Білім беруді ақпараттандырудағы белсенді оқыту

 

Төреханова Г.И.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Бұл мақалада білім беруді ақпараттандырудағы белсенді оқыту әдістері, оларды педагогикалық практикада пайдалану мәселелері қарастырылған.

 

Білім беруді ақпараттандыру, оқу процесін жетілдіруде белсенді оқыту әдістерін қолдану соңғы кезде өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюда. Оқытудың белсенді әдістері, оқушылар мен студенттерге білім берумен ғана шектелмей, олардың бойында танымдық қызығушылық пен шығармашылық қабілеттің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді және әрдайым психологиялық - педагогикалық талдауды талап етіп отырады.

«Белсенділік» термині ғылымның әрқилы саласында өздігімен дербес анықтама тұрғысында да, басқа терминдерге қосалқы ұғым тұрғысында да кең көлемде пайдаланылады. Бұл ұғым француздың activite (әрекет күші) – әрекеттілік, әрекетті мінез-құлық; белсенді – әрекетшіл, әрекеттегі, әрекетті деген сөзінен шыққан. Яғни, белсенділік – жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және  еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы. Демек, белсенді, активті әдіс - бұл білім алушылар мен оқытушы сабақ барысында өзара әрекетте болатын және бiлiм алушылар тек пассивті тыңдаушылар емес, сабақтың белсендi қатысушылары болып табылатын өзара әрекеттесу формасы, тәсілдер жиынтығы. Мұнда, оқытушы мен білім алушылардың құқықтары бірдей.

Белсенді оқыту дегеніміз -

Білім беруді ақпараттандыру жағдайы көбіне көп АКТ-ға тәуелді болғандықтан, ондағы оқыту әдістерін де компьютерлік технологиялардан бөліп алып қарай алмаймыз. Студенттерді белсендіріп, дербестік деңгейін дамыту үшін оқытудың белсенді әдістерін, ақпараттандыру көздерін ЭЕМ-ды, слайд лекция, мультимедиялық презентация, электрондық оқулықтарды қолданған абзал. Ондай белсенді оқыту әдістеріне жататындар:

-                   іскер ойын;

-                   блиц ойын;

-                   дәріс жағдаят;

-                   рөлді ойнау;

-                   миға шабуыл;

-                   дөңгелек стол;

-                   прессконференция;

-                   интервью дәріс;

-                   пікір сайыс;

-                   визуальды дәріс;

-                   дәріс провакация т.б. [1]

Белсенді оқыту әдісінің дәстүрлі оқыту технологиясынан келесідей айырмашылығы бар:

- студенттердің ойлау қабілетін белсендіреді және ол белсенділік ұзақ уақыт сақталып оқу жағдайында өз бетімен шығармашылықпен, мотивациялық дәлелденген шешімді тез қабылдауына мүмкіндік береді;

- серіктестік қатынасты дамытады, студенттердің ұжымда бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай туғызады;

- оқыту нәтижелілігі берілетін ақпарат мөлшерінің көбеюіне байланысты емес, оны өңдеу тереңдігінің және жылдамдығының өсуіне сәйкес артады;

- студент оқу барысында аса көп күш жұмсамай жақсы нәтижеге жетеді [2].

Студенттің белсенділігі, оның проблеманы көре білуі, білімнің, тапсырмалардың жолдары мен тәсілдерін ұйымдастыра білуі, оның қызықты да ерекше тапсырмалардың шешімдеріне талпынысы, оларды орындаудағы мерзім мен сапаны анықтай білуі болып табылады [3].

Оқыту үрдiсiн ұйымдастыpyдa белсендi оқытудың мынадай қағидаларын жүзеге асыру керек.

Жекелендiру - жекелендiру ретінде бiлiм алушылардың жеке ерекшелiктерiн ескеретін және бәрін жалпылама бағаламай, әркімнің өз қабiлеттерiн барынша ашып көрсетуге мүмкiндiк беретін мамандарды көп деңгейде дайындау жүйесiн құрумен түсiнiледi. Оқытуды жекелендiру:

- мазмұны бойынша, онда бiлiм алушы алатын бiлiмiнiң бағытын түзетуге мүмкiндiгi болады;

- оқу материалынын көлемі бойынша, бұл бiлiм алушыларға пәнді танымдық, ғылыми немесе қолданбалы мақсаттарды тереңiрек игеруге мүмкiндiк бередi;

- меңгеру    уақыты       бойынша, тыңдаушылардың темпераментi мен қабілеттеріне байланысты оқу материалының белгiлi бiр көлемiн меңтеруге бөлiнген уақыт аралығында өзгерiстер болады.

Икемділік - дайындық вариативтiлiгiнiң үйлесiмдiлiгі. Дайындық варианттары еңбек нарығында болып жатқан жаңалықтарды ескере отырып оқыту барысында өзгеруi тиiс. Келiсiм-шарт жасау кезiнде жұмыс берушінің бітірушіге қойылатын талаптары анықталып, теориялық оқыту формаларына, практика мазмұны мен формаларына түзетулер енгiзiледi.

Элективтілік - тыңдаушыларға өз бетiнше бiлiм алу траекториясын таңдауға барынша мүмкiндiк беру.

Контекстілік тәсіл - оқу материалының мазмұнын оны баяндау логикасына бағындыру.

Ынтымақтастықты дамыту – оқытушылардың арасындағы сенім,
жауапкершiлiк қағидасына көшу.

Педагогикалық практикада белсендi оқыту әдістерін пайдалану, оқу орындарында оқу іс-әрекетін белсенділендіру проблемасын шешу, бұл қазіргі таңдағы барлық педагогикалық теориялар мен технологиялардың негiзiнде жатыр. Олардың көпшiлiгi бұрыннан қалыптасқан проблемаларды: ойлауды,
танымдық белсендiлiктi, танымдық қызығушылықты дамыту қажеттілігін шешуге бағытталған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Тантыбаева Б. С. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі. http://www.group-global.org/

2.     С.А.Мухина, А.А.Соловьева. Нетрадиционные педагогические технологии в обучении Ростов –на-Дону 2004. 348c.

3.     Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. –М. Высшая школа. 1995. -336с.

 

 

Автор туралы мәлімет

 М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің  «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы,  магистр Төреханова Гулжанар Ильясқызы

 

 Мекен - жайы                        Тараз қаласы,  11 мкр, 37 үй , 61 пәтер

Үй телефоны              8-726-2-31-54-34,  

Жұмыс телефоны      8-726-2-45-57-05

Ұялы телефоны         8-701-489-41-07

Е-mail                      tyrekhanova@mail.ru