. Педагогика.
Современные методы педагогики
Салимбаева Мейраш Ертайқызы
Ю.А. Гагарин
атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі, Жамбыл облысы,
Қазақстан
Заманауи
ақпараттық-инновациялық
технологияларды тиімді қолдану
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру
жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа
жүйесі құрылуда. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық,
рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты
өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке
басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллект
байыту» делінген. Бұл еліміздің болашағы білім беру
жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын
жүзеге асыру тәрізді мәселелерді және
ұстаздарға өзінің білім, білік сапасын өсіру мен
дамыту міндеттерін қойып отыр. Осы мемлекеттік талаптарды, міндеттерді жүзеге
асыратын кім? Ол- жаңа заман мұғалімі. Олай болса, жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – биік
тұлға.
Оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру қызметтері арқылы
шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді.
Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға
қалыптастырады. Шығармашылық деген шыңға
түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың
соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен, ізденімпаз, өзіне
талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік,
даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар
тауының биік болу мүмкіндігі мол.
Білімнің сапасы, ең
алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан
кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық
әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында
педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл –жаңа
кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін
бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Демек,
бүгінгі заман мұғалімі қазіргі
қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін,
жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген,
оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын
жаңашыл тұлға болуы керек. Бүгінгі таңда білім
беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше,
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай
қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың
тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде. Білім беру
жүйесіндегі шешуші жолдардың бірі- оқытуды жаңаша
ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.
Қазіргі заман талабына сай білім
берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын педагогикалық технологиялар қолданылып келеді. Түрлі
зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар оқыту мен оқу ұрдісіне енгізіліп, оң нәтижелер көрсетуде.
Елімізде білім беру саласында жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып
отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге
жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және
білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі
болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында
ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында тӛмендегідей
міндеттерді шешу керектігін атап кӛрсетті: Компьютерлік техниканы,
интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын кӛрсету. Сонымен қатар тәуелсіз
еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, ӛз ана
тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сӛйлеп, ӛз
елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде
еркін сӛйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Компьютерлік
телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен
қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық
құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман
мұғалімі тек ӛз пәнінің терең білгірі болу
емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты,
саяси- экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық
білімді және ақпараттық- коммуникациялық технологияны
жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы
маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа
телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны
сӛзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және
мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ
ӛту барсында ӛте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл
құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге
білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік
ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Білім беру жүйесіндегі
өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның
жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды
көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру
жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби
құзыретті ұстаздар болмақ. Сондықтан педагогика
ғылымында кәсіби құзыреттілік коммуникативтік,
ақпараттық, регулятивтік, операционалдық және
интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде
қарастырылып келеді. Ал, жаңа қоғам
мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана
емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім
құндылығын түсінетін, педагогикалық
технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде
кәсіби құзыретті болуы тиіс.
Атап айтқанда ұстаздың
кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі оқу
үдерісі барысында кәсіби шеберліктерін мақсатты жетілдірумен
қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке тікелей
қатысуымен астарласуы тиіс. Ол мұғалімнің жалпы
мәдени, әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық,
пәндік блоктарды өмір талабына сәйкес арттырып отыруын
қамтамасыз етеді. Бірқатар зерттеушілер
мұғалімнің кәсіби-педагогикалық
құзыреттілігін зерттей отырып, оның құрамына
әдістемелік құзыреттілікті де жатқызады. Олар
әдістемелік құзыреттіліктің барлық пән
мұғалімдері үшін ортақ қасиеттері болып табылатын
компоненттерін нақтылайды.
Ақпаратты-логикалық құзыреттілік ұғымына
арналған басты бағыттар дидактикалық нәтижеге
жеткізетін мұғалімнің тұлғалық кәсіби
шеберлігі, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық,
жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, өз
пәнін оқытуға теориялық, практикалық және
әдістемелік дайындықтарының үйлесімділігі деп
анықтауға болады.
ХХІ ғасыр- жаөандану
заманы, біз өмір сүріп отырған әлем – жаңару
үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай болса,
педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің
қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім
беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеріп, қазіргі
мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей
білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және
өмір бойы оқып үйренуі тиіс.
Білім беру жүйесінің басты
мақсаты – білім алушының оқу материалдарын толық
меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық
жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл
мақсаттарға жету жолында педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
үйлестіру арқылы оқытуды пайдалануға болады, сонда
педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген
техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.
Сондай-ақ, оқушы өзіне қажетті оқу материалдарын
ақпараттық-коммуникациялық технологиялары арқылы іздеп
таба отырып, толықтыра алады.
Қазіргі ииновациялық
технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту
материалдарының
педагогикалық
мазмұндылығы мен
әркімнің өзінің үйренуіне жағдай
жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы
көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін
тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына
тәуелді болады.
Педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру
арқылы оқыту пікірталастыру, топтық жұмыс,
рефлексияны, жаттығуларымен және әрекеттер жоспарымен
жекеленген жұмысты біріктіре қамтиды. Бұл формалардың барлығы
пән мұғалімі ретінде еңбегіңіздің
тиімділігін арттыруға көмектесуді көздейді.
Оқушыларға өзін
өзі шыңдауда көмектесу үшін, оқушыларға
ылғи да өзгермелі қоғам мен технологияларға
бейімделуге көмектесетін, қажетті, төменде келтірілген
білім мен біліктіліктерді ескеруі қажет. Яғни, педагогикалық
және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
үйлестіру арқылы оқытудың негізгі біліктіліктері
төмендегілер болып табылады:
-
Жауапкершілік және бейімділік — өз өмірінде, жұмыс орнында және
қоғамдық өмірде жекелей жауапкершілік пен икемділік
көрсету, өзі мен басқа үшін жоғары
мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылу, пікірлердің
көпмәнділігі мен көптүрлілігіне төзімділікпен
қарау.
-
Қатынас дағдылары – ауызша,
жазбаша және мултимедиалық хабарларды барлық алуан-алуан
түрде және контексте қабылдау, түсіну, жасау және
тарату біліктілігі.
-
Шығармашылық және танымдық
қызығушылық—
жаңа идеяларды дамыту, қолдану, тарату, жаңа идеялар
мен мүмкіндіктерді қабылдауға ашықтық.
Сынай және жүйелі ойлау —баламаларды(альтернативтерді)
саналы және дәлелді түсіну, күрделі жағдайда
таңдай білу біліктілігі, жүйелер арасындағы өзара
байланысты түсіну. Сынай ойлау біліктілігі — ХХІ
ғасырдағы оқытудың кілттік біліктілігі. ХХІ
ғасырдың мұғалімі ретінде, қандай үдерістер
оқушыларға жақсы, ойшыл болып өсуіне
көмектесетінін жақсы түсінуге тиіссіз. Білім беру
саласындағы зерттеулерде күрделілік деңгейі
әртүрлі ойлау түрлері бар екендігі бұрын
мойындалған. Ойлаудың бұл түрлерін білу
оқытудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сіз
ойлаудың әртүрлі деңгейлерін танып біле алсаңыз
оқушылардың оқып білгендерін тереңірек талдауына
көмектесе аласыз.
Ақпараттық
және медиалық сауаттылық біліктілігі —аудиовизуалды
ақпараттың алуан түрлерін қабылдау, талдау, басқару, біріктіру, бағалау және жасау.
• Өзара
тұлғалық қарым-қатынастар мен бірлескен
іс-әрекет біліктілігі — командада басқару және
жұмыс жасау, әртүрлі рөлді қабылдау мен
өзіне жауапкершілік алу, басқа адамдармен өнімді жұмыс
жасау, ұқсас емес пікірлерді сыйлау біліктілігі.
Мәселені
идентификациялау, тұжырымдау және шешу —
мәселелерді саралау, талдау және шешу біліктілігі.
Өзіндік бақылау —
өзінің білім саласындағы қажеттіліктерін түсінуі,
қажетті ресурстарды таба алу біліктілігі, оқытуды бір білім
саласынан басқасына көшіру.
Әлеуметтік жауапкершілік —
жергілікті қоғамдастық мүдделері үшін жауапты
әрекеттер, жеке, қоғамдық өмірде және
өндірістегі этикалық тәртіп.
Оқыту мен оқытуда нәтижеге бағытталған
көрсеткіштерге жету бойынша жұмысты ұйымдастырудың
үш тәсілі бар:
-
Бәсекелестік: оқушылар біреуі немесе бірнешеуі қол
жеткізетін мақсатқа жету үдерісінде кім күшті немесе
кім тез екендігін көру үшін бір-бірімен жарысады;
-
Дербестік: оқушылар мақсатқа
жету үшін жеке өзі жұмыс жасайды;
-
Ынтымақтастық: оқушылар жалпы
мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасайды, ортақ
пікірге келір, ортақ шешім қабылдайды.
«Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жас
ұрпаққа білім беру жолында
педагогикалық-инновациялық технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқу үдерісінде үйлестіру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор. Олай болса, педагогикалық технология мен
ақпараттық-коммуникациялық технологияны
үйлестірудің ерекшелігі мыналар болып табылмақ:
–
жаңа ақпарат беру;
–
заманауи технологияны меңгерту;
–
іздендіру;
–
өз бетімен жұмыстарды орындату;
–
ой-қиялын, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;
–
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;
–
қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;
–
топпен жұмыс жасауды үйрету және т.б.
Қысқаша айтқанда,
ғылым мен техниканың қазіргі даму барысы білім берудің ғылыми базасын
және олардың өзара байланысын күшейте түсуді
қажет етеді. Сонымен бірге, ғылымның, техника мен
мәдениеттің даму барысында пелагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды үйлестіру
білім беру жүйесінің алға басуына ықпал етпек.