Педагогика. Современные методы педагогики
Ағаділова Айжан
Ертайқызы
Директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ортаазиялық техника-экономикалық колледжі Алматы қаласы, Қазақстан
Оқыту
мен оқу үрдісіндегі білім беру
реформаларының маңыздылығы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әр түрлі технологиялары қаралып, мұғалімдердің
іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Бәсекеге қабілетті маман дайындау
білім беру жүйесінің
негізгі мақсаты екені баршамызға аян.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында
сапалы біліммен қамтамасыз етіп,білім
көрсеткішінің
халықаралық
рейтнгімен жақсаруымен
білім беру жүйесін арттыру үшін
педагог кадрлардың
мәртебесін арттыру,кәсіби білімдерін дамытуды қолға алу,олардың
мансапқорлық өсуіне,мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселесіне аса мән берілген. Олай
болса,сапалы білім беру мұғалімдердің деңгейіне
байланысты.Мұғалімдер білім сапасын арттыру барысында мемлекеттік
стандартта берілген нәтижеге жетуде шеберлігі мен біліктілігі
нәтижесінде мәселенің
шешімін таба алатын
ақпараттық-коммуникативтік жоғары
тұлғаның-дамытушылық функцияны атқарады. Еліміз тәуелсіздігін алып,өзін
бүкіл әлемге мойындата бастаған кезеңде біздің
қоғам жан-жақты жетілген
тұлғаны қажет
етеді. Сондықтан да білім берудегі ұлттық жүйе
өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр.
Бүгінгі таңдағы
біздің мақсатымыз-ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Мектепте білім беру еліміздің интеллектуалдық әлеуетінің
негізі болып табылады.
Сондықтан оның сапасын
арттыру бүкіл қоғамның бірінші кезектегі міндеті болып
табылады.Бүгінгі таңда Қазақстан әлем
таныған беделді елге айналды. Ел экономикасы қарқынды даму
үстінде.Өмір сапасы еселеп
жақсарды.Өзінің ғасырларға бергісіз өрлеуі барысында Республикамыз жаңа бағытын айқындауда. Елбасы
«білім-ғылым-инновация» үштігі
билеген әлемге қарай қарқынды бет алу міндеттерін белгілей келіп:
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруда
табысқа жетуінің түйінді
факторы,ұлттық білім
жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып
табылады»,-
деп атап
көрсетті.
Н.Ә.Назарбаев «Білім беру
жүйесі жалпыұлттық
күйінде қалуға тиіс»,-деп мәлімдей отырып,мектеп жас
ұрпақты жаңа индустриялық-инновациялық экономика
жағдайындағы өмірге
сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы қажеттігін
міндеттеп берді. Білім беру деңгейі- экономикалық және
ғылыми-техни Калық прогрестің бастау көзі,мемлекет пен
қоғамның табысты
дамуының кепілі.Білім беру саласында кенжелеп қалу
елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына
және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Еліміздің білім беру
саясатының мақсаттары мен міндеттерін шынайы
анықталды.Еліміздің білім беру әлеуетін дамытудың
стратегиялық міндеттері,мемлекет пен қоғамның
келісімделген әрекеттерін жүзеге асыру қажеттілігі
анықталды.
Білім берудің
сапасы-қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі
мен нәтижелігін,оның жеке адамның адамзаттық,
тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамытудағы
қоғам қажеттілігі мен үмітіне сәйкестігін
анықтайтын әлеуметтік категория. Түрлі елдердегі білім беру
сапасы айтарлықтай
дәрежеде әр
нұсқалы. Сондықтан
білім берудің үздік
жүйелерін –мәдени және әлеуметтік мәселелерге
қарамастан не біріктіретінін, сондай-ақ оларда
оқушылардың нәтижелерін үнемі жақсарту үшін
қандай механизмдер
қолданылатынын түсініп алу
аса маңызды. Халықаралық салыстырмалы бағалау
және халықаралық мониторинг жүргізу
арқасында түрлі ұлттық білім беру
жүйелерінің
айырмашылығы мен нәтижелері анағұрлым
айқындала түседі. Нақ осы
салыстырмалы халықаралық зерттеулер оқушылардың
білім жетістігінің
нәтижелері бойынша мектепте білім беру жүйесінің тиімділігін
көрсетуге,сондай-ақ білім
берудің мықты және әлсіз жақтары
туралы,реформа жүргізу нәтижелері және білім беру
күйінің нәтижелері
,әр елдің білім беру қызметін жақсартуға
әсер ететін факторлар мен жағдайлар туралы қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.
