Англиский язык/Педагогические науки

Байманова Л.М., Спанова Ш.А.

І.Қабылов атындағы №12  орта мектебі, Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы

 

Ағылшын  тілін үйрету кезінде оқушыларға фонетикалық

жаттығулар мен тестерді қолдану

 

Оқушылардың тілді үйренуі екі жақты процесс екені белгілі. Тілді үйрену жаңа сөздерді меңгеру, сөздерді дұрыс айта білу,фонетикалық қателер жібермеу, дұрыс интонациямен айта білу және оқушының өзіне қоятын талабына, күнделікті дайындығына байланысты. Оқушыны әр түрлі соңғы тәсілдермен еркін де сенімді  сөйлеуге үйрету, алған білімдерін өз ортасында орынды қолдануға дағдыландыру, білімін тереңдету, тілді меңгеруге көмектеседі. Есту қабілетін сөйлеу мен тыңдау, оқу мен жазу әрекеттері кезінде дұрыс пайдаланғанда оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлей алады. Оқушылардың дұрыс интонациямен сөздерді айтуы үшін фонетикалық дағдыларды қалыптастыру қажет. Сөздердің дұрыс дыбысталуына, дауыс ырғағына мән беріліп, арнайы жаттығулар орындатуымыз қажет. Жаңа сөздерді үйрену кезінде олардың айтылуына, сұрақ қойған кезде дауыс ырғағының дұрыс болуын қадағалау керек. Алғашқы сабақтан бастап әріптерді үйрету кезінде жасаған тілдік жаттығуларға аса қатты мән берілуі қажет. Сөздердің дыбысталуы мен дауыс ырғағына жаттығулар жасаған кезде оларды үш топқа бөлуге болады:

 1. Ағылшын және қазақ тіліндегі ұқсас дыбыстар мысалы: [m, b, s, z, g, ng] үйренуге аса қиындық келтірмейді.

2. Қазақ тіліндегі айтылуында біршама айырмашылығы бар [t, n, d, l, e, p, k] дыбыстарының қандай айырмасы бар,олардың қалай дыбысталатынын үйрету керек.

3. Бұл дыбыстар қазақ тілінде жоқ болғандықтан[w, h, r, ө, әе] олардың артикуляциясын түсіндіру қажет.

Оқушыларға [i-i:], [u-u:], [s-ө], [w-v], [e-i], [a-а:] дыбыстарының айырмашылығын айыра білуді үйрете алмасақ олардың сөйлеу мәнерін қалыптастыра алмас едік. Жаңа сөздерді енгізген кезде сөздердің транскрипциясына қарап, олардың дыбысталуын жаттықтыру керек. Бұл сөздерді әуелі хормен, сосын жеке-жеке айтқызып үйретуге болады. Тілдік жаттығулар үшін тақтақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақалдарды алуға болады. Әрине бұларды айтып жаттықтырған кезде дауыс ырғағына, айтылу екпініне, дыбысталуына көңіл бөлген жөн. Оқушыларға тілдік жаттығуларды ойын кейіпкерлері арқылы меңгертуге болады.

Мысалы: Мұғалім айтады, біздің аузымызда тіл барын білесіңдер. Оның аты-Mr.Tongue. Ол азанда жақсылыққа қуанып [o-o-o] дер еді. Содан соң [d-d-d], [g-g-g], [u-u-u] дыбыстарын топпен қайталайды да, қоңырау [ning-ning-ning] соғып үн шығарады. Ал бәрін біріктіргенде [gudmoning] деген амандасуды үйренеді. Оқушылардың ағылшын дыбыстарын дұрыс айтуы үшін жаттығуды көбірек жасау қажет және тілдің ерекше қызметі туралы дұрыс түсінік беру керек. Дыбыстарын айтқанда тілдің ұшын қай жерге қою керегін айту керек. Содан кейін дыбыстардың айтылуындағы айырмашылықтарды ажырата білуге де үйрету керек. 

