Мектеп жасына дейінгі
балалардың шығармашылығын ертегілер арқылы
қалыптастыру
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
«Мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеу» кафедра оқытушысы Минайдарова М.И.
3 курс білімгері Молдазайым Аяулым
Қазақстан
Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту
деңгейінде бес жастағы балаларды мектепалды
даярлығымен толық қамтамсыз ету, баланың бойында
оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
тәрбиелеу міндеттері айқын көрсетіледі.
Бүгінгі таңда жас
ұрпақтың шығармашылығын халықтың
мәдени мұрасы, соның ішінде халық ауыз әдебиеті
үлгілерінің бірі – халық ертегісі арқылы
қалыптастыру жаңа қоғамның сұранысынан,
үкімет талабынан туындап отыр.
Психологиялық-педагогикалық еңбектерде
«шығармашылық» ұғымына берілген түсініктерді
жүйеге келтіру шығармашылық түсінігі мазмұнын жан-жақты
анықтап, мән-мағынасына терең бойлап, бұл
түсінікті одан әрі дамыта түсуге негіз болады.
Бұл сатылар зерттеуде
балалардың қазақ халық ертегілеріне
шығармашылығын қалыптастырудың жүйесі ретінде
қарастырылады[1].
Шығармашылық адам
өмірінде алатын орнына қарай мынадай функцияларды атқарады:
а) дүниетанымдық, ә) қозғаушы, б) реттеуші, в)
таңдаушы, г) жасампаздық.
Бұл функциялар мектепалды
даярлық тобы балаларының жан-жақты дамуындағы
шығармашылықтың мүмкіндіктерін өзара
байланыстырып, сабақтастырады.
Шығармашылықтың психологиялық
құрамы: эмоционалдық, интеллектуалдық және
еріктік процестерінің бірігуінен, яки компоненттерден тұрады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге жасаған
талдау мектепалды даярлық тобы балаларының жас кезеңі,
психологиялық ерекшеліктері қазақ халық ертегілерін
танып-білуде өте қолайлы екендігін дәлелдейді және
шығармашылықты қалыптастыруда мүмкіндігінің
жоғары екендігін айғақтайды.Қазақ халық
ертегілері мектепалды даярлық тобы балаларының
шығармашылығын қалыптастырудың жетекші
құралы. Өйткені оларда халықтың тыныс-тіршілігі,
әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт
жолындағы күресі, адамдардың өзара
қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, қазақ
халқының ең жақсы қасиеттері –
еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға,
туып-өскен ортаға, табиғатқа жөне т.б. деген
сүйіспеншілігі бейнеленген. Олар балаларға білім береді,
тәрбиелейді, дамытады.
Шығармашылық
балаларды қазақ халық ертегілеріне жеке
тұлғалық эмоционалдық көзқарасқа
бағыттай отырып, дүниетанымды, адами сенімді қалыптастырады,
бала тұлғасының дамуына ықпал етеді.
Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін
дамыту арқылы сурет салу ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық
түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді.
Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер
кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады.
Мысалы, атап айтқанда, қонжық көлемі сопақ,
қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық
көлемін жарты дөңгелек, кішкентай үшбұрыштар
арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды
немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен
дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады.
Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау
арқылы театрланған көрініс дайындауға болады.
Көркем әдебиет және тіл дамыту ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі
тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады.
Қазақ халық ертегілері – мектепалды даярлық тобы
балаларының шығармашылығын қалыптастырудың тиімді
құралы болып саналады. Ертегілерде халықтың
күнделікті тыныс-тіршілігі, тұрмыс қарекеті,
салт-дәстүрі, тағылым тұтар өнегесі көрініс
тапқан. Ертегілердің мүмкіндігі жоғары: өйткені
олар балалардың асыл адами қасиеттерін, эстетикалық
талғамын, қалыптастырады, эмоционалдық сезімін дамытып,
дүниетанымын жетілдіреді[3].
Ал, балалардың шығармашылығын оятуда
ертегінің рөлін жақсы білу керек, оны үйрететін –
ересектер. Ертегі шындығын ұғып-білуге ұмтылудың
бір көрінісі – балалардың сұрақ
қойғыштығы. Есейе келе балалар тек ертегі туралы ғана
емес, айналасындағы әлеуметтік көріністерден хабардар
болғысы келеді. Олар ересектерден өз сұрақтарына жауап
күтеді. Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына
мұқият қарау керектігі туындайды.
Шығармашылық бірден
пайда болмай, біртіндеп қалыптасуына орай қарапайымнан
күрделі іске, төменнен жоғары сатыдағы нәрсеге
қарай дами түседі. Баланың шығармашылығы сатылап
өсе келе, ортаның ықпалымен және тәрбие ісінде
дамып, іске асады. Баланың өсіп, дамуына ересектердің
ықпалы күшті әсер етеді. Бала ересектердің ісіне
еліктейді, оны өзіне өнеге тұтады.
Қазақ халық
ертегілеріне балалардың шығармашылығы оқу және
тәрбиелеу барысында қалыптасады: а) тәрбиешілердің
ертегіні әңгімелеуі арқылы; б)ертегіні эмоционалдық
әсермен қабылдауға байланысты.
Халық ертегілерін
әңгімелеу барысында мынадай жұмыс түрлері
жүргізіледі:
- ертегілерді әңгімелеу алдындағы
дайындық жұмысы. Ертегіні әңгімелеуден бұрын
алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Дайындық әңгіме
оқиғасын оқылатын ертегіге байланысты болуы керек.
Дайындық
әңгіменің ұзақтығы ертегінің
ауыр-жеңілдігіне байланысты. Сонымен ертегіні оқуға дайындау
жұмысы, біріншіден, балаларға таныстыратын ертегінің
мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне
білуге дайындау, екіншіден, ертегінің мазмұнына
қызықтыру мақсатында жүргізіледі. Бұл
айтылғандардан шығаратын қорытынды – дайындық
жұмысының да көздейтін
түпкі мақсаты – балаларға ертегіні толық та
саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу[4].
Ертегі тыңдауда эмоциялық сезім баланың
ойын, қиялын, көңіл күйін бағыттаушылық
және реттеушілік роль атқарады. Балалардың эмоциялық
сезімін қалыптастыру үшін:
-ертегі мазмұнын балалармен бірге талдау;
-сюжеттік-рольдік, дидактикалық ойындар ұйымдастыру;
-тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;
-ертегілерді балалардың жас және дара ерекшелігін ескере отырып
талдау қажет.
Келешекте мектепалды
даярлық тобы балаларының қазақ халқының
ауызекі шығармашылығына қызығушылығын
қалыптастыру; қазақ халық ертегілеріне мектепалды
даярлық тобы балаларының танымдық көзқарасын
дамыту; қазақ халық ертегілері арқылы мектепалды
даярлық тобы балаларының көркемдік шығармашылығын
қалыптастыру және т.б. проблемалар дербес зерттеуді қажет
етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан-2050» даму стратегиясы.
2.
Қазақстан Республикасының
2015жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. – Астана. 2003.
3.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. – Астана. 2011.
4.
Б.Баймұратова Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы – Алматы, 1991.