. «Дүние де өзі, мал да
өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген
Абай даналығының заманы енді туғандай. Бүгінгі
мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім беру және олардың
жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Білім беру саласында қол
жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің оқушылар
үшін білімнің
де,дағдылардың да тең
дәрежеде маңызды екендігіне саяды.
Жиырма бірінші ғасырдың талабы-оқушылардың алған білімдерін өмірде
қолдана білу. Қазіргі таңда оқушылардың білім
үрдісі жан-жақты зерттелуде.
Қазіргі кезеңде
елдердің бір-бірімен бәсекелестік қуаты табиғи
ресурстармен емес, адам капиталымен ерекшеленіп отыр.Біздің еліміз де
реформалау үрдісіне бар белсенділігімен ат салысуда.
Білім,ғылым жүйесіндегі реформа әр кезде
әр түрлі деңгейде жүргенмен, тұтастай алғанда, бүкіл білім жүйесінің құрылымын
өзгертті.Бұл мемлекеттің қалыптасуына,зиялы
қауымның психологиясының өзгеруіне және ғылымның дамуына үлкен
үлес қосуда. Қазіргі ойлау жүйесі дамуының алғышарты болып
табылады.
Қазіргі таңда
халықаралық білім беруді зерттеуге арналған
сұраныстың
көбеюі,ұлт
пен мемлекеттің даму үрдісі жаһандану және
интеграцияланған
кезіндегі білім беру
екендігінің айқын көрінісі болып
табылады.Оқушының
өздігінен
білім алуына жетелеу мұғалім қызметіне жаңаша сипат
әкеледі.
Қазақстандағы
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда
оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз ету ,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің
жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,
мұғалімдердің мәртебесін арттыру, олардың қызметі мансаптық
өсуі, кәсіби
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ мұ-
ғалімдердің
еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселелеріне үлкен мән берілген. Бүгінгі күні
еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету
міндеті тұр.
Қазіргі таңда негізгі
өзекті мәселелердің бірі- адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы
нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну
.Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы
-ғылымды әр қырынан меңгеру .
ХХI ғасыр - бәсеке
ғасыры. Еліміз өзін бүкіл әлемге мойындата
бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды,
қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді.
Ұстаз парызы- балалардың бойындағы ерекше
қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның дамуына бағыт-бағдар беру, оны
сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх
кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан
әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен.
ХХІ ғасырдың жан-жақты
зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру
мәселесі мемлекетіміздің
басты назарында болып отыр. Дарынды
және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де
өзекті мәселе болып табылған.
Дарындылық-адам бойындағы
ерекше қасиет деп есептеледі.1975 жылы дүниежүзілік
Кеңес құрылды.Көптеген елдерде дарынды балаларды
әлеуметтік,психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар
жасақталды.Өркенииетті қоғамда дарынды балаларды
балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында
басталып,оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне
көшкені мәлім.Ол Францияда,Германияда,Америкада,Жапонияда т.б.
елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары
деңгейде жүргізілуде.
Дарынды оқушылардың
әрқайсысы ерекше қасиетке ие.Дарынды және талантты
оқушылар әрқашанда мінез-құлық бойынша
бірден табу мүмкін емес,кейде олардың айрықша
қабілеттері айқын болмайды.Кейбір оқушылыардың дарындылығы белгілі бір себептермен
көрінбеуі де мүмкін.
Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке
ие:олардың кейбірі ғылым мен техника саласындағы ерекше
қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері
өнерде немесе поэзияда,
қоғамдық көшбасшылықта
көрінеді.Қазіргі уақытта дарынды және талантты
оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды.
Бүгінгі таңда әлем
елдері білім беру жүйесіне айтулы
өзгерістерді енгізумен бірқатар маңызды реформалар жүргізуде . Сол реформалардың
мәні - білімнің
сапалылығы, бәсекеге қарсы тұра алуы, адам
өміріне білімнің аса қажетті болуымен қатар, оның
адам өміріндегі басты орын алуы болып отыр. Себебі - өміріңе
қажетті білім алмай, заман талабына сай ілесе алмайсың.
Сондықтан көшбасшы елдердің білім бәсекесіндегі
додасында лайықты орын алуы үшін, білім беру жүйесінде
түбегейлі өзгерістер жасалынып,
бірқатар маңызды реформалар оқыту мен оқу үрдісіне енгізіліп, оң
нәтижесін көрсетуде.