Карманова Ж.А., Манашова Г.Н., Әбілова Б.
Карагандинский государственный университет им.Е.А.Букетова, Казахстан
Оқушыларды
азаматтылыққа және патриотизмге тәрбиелеу
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы
жазушымыз М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері
мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып
үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін
сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын
қастерлеп,өнеге тұтуы тиіс. Қазіргі уақытта
қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру –
келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт –
бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің нысаны мен
азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Олардың
адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық
сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы –
патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.Ә.Қалмырзаев:
«Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр
түрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде бірдола буыны қатып,
тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған
ортаның ықпалымен, мемлекеттік және
қоғамдық әлеуметтік институттардың
(балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары,
бұқаралық ақпарат құралдары,
қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен
қозғалыстар) әсерімен қалыптасады» деп жазды [1].
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы
тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді
отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету,
ұлттық мінез-құлық қалыптастыру,
ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу,
шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ана парызы. Халқына
құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық,
сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік
сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында
дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып,
қалыптасуына қолайлы жағдай туады. Еліміз тәуелсіздік
алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы
қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет
ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мектептердегі
оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді
жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас
ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде
бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және
болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана
балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін
қалыптастыруға қол жетеді [2].
Ұлттық патриотизм – жеке тұлғаның өз
тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты
әртүрлі деңгейде көрініс береді. Соған
қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру –
патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты. Еліміздің
ертеңі, ұлтымыздың болашағы – жас ұрпақты
отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу – тәрбиенің
ең басты міндеттерінің бірі. Аталған мақсаттағы
күш-жігер бірінші кезекте бүлдіршіндердің санасына
отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Отан
деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан
үйі, ата – анасы, ағайын-туыстары,
құрбы-құрдастары, туған жері, кең-байтақ
гүл жазира даласы,тау-тасы, өзен-көлі, сылдырап
аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып,
ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде танылуы
керек. Азаматтық – Отанға, халыққа деген жоғары
адамгершілік парыз. Отаныңмен, халқыңмен мүдделес екеніңе
мақтаныш сезімің, достығың, жолдастығың,
бірлігің көкірегіңді кернеп тұрса – патриотсың [3].
Патриотизм – еліңе іс-әрекетіңмен, бар болмысыңмен
қызмет етуге дайындығың. Отан – Ана. Оны қорғау
үшін бүкіл патриот халықпен бірлесу, ынтымақтасу,
достасу – отансүйгіштіктің көрінісі. Отан, ана, тіл,
достық, ынтымақ сөздерінің өзара үндестігі
– азаматтық парыз бен патриотизм сезімінің логикалық
бірлігінің көрінісі. Қазақстандық
патриотизмнің қайнар көзі халықтың береке –
бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігімен – ерлігінде екендігіне
ешкімнің дауы бола қоймас. Қазақстандық
патриотизм қоғамды топтастырудың жетекші факторы болып
қала береді. Мемлекетіміздің беріктігі мен күш-қуаты, өміршеңдігі
де, оның ұлан байтағының біртұтастығы да
Отанды сүюге, патриотизмге байланысты [4].
Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі-
бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында
тұрған маңызды міндеттерінің бірі.
Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы
ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін
болсақ, ХV-XVII ғасырлардағы Асан қайғы
бастаған, Ақтанберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет
т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік
ой-пікірлерінен көреміз [5]. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде
ұлттық ерекшеліктерде, халықтық педагогика
құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің
тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы
көрнекті ағартушы – педагогтардың, соның ішінде
Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің,
М.Жұмабаевтың және т.б. да маңызды ой-пікірлері,
отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары
қазіргі кезде өз жалғасын табуда. «Адамға ең
бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі», - депті Әл-Фараби бабамыз. Осыдан
өз тағдырын өзі шешуге қолын енді жеткен
халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс
қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан
халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының
әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға,
саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық
мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу
бамтауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қалмырзаев А.
Біз – қазақ, ежелденер кіндік аңсаған. – Алматы:
Ғылым, 1998. – 183 б.
2. Абыраева Б. Ұлттық
дәстүр мен ұштастыру // Бастауышмектеп, 1992. - № 2. – Б.
29-31.
3. Наурызбаев Ж. Ұлттық
мектептің ұлттық мұраты. – Алматы, 1996. – 240 б.
4. Назарбаев Н.Ә.
Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық бірлігінде. - Алматы, 1993. – 33 б.
5. Жашиев Р. Білім берудің ұлттық
моделін ұсынамыз // Білім, 2006. - № 10. – Б. 26-30.