Мысалы: [i-i:] дыбыстарының айырмашылығын ажырату үшін жаттығу жасап көрейік. Балалар сағаттың дыбысын салып көрейікші. Егер сағат озып кетсе [tik-tik-tik] деп, қалып қойса [ti:k-ti:k-ti:k] дейік. Ал сендер қысқа [i] дыбысын естісеңдер бір рет, ұзақ [i:] дыбысын естісеңдер екі рет шапалақтаңдар. Осылайша балалар дыбыстарды бір-бірінен ажырата бастайды. Енді сөздердің айырмашылығын ажыратуға арналған жаттығу жасап көрейік. Жануарлар мен жаны жоқ заттарға it (ол ) деген есімдікті қолданамыз, дәл осылай айтылуы бірдей eat (жеу) етістігінің айтылуындағы айырмашылығын табайық. It  cөзінде қысқа [i], ал eat сөзінде ұзақ [i:]  дыбысы естіледі. Осы екі сөздегі дыбыстарды ажырата алсаңдар  it  сөзіне бір рет, eat сөзіне екі рет шапалақтаңдар. Міне осындай жаттығуларды ойын ойнай отырып жасау арқылы оқушылардың сөздерді дұрыс дыбыстауына әсер етеміз.

Осындай фонетикалық жаттығуларды тақпақтар мен санамақтарды айту кезінде де орындауға болады. Сонымен қатар фонетикалық тестерді де орындауға болады. Тесті құрастырғанда мақсаты айқын және фонетикалық қиындықтарды ескеру керек. Тест түсінікті әрі оңайдан қиынға қарай жасалуы қажет. Тест мектеп программасына сай болуы және жақсы нәтижеге жету үшін айтылуы қиын дыбыстар жеткілікті болуы керек. Енді тестердің орындалуы жайлы түсінік берейік.

 

№1 тест. Тапсырма: [ і-і:] дыбыстарының айырмасына (үлгі).

 

1. It

1. –

2. Pete

2. +

3. Meet

3. +

4. Sit

4. -

 

Жауап парағындағы сандардың жанына ұзақ дыбыс естісең +, қысқа дыбыс естісең белгісін қой. «5» бағасы – тапсырманың 80% –на, «4» бағасы – тапсырманың 60% –на, «3» бағасы – тапсырманың 40% –на, «2» бағасы – тапсырманың 30% –на қойылады.

 

№2 тест. Тапсырма: [ і-і:] дыбыстарының айырмасына.

1.in, 2.live, 3.tree, 4.little, 5.read, 6.please, 7.this, 8.sit, 9.thin, 10.milk, 11.speak, 12.field, 13.spring, 14.eat, 15.sheep, 16.season, 17. which, 18.six, 19.ship, 20.these, 21.clean.

 

№3 тест. Тапсырма: [ u-u:] дыбыстарының айырмасына.

1.do, 2.book, 3.soup,4.two, 5.wool, 6.look, 7.good, 8.shoe, 9.boot, 10.put, 11.full, 12.stood, 13.school, 14.June, 15.push, 16.blue, 17.cool, 18.woman, 19.nook, 20.foot, 21.noon.

 

№4 тест. Тапсырма: [ә -e-o:] дыбыстарының айырмасына.

1.turn, 2.call, 3.ten, 4.talk, 5.girl, 6.first, 7.form, 8.skirt, 9.fourth, 10.fort, 11.dirty, 12.shelf, 13.word, 14.work, 15.walk, 16.wall, 17.well, 18.bird, 19.Thallursday, 20.all, 21.early.

 

№5 тест. Тапсырма: [ o-o:] дыбыстарының айырмасына.

1.fall, 2.form, 3.not, 4.door, 5.box, 6.clock, 7.hot, 8.wall, 9.short, 10.fork, 11.draw, 12.stop, 13.long, 14.chalk, 15.warm, 16.doctor, 17.watch, 18.fourth, 19.wash, 20.wrong, 21.morning.

 

№6 тест. Тапсыpма: [ w-v] дыбыстарының айырмасына.

1.wool,  2.wind, 3.village, 4.what, 5.twenty, 6.women, 7.live, 8.twice, 9.what, 10.twins, 11. why, 12.move, 13.window, 14.wall, 15.wait, 16.November, 17.with, 18.white, 19.wet, 20.when, 21.seven.

