымдаманы негізге ала отырып Қазақстан Республикасы қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі ұштасып жататын азамат етіп тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру.    

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәрбие жетістіктері мен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған.

     Қай кезеңде болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болуы хақ. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу-кәзіргі күннің өзекті мәселелерінің айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты тәжірбие-халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» ұқыптылық пен сарапталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім-тәрбиелік ойлар.

Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы дамытуға барынша қолдау жасап  отыр”, - деген сөзі мұның айғағы .

   Осыған орай қазақ этноэстетикасы – қазақ халқының адам мен әлем арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейтін философиялық ғылым. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпыға білім беру жүйесінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Әлемдік деңгейге жақындатылған жалпы орта білім стандарты бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізілуде.

     Қазақстан Республикасы Парламенті “Білім беру туралы” Заңын қабылдады. Аталған заңның сегізінші бабында жеке тұлғаның шығармашылық, рухани   мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке қасиеттерді дамытуға жағдай жасау жолымен ой-өрісті байыту, сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне келу секілді басты тапсырмалары қарастырылады.

      Қазіргі заман талаптары халықтың рухани даму саласына шұғыл шешім қажет ететін тапсырмалар жүктеп отыр.   Дәлірек айтсақ, мектепте, жоғары оқу орнында оқу барысын ұйымдастыру секілді маңызы мәселенің бірі ұстаздардың бір-бірімен байланысы, тәжірибе, әдіс алмасу сияқты эстетикалық тәрбие беру. Бұл мәселе ауыспалы кезеңнен бөлек уақыттарда да қазақстандық білім беру жүйесін зерттеушілерінің басты тақырыптарына айналған. Бұл зерттеулердің маңыздылығы рухани қалыптасудың ең терең тұңғиығына жол ашуымен анықталады.  Өнерге үйретудің инновациялық әдістерінің қажеттілігінің өсуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуының маңызды факторы болып оқушыларға берілетін тәрбиенің бір түрі эстетикалық тәрбиенің орны ерекше екенің атап өтуге болады. Мұндай мүмкіндіктердің жаңа кешенін дамыту көкейкесті мәселеге айналып барады. Бұл жағдайда халық педагогикасының құралдарын этникалық әдістерді (халықтық қолданбалы безендіру өнері феномені) бейнелеу өнері әдістемесі саласындығы әртүрлі, кейде тым бөлек жағдайлардағы  зерттеулерді қолданудың маңызы артуда  .

     Осы тұрғыда қалыптасқан Қазақстан Республикасындағы эстетикалық тәрбие беру әдістемесі мәселесі өзінің күрделілігімен, өзектілігімен ерекшелінеді. Соңғы уақытта Қазақстанда қолданбалы өнерге үйрету туралы әдістемелер саны көбейіп және жалпы алғанда бұлардың көбісі кәсіптік мамандығы жоқ педагогтармен жеке тәжірибесін ұштастыруға, немесе тәжірибеден өткізілмеген, зерттелмеген жеке болжамдар түрінде қолданылып жүрген әдістемелер болып табылады. Мұның барлығы тәрбие барысындағы дамып жатқан өнердің әртүрлі салаларын кеңінен қолдану мен таратудың шұғыл даму жұмыстарының проблемасын туғызып отыр.

Қазақ этноэстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этноэстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен  фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тұрмыс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды.

Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, бастауыш мектеп қабырғасында жалғасын табады. Мектепке дейін балада адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптаса, бастауыш мектеп жағдайында бұл жұмысты ұстаздар жүйелі түрде жүргізеді. Осыған байланысты  бастауыш мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі- өркениетті прогресшіл бағыттағы азаматтық –адамгершілік қасиеті мол, терең білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеу. Бастауыш мектепке оқушылардың адамгершілігін дамытатын процестер мен құралдар сияқты әдептілік мәдениет негіздерін тәрбиелейтін мақсатты жүйе талап етіледі. Себебі мектеп әлеуметтік организм сияқты баланың кризистік кезеңінде бейімделу ортасы бола алады және адамгершілік атмосфераға оның құндылық бағыттарын негіздейді. Бұл позициялар біз қарастырып отырған мәселеде және педагогикалық тәжірибеде кең талданған оқушылардың әдептілік мәдениеті негізіндегі тәрбие жүйесіне негізделген .

 Осы орайда балаларды әдептілікке тәрбиелеу – ерекше бөліп алынған жүйесіз бір арнаулы құралдың көмегімен емес, мектептің бүкіл оқу-тәрибие қызметінің бір бөлігі арқылы жүзеге асырылады.. Оқушыларын әдептілікке тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарын жүргізе отырып, мұғалім өзінің күш-жігерін балалардың өздерін мәдениетті ұстай білуге деген ұмтылысын дамытуға, олардың өздерін мәдениетті қылық дағдысы мен әдетін бойына сіңіре  беруіне  бағыттап  отырады.

      Тәрбие ісінің әдептілік бағыттағы құрылымына мұғалім адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль- адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден оқушылардың және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға болады.    Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ адамгершілік нормаларды білу, түсіну, наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек – олардың қалыптасуына қажетті алғы шарттар ғана болып есептеледі.

  Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың   басты мақсаты әдептілікке баулу  – адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру. Тәрбие ісі күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас жасайды. Адамгершілік іс-әрекет қажеттігін қалыптастыру – әдептілік тәрбие ісінің маңызды бөлігі. Жалпы мәдениеттілік лексикасында әдеп, мораль, адамгершілік ұғымдары бірін-бірі алмастыра алады.

    Әдебиеттер:

 Жарықбаев Қ., Қалиев С.Қ. Қазақ әлімінің тарихынан. – А.: Кітап, 1992.

 Бабаев С.Б. Жалпы педагогика. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005.

  Ұзақбаева     С.А.     Тамыры     терең    тәрбие.     Қазақстан    халықтық
педагогикасындағы  эстетикалық
тәрбие. -Алматы: Білім, 1995.