Карманова Ж.А., Манашова Г.Н.,
Абилдаева М.Б., Әбілдаева Б.Б.
Карагандинский государственный
университет им.Е.А.Букетова,
КГКП «Ақбөпе», Казахстан
Балалардың
компьютерді пайдалануының пайдасы мен зияны
Қазіргі ХХI-ғасыр техниканың даму
ғасыры болып саналады. Қазіргі өмірде адам баласын
компьютерсіз елестету қиын. Үлкендермен қоса, кішкентай
балалардың өзі компьютердің алдынан мүлдем
шықпайды. Болашақта мұндай балалардан қандай азамат
шықпақ? Көп ата-ананы алаңдататын сауалдардың
бірі-осы. Бала кішкентай кезінен шамасына қарай компьютер пайдалануды
үйреніп, шектеулі уақыттан соң орнынан тұру керек
екендігін ұғыну үшін кішкентай кезінен ата-анасы оған
тәртіп пен тәртіпке бағынуды ұғындыру керек.
Айтқан тілді алатын балаларды компьютерден алшақтату қиын
емес, қиыны-еркетотай айтқанынан қайтпайтын
қырсық, атан-анасы мен үлкендердің айтқанын
тыңдамайтын балалар.
Кішкентай, мектепке бармайтын балалар компьютерде
көп отыратын болса, оларға айқай салып, ұрысудың
қажеті жоқ. Егер бала айтқанынан қайтпай, компьютермен
байланысын үзе алмай отырса, оның көңілін басқа
ойыншықтармен немесе ойын ойнаумен аулау керек. Не болмаса, тамақ
ішер уақытта, тамақ ішу керектігін айтып, тамақ ішудің
міндетті екендігін айтып, отырған орнынан көтеріп алып, дастархан
басына әкеп отырғызуға болады. Жыласа, жұбатыңыз!
Көңілін аулаңыз [1].
Компьютер
балаға не нәрсе үйрете алады? 2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере
бастайды. Сандарды, әріптерді, әр түрлі белгілерді
үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге мәтіндік
редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді
жазады, кейін сөйлемдерді. Сонымен бірге ол қатесін көріп,
оны өзі түзей алады. Тінтуірді басқару арқылы
балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі
болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі
таңда ой-өрісті жетілдіретін неше түрлі ойындар бар.
Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін
тануға болады: геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика. Paint редакторын
қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені
жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу
қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың моторикасын
жетілдіреді. Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау,
логикалық ойлауды дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек
жердің бояғын аяқтау, қиялды дамытады. Ал
музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып, ноталарды
жаттауға ықпал етеді. 6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға
ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады. Басында ойын
түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен
файлдарды ашуды үйретіңіз. Компьютер арқылы ойын ойнау
ғана емес, көптеген қызық ақпаратты білуге де
болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша
әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар
көп. Біртіндеп іздеу жүйелерін қолдануды үйреніңіздер.
Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты алады емес пе?! Сонымен
қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені «іздегіш»
сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді
іздейді.
Дәрігерлердің айтуы
бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуға болады,
бірақ күніне жарты сағат қана. 6 жастан бастан 12
жасқа дейін - бір сағат. Ал 12 жастан бастап күніне екі
сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге зиян,
сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру
керектігін есте сақтау керек. Егер балаға көзге
арналған жаттығуларды үйретіп қойсаңыздар, одан
бетер жақсы болар еді: көзді вертикальды және
көлденең айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін
тәуелділік пайда болмау үшін компьютер алдында отыратын уақыт
нақты белгілену керек. Балаға компьютердің алдында көп
отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап
түсіндіре білу қажет. Монитордың қарама-қарсы
түстерін және ашықтылығын реттеңіз, баланың
көзіне қатты әсерін тигізбесін. Жұмыс үстеліне
біркелкі түстегі суреттерді қойыңыз. Үстел және
орындық баланың бойына сәйкес келуін
қадағалаңыз. Оның түзу отыруын
бақылаңыз, әйтпесе ол сколиоздың дамуына алып
келеді. Монитор түзу тұру керек, бала оған бұрылып
қарамайтындай болсын. Компьютерлік орынға жарық түсуі
керек, алайда жарық дәл мониторға түспеген дұрыс
[2].
Компьютердің алдында
көп отырмау керектігін сіз білгенмен, балаңыз білмейді. Балаларға
компьютердің зияны болмас үшін, уақыт бойынша баланы
компьютерге дағдыландыру керек. Кейбір балалардың көзі нашар
болады. Оларды компьютердің алдына басқаларға
қарағанда, аз отырғызу керек. Сондай-ақ
баланың мойын омыртқасына
күш түсіп, соның салдарынан көз
бұлшықеттеріне баратын қантамырларының жұмысы
қиындап қалады. Баланың психикасы нашарлайды. Компьютердегі
ойындардың арасында, балалардың психикасына кері әсер ететін
ойындар бар. Жалпы ойындарды мұқият қарап шығу
қажет. Балаларға мазмұны өлім, атыс-шабыс, агрессия мен
жаман қасиеттерді насихаттайтын және жаман әдеттері бар
ойындарды балаларға ойнатуға болмайды. Ондай ойындар балаларды
мейірімді болуға үйретпейтіні мәлім [3].
Демек, кез-келген ата-ана
балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп
отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру
баланың ғана емес, үлкеннің де жүйкесін
жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге
әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. http//www.balana.kz.
2. Смағұлова Ш., Байтугелова Н., Наурызбаева
Т. Балалардың дене және психикалық денсаулығына
қатыгездікті және зорлық-зомбылықты, порнографияны
насихаттайтын аудио бейнеенімдердің, компьютерлік және
ақпараттық тасымалдағыштардың әсер етуі.
Олардың адамгершілігін қорғау. - Астана, 2010. – 284 б.
3. Әбдірайымова Г. Интернет бізге керек пе? // Білім
әлемі, 2006. - № 11 – Б.34-39.