 

№7 тест. Тапсыpма: [ t-d] [p-b][k-g] дыбыстарының айырмасына.

1.bag, 2.stand, 3.back, 4.cold, 5.flat, 6.look, 7.cup, 8.cat, 9.egg, 10.good, 11.book, 12.park, 13.text, 14.read, 15.street, 16.old, 17 round, 18.pig, 19.leg, 20.soup, 21.drink. 

 

Екінші сынып оқушыларымен мынадай тестер орындауға болады.

Тест №1

1.     Транскрипциялық белгіге [dʒei] сәйкес келетін әріпті тап

 

A) Jj

B) Gg

C) Kk

D) Hh

 

2.    Транскрипциялық белгіге [eks]  сәйкес келетін әріпті тап

 

A) Cc

B) Ss

C) Hh

D) Xx

 

3.     sh беретін дыбыс:

 

A) [∫]

B) [ð]

C) [æ]

D) [t∫]

 

4.     ck беретін дыбыс:

 

A) [s]

B) [k]

C) [t]

D) [t∫]

 

5.                                  Сәйкес келетін әрпі мен беретін дыбысын тап:

 

A)  Сс               [si:]               [s], [k]

C) Cc               [es]               [s], [z]

B)  Сс               [s]               [s], [k]

D) Сс               [s]               [s], [dʒ]

 

6.    Мына сөзде «sstr»  әріптері түсіп қалған:

 

A) i, o

B) i, t

C) i, e

D) y, e

 

7.    [ei] дыбысын беретін әрпі бар сөзді тап:

 

A) name, game

B) cat, has

C) have, Africa

D) Ann, family

 

8.       «Name» сөзіне сәйкес келетін сөзді тап:

 

A) plane

B) have

C) like

D) cat

 

 

Тест №2

 

1.Ағылшын алфавитінде қанша әріп бар?

A) 33

B) 26

C) 28

D) 30 

 

2.  «Hh» әріпінен кейін қандай әріп келеді?

A) Ff

B) Gg

C) Mm

D) Ii

 

3. «Jj» әріпінен кейін қандай әріп келеді?

A) Ff

B) Gg

C) Mm

D) Kk

 

1. «Сс»  әріпі «e, i, y» - әріптерінен кейін қандай дыбыс береді?

A) [k]

B) [s]

C) [z]

D) [g]

 

2.   «Gg» әріпі «e, i, y» - әріптерінен кейін қандай дыбыс береді?

A) [k]   

B) [s]   

C) [z]   

D) [g] 

 

 

Пайдаланылғaн әдeбиeттeр:

 

1. Жүнісбeк Ә.  Жaңa тeхнология нeгізі – сaпaлы білім. – //Қaзaқстaн мeктeбі, №4, 2008;

2. И.И.Кошмaновa.   Have yоu fun! Москвa: Лист-1998;

3. Ж.Жұбaуовa, A.Eрнaзaровa  «Оқушылaрдың тaнымдық қaбілeттeрін дaмытудaғы дидaктикaлық тaпсырмaлaрдың мaңызы» Aлмaты – 2010;

4. Л.И.Мустaeвa. English thrоugh prоverbs (ОҚ) 2004;

5. Р.Болaтқұловa. Aғылшын тілі сaбaқтaрындa тeксттeр мeн жaттығулaрды пaйдaлaну, 1988 ж;

6. Сaхaровa Н.Г.Эффeктивный подход к обучeнию фонeтикe aнглийского языкa // Школa. -2005. № 1.

7. Aфaнaсьeвa О., Михeeвa И. «English Language Cоurse», М.: «Фолиaнт», 2001;

8. Games fоr Language Learning' (2nd. Ed.) by Andrew Wright, David Betteridge and Michael Buckby. Cambridge University Press, 1984.

 9. Корнeeвa Л.П. Примeнeниe  фонeтичeских тeстов нa урокaх aнглийского языкa.   //ИЯШ.2006.