Мектеп жасына дейінгі балаларға өнегелі
этикалық тәрбие қалыптарын дамыту жолдары.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Оспанбаева А.Р.,
№7 балабақша Тараз қ.
Бозтаева А.
Ел
президентінің «Қазақстан – 2030 жолдауында Қазақстан
азаматтарының денсаулығын, білім мен әл-ауқатын
арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше
мән берілген». Демек жас ұрпақтың денсаулығын
нығайту, рухани – адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың
көзқарастардың қажеттігі туындауда. Сондықтан да
ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің
бірі - жетілген тұлға
тәрбиелеу.
Қазіргі
кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан – жақты жетілдіріп,
танымдық іс-әрекеті мен ой -
санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің
ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін
айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу
– тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру –
өмір талабы.
Кейбір
зерттеушілер этикалық тәрбиені ұрпақтан –
ұрпаққа берілген өзгеріссіз, ал өзгерген
жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететін мораль
эелементтерінің тұрғысынан қарастырылады.
Мектеп
жасына дейінгі балаларды этикалық тәрбиелеу – белгілі бір
категориялар мен нормаларды, моральдық құндылықтарды,
мәдениетті, әдеп пен дағдыларды, адамгершілік
құндылықтар мен заңдылықтарды балаларға
меңгерту арқылы балалардың эткалық тәрбиесін
қалыптастыру процесі болып табылады.
Этикалық тәрбие –
тәрбиеленушілерде әдептілікті, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды
көздейтін тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің мақсатты ықпалдасуы.
Этикалық
тәрбие – бұл тәрбиеленушілердің
қоғамдық мораль тарапына сай санасына, сезіміне,
әдет-қылығына, мақсат-бағытына жүйелі
түрде ықпал ету.
Этикалық
тәрбиеінің негізгі міндеттері:
Ø ізгілік сана қалыптастыру;
Ø инабаттылық сезімдерге тәрбиелеу;
Ø этикалық әдет-қылықтың ептіліктері мен
дағдыларын қалыптастыру.
Этикалық
тәрбиенің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың
мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана
нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын
қалыптастыру болып табылады. Этикалық сезім адамгершілік
түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың
іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен
көрініс табады. Эткалық тәрбиеінің міндетін
жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған
сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени
мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті
мен дағдыларын моральдық сапаларын,
мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді
әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да
күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар
қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.
Балабақшадағы
этикалық тәрбие тым сан алуан және оның
нәтижелері қилы-қилы әрекет барысында көрініс
табады. Бұл жұмыстардың көздейтін мақсаттары –
тұрмыста, еңбек, ойын барысында қоғамдық
және табиғи құбылыстармен таныстыру арқылы
айналадағы ортаға әдептілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Баланың
алғашқы этикалық түсініктерді аңғарып,
мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке
дейінгі шақ – ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі
жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде,
тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы, ненің
жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер
тарапынан берілген бағаны меңгереді.
Мектепке
дейінгі жаста балаларда бастапқы әдептілілік сезімдер мен
ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың
ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың
мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан
мінез-құлықтарының және ересек адамдармен,
құрбы-құрдастарымен қатынастарының
формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде адамгершілік
көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім
мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады.
Этикалық тәрбие ісінің ең басты мақсаты -
адамгершілік мінез-қүлықтарды қалыптастыру,
тәрбие ісінің күнделікті өмір жағдайындағы
адамгершілік іс-әрекет бірлігінен қүралады. Өз
қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы
жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді.
Балалардың
этикалық тәрбиесін, әсіресе адамгершілік сезімін оятатындай,
белгілі бір жүйеде, әр топтағы баланың жасына,
түйсігіне лайықты етіп, барлық тәлім-тәрбие
жұмыстарымен ұштастыра жүргізгенде ғана нәтижеге
жетуге болады. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан
болайын», - деп ұлы атамыз Абай айтқандай: халқымыз
бәрінен жоғары қойған адам бойындағы ең
асыл қасиет – ар, ұят-имандылықтан бастау алып,
мейірімділікке, адалдыққа, қайырымдылыққа,
жомарттыққа, ынтымаққа, бір сөзбен айтқанда
адамгершілікке апарар тура жол болып табылады.
Халық
педагогикасының тәрбиесі арқылы
балалардыңэтикалық тәрбиесін қалыптастыру үшін
жүйелі де кешенді жұмыстар жүргізу керек, педагогикалық
мүмкіндіктерін қажет.
Балалар бойында өнегелік тәрбие арқылы этикалық
қасиеттер қалыптастыру үшін, ең алдымен балабақша
өмірін педагогикалық жүйе, яғни тұтас
педагогикалық үрдіс ретінде қарастыруға қол
жеткізу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан 2030» жолдауы.
2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика – Астана, 2000.
3. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика – Алматы,1999.