Бейсенбекова Г.Б. п.ғ.к., доцент
Мұсаева М.Ж. магистрант
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті. Қазақстан.
Ғылымда ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘДЕНИЕТтің қаралуы
Дүниежүзілік
қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам
мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді.
Адамзаттың
жаҺандық дағдарысы Жер бетінің экологиялық
үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын
аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр.
Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің
қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын
ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік
институттарын жұмылдыру қажет.
Біріккен
Ұлттар Ұйымы Елімізді экологиялық жағдайы өте
нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда
табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде.
Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше
қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті
нормативтік-құқылық базалар, экономикалық
механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер
өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір
себебі, азаматтардың экологиялық мәдениет деңгейінің төмендігі[1].
Экологиялық
мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық
сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді
пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі
болып табылады.
Елбасы Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат
жағдайының қиын кезеңде тұрғанын
нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде
адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр.
Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл
қойылу қажет», - деген болатын[2].
Бұл
мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға
экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру
барысында мүмкін болатыны
анық десе, Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңында:
«Экологиялық тәрбие алған экологиялық білімдер
негізінде қоршаған ортаға ұқыпты қарауы мен
табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану» - деп анықтама
берілген[3]. Ал, бұл болса, балалардың оқу-танымдық
іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып, олардың бойына елге, жерге
деген сүйіспеншілікті ұялатуға деген қажеттіліктен
туындайды.
Өскелең ұрпақтың экологиялық
мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның
көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын
тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесс болып
табылады. Сондықтан бұл мәселе қазіргі кезде өз
шешімін табу керектігін көрсетіп отыр.
Осыған орай, экологиялық
білім беру мен тәрбие беру
мәселесін шешуде Ә.С.Бейсенова,
Ж.Ж. Жатқанбаев, М.А. Лигай, Н.С. Сарыбеков,
М.Н.
Сарыбеков, Г.М.Смирнова, В.И.Фурсов
және т.б. ғалымдар еңбектерінің
құндылығы зор.
Экологиялық білім беру мәселесін мәдениеттану
ғылымы саласы бойынша Э.В.Гирусов, Ж.Тлепов, В.Шинкарук және т.б.
ғалымдар қарастырған.
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н. Захлебныйдің,
И.Д.Зверевтің, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде
көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин,
Н.А.Рыков т.б. дәлелдеген болатын.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі
Б.Т.Лихачев, Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекованың және т.б.
зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе,
болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың жолдары С.В.Алексеев, Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов,
И.П.Сафронов, А.В.Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде
ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән
сабақтарында жүзеге асыруда көптеген ғалымдардың
зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен
әдебиеті (Ә.Дайырова, Қ.Құрманбаева,
Ө.Танабаев), химия (Қ.О.Шайхеслямова) физика (Р.С.Басекеева), математика (Қ.Н.Сарыбекова), табиғаттану
(Д.І.Жангелдина), ағылшын тілі (Ж.Базарбекова, Ж.Тілешова) пәндерін
оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері
жан-жақты қарастырылған.
Сонымен қатар, А.К.Егенисова, Ф.Н. Жұмабекова, А.Е. Манкеш,
Г.М. Сәбденалиева Г.Қ. Тұрабаева еңбектерінде
экологиялық тәрбие берудің педагогикалық
алғышарттары қарастырылса, И.К. Исламова оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда, Ш.М. Абеуова оқушыларының
агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда, .С.Сайлауова мектепалды топ
балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда, Ж.Р.
Жексембаева бастауыш сынып оқушыларының экологиялық
мәдениетін қалыптастыруда өз еңбектерінде
экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты
талданып, нақтылай түсті.
Әрбір азамат экологиялық мәселелер туралы ғана
емес, оны жеңе білу, болдырмау жолдарын да меңгеру керек етеді.
Мұндай қасиет өз қызметінің нәтижесін
дұрыс бағалай білетін, қоршаған ортаға зиян
тигізбейтін, табиғатты аялап, күтуге қабілетті
экологиялық сауатты адамға ғана тән[4].
