Педагогика. Современные методы педагогики
Байқожаева
Ұлтуған
Мұхамырқызы
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
№57 жалпы білім
беретін мектебі Алматы қаласы , Қазақстан
Оқушылардың сыни
түрғыдан ойлау
дағдыларын қалыптастыру
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы
Абай данамыздың осы бір
наұыл сөзі заманымыздың барулық уақытында өз мәнін жойған емес.
Озық ойлы білімдар адамдар з аманның,
қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай
қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер,
дамулар оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке
адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан жақты терең білім беру
мақсатында көптеген
озық инновациялық
технологиялар оқыту мен оқу
үрдісіне