Куржубаева Перизат
Амангельды қызы
Қазақстан Қарағанды
қаласы Ә.Бөкейхан
атындығы ЖББОМ№75
Білім сапасын көтерудегі оқушылардың өзіндік жұмысының маңызы
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі
іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының
арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте
оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл
аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын
жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін
мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке
сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына
қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама
талаптарын орындауға тиіс [1].
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін
алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп
тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден,
өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды,
жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден,
мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа,
тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге
тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін
бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын
жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау,
мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін
жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп
шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б.
жұмыстар).
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары
бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі
шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10
минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар
беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен
орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін
ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.
Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру −
сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені,
жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде
аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың
жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір
қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың
технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек.
Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке
қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін
пайдаланған дұрыс. Ана тілі сабақтарында
оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын басқару
ісі 1-сыныптан басталады. Ал, 3-сыныпта жүргізілетін жұмыстар
2-сыныпқа қарағанда мазмұны және көлемі
жағынан күрделі болады. Оқушылардың өздіктерінен
жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте
күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан
жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді
бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де
қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті
материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға
болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды
талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал,
оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігінен орындай
білуі – оның бойында қалыптасқан білім, білік пен
дағдылар сапасының сенімді көрсеткіші [2].
Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен,
мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу
негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда
жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін
мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек
орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға
бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға
лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы
өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады.
Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік
жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен
жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін
мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең
соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға
үйрету қажет.
Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар
ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер
бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім
тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері
информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын,
оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін
қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек,
мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да,
оқушының өздік жұмысын тексеруші де.
Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін
бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын
анықтайды.
Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына
сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін
ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен
орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды.
Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын
үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды.
Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі
бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер,
модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады.
Оқушылардың оқу жұмысын, оқу
әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін
менгеруге байланысты.
Бүгінгі
күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне
жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту
үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық
сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы
студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек
беріп, олардың шығармашылық қабілетінің
өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту.
Және де оқу жылының барысындағы оқушылардың
еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл
бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік
жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім
сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған
байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке
оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік
жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру,
соған байланысты әр тапсырманың
ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Тәрбие әдістеріне педагогикалық әдебиетте бірнеше
анықтама берілген: Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша –
бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары
арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенко бойынша
тәрбие әдісі – жеке адамға тікелей және жанама
ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер
мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара
байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды [3].
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің
мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас
және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелілік
дәрежесіне байланысты таңдалады және тәрбие
жұмыстарының мақсаттары мен мазмұнымен
анықталады.
Тәрбиенің
жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие
бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің
құрамдас бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі,
құқықтық тәрбие, эстетикалық,
экономикалық тәрбие, дене тәрбиесі, т.б.
Тәрбиенің
құрамдас бөліктерінің бірлігі мен өзара
байланысының нәтижелі болуы ең алдымен
мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты.
Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерліктері мен
білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру
үшін және оның істерін басқару үшін қажетті
адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және
қалыптастыруға әрқашан дайын болуы керек.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін педагог
оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсатын,
міндеттерін, мазмұнын, формаларын, әдістерін және
құралдарын ажырата алуы керек. Формалар мен әдістер
педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің
қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында
жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады [4].
Тәрбие әдістеріне педагогикалық әдебиетте бірнеше
анықтама берілген: Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша –
бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары
арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенко бойынша
тәрбие әдісі – жеке адамға тікелей және жанама
ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер
мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара
байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. -
Өскемен, , 2005.
2. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби
педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары -
Өскемен, 2004.
3. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін
арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
4. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын
арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова //
Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.