Нурманбаева Бейбитгуль Аманжоловна                          

Қазақстан  Қарағанды қаласы  ЖББОМ№12

 

Балалардың жеке тұлғалық қасиетерін ұлттық ойындар арқылы дамыту жолдары

 

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтарының бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны жинап алып, Еуропа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Еуропа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің,  дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды[1].

Ұлт ойындары  әр халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне  байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Кәсіби мал шаруашылығына негізделгендіктен халықтың ұлт ойындарында осыған икемделген.

Ұлттық ойындар балалар бақшаларында, мектеп оқушыларының үзілістерінде, сабақтан бос кездерінде айтылып, ойналады. Жазғы, қысқы демалыстарды пайдалануы мүмкін. Бұның өзі балалардың алған білімін толықтырып, жедел ойлай білуін, іште жинақы болуын сезімталдығын шыңдады. Ойын кезінде қаншама сұрақтар қойылып, соншама жауаптар беріледі, жұмбақтар шешіліп, жаңылтпаштар айтылады, ән, күй, би орындалады. Сөйтіп ойынның өзі мәдениетпен, өнермен ұштасады.

Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Мектепте ұлттық ойындар қозғалыс ойындары пайдалынылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.

Қазақ халықының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған.  Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын- сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып ізінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі мектептен және мектептен тыс оқу- тәрбие жұмысына, әсіресе оқушылардың туристік іс-әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми – педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.

Мектептен және мектептен тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің арқылы педагогикалық шарттардың бірі- өркениеттің  бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік – педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен  бас тарту деген сөз емес, қайта сол кезеңнің жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіншілігін пайдалану[2].

Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады. Ал оқушылардың табиғи жағдайда өткізілетін туристік іс-әрекетінде ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтығын іліктіре түседі.

И. Павловтың рефлекстік теориясына сүйенер болсақ барлық оқыту, тәрбие үрдісі байланыс жүйесінің құрылымына негізделеді, ал оның қажетті шарты “Орталық ми қабырының әрекетіне” байланысты болып келеді. Олай болса, ойын қолданылған сабақ тәрбие жұмысы оқушыға өзінің етене жақындарымен түсініктіктілігімен ерекшеленеді.

Ойын әрекеті- өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі пайда болады. Соның нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігі мен білімді игеруге деген саналық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.

Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған Сәбит Мұқанов өзінің “ Өмір мектебі” атты мемуарлық еңбегінде  ертеректе “Орда” атты асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді[3].

Аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздарының бірі- “Абайдың алты алашы” атты ойыны. Дер кезінде жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі көп. Солардың арасында !Сары құлан”, Сары ала қаз”, “Ақ аю”, “Ағызбақ”, “Жылмаң”, “Топай” ойындары.

Баланың дамуына ұлттық ойынның өз ықпалы бар. Бала ойын арқылы өз сана-сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Балалар ойын арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар мен қбылыстардың ақиқатсырын ұғынып, еңбек дағдысына үйреніп отырады. Іріктеліп алынған ойындар қазіргі ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Басты шарты ретінде ойындарда ой мен еңбектің бірлігі ескерілген. Сонымен, ойындар балаларды ептілікке, шеберлікке, шираққылыққа, табандылыққа басқа да жақсы қасиеттерге тәрбиелейді [4].

Ойын әрекеті балалардың санаткерлік және тілдерін дамытудағы көп әсер ететіндігі жалпыға мәлім. Ойын баланың білімді игеруі үшін қажетті ерікті зейіні мен жадын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойындық әдістер осы оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, бастауыш сыныптарда дәстүрлі түрде қолданылады. Ойындардың қай-қайсысы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздықты, шеберлікті тағы басқа толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойын кеіндн баланың жеке басындағы қасиеттері дамиды, ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді.

Ғасырлар бойы дамып қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп ұлтттық тәрбиеге жан-жақты көңіл бөле бастағанымыз – болашақтың сәулетіне нұрын шашатын күн шуағы іспетті. Еңбекті ұрпағына үйретіп, адамдыққа баураған халқымыздың дәстүрлері, ұлттық ойындары, салт-санасы, бай да баянды мұра.

Қорыта келгенде, оқушыны инабатты парасатты болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың жстарды әдептілікке тәрбиелеудегі сол қазынасын бүгінгі күн талабымен ұштастыра отырып, ХХІ ғасырдағы қоғам талабына сәйкес үйлесімді оқытып, дамытуымыз қажет].

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.      Сағындықов “қазақтың ұлттық ойындары”

2.      Ж. Б. Қоянбаев. Р.М. Қоянбаев Педагогика . 2004

3.       Омарова Р.С., Кенеш Ә. С., Дүйсенова Ұ.А. 12 жылдық білім берудің бастауыш буындағы оқу – тәрбие үрдісі.

4.      «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата  «Жалын» 1987 г.