Экологиялық
білім, экологиялық тәрбие, ағарту, насихаттау – адам
баласының бойында экологиялық мәдениетті
қалыптастыруға мүмкіндік беретін экологиялық –
ағартушылық қызметтер жүйесі. Бұл жүйе адам
санасын өзгертуге, жаңа мінез-құлықты
қалыптастыруға, соңғы нәтижесінде өмір
сүру стилін өзгертуге, дүниетанымын экологияландыруға
бағытталған. экологиялық ағартушылық қызмет
- халықтың барлық жастағы топтарына арналған.
Жер бетінде
экологиялық жағдайдың күрделенуі, қоршаған
орта сапасының төмендеуі кез-келген мемлекеттің білім
жүйесінің жаңа міндеттерін анықтады. Соның ішінде
ең бастысы – адам баласының бойында экологиялық
мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын, экологиялық
мәдениетті ұдайы өндірудің мақсаты –
экологиялық білім және тәрбие болып саналады.
Мәдениет
бұл саналы іс-әрекеттердің пайда болуы, ол табиғи
және әлеуметтік қажеттілік қатынастарына
субъектінің еркіндік деңгейін сипаттайды.
Осы кезде
қоғам алдында екі таңдау тұр: біріншісі,
табиғатпен өзара әрекеттесудің қазіргі
тәсілін сақтай отырып, экологиялық апатты болдыру, екіншісі
өмірге қажетті биосфераны сақтау үшін
іс-әрекеттердің типтерін өзгерту. Адамның дүниеге
көзқарасын түбірімен қайта өзгерту мәдениеттің
экологиялық мәдениет деп аталатын жаңа формасының
қалыптасуына негіздейді. Жалпы философиялық мәдениет
табиғат пен қоғамның өнімі ретінде адамды
қарауды ұғынуға түсінуге мүмкіндік берсе,
саяси мәдениет табиғат жағдайы мен адамдардың шаруашылық
қызметтерінің арасындағы экологиялық
тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; эстетикалық
мәдениет – табиғаттағы үйлесімділік пен
әдемілікті сезінуге жағдай жасайды; адамгершілік мәдениет –
табиғатқа деген тұлғаның қатынасын рухани
жағынан көтереді және т.б. Осындай мәдениет
түрлерінің өзара әрекеттесуімен экологиялық
мәдениет пайда болады.
Экологиялық
мәдениет «адам-қоғам-табиғат» жүйесін дамыту мен
сақтауға жағдай жасайтын барлық мәдениеттерді
қамтиды[5].
Қорыта
келегенде, экологиялық мәдениет деп елдің және
әрбір адамның экологиялық қауыпсіздігін,
қоғамның рухани өсуі мен әлеуметтік-
экономикалық тұрақты
дамуын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын, үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие арқылы адам санасы мен
мінез-құлығына әсер ететін қоғам мен табиғаттың
өзара әрекеттесуінің нормалары мен тәсілдерінің,
моральдық құндылықтарының, әлеуметтік
қатынастар жүйесінің жиынтығы. Экологиялық
мәдениет қоршаған табиғи ортаға қатысты
адамның санасы мен барлық іс-әрекеттерінің
жиынтығын қамтиды. Адам баласы мәдени дағдыны
үйреніп қана қоймай, өзінің «жасанды» ортасын
құрды, өзінің тарихи дамуында табиғи және
жасанды ортада өмір сүре отырып, ондағы барлық
құбылыстардың сырын ашуға тырысты.
Қоғамның
мәдени деңгейінің маңызды көрсеткіштері ретінде
адамның рухани мәдениеттерін ғана емес, адамгершілік
қасиеттерін де ескеруге тиіспіз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қуатбаев А.Т. «Жалпы экология» - Алматы, 2008 – Б.342
2.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Ел
президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Барлық
Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».- Алматы:
Дәуір,1997.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
А.2007.
4. Әлинов М.Ш.
«Экология және тұрақты даму» - Алматы, Бастау, 2012. – 270
бет.
5. Сатбаева Г.С. «Әлеуметтік
экология және тұрақты даму» - Алматы: Экономика, 2009.-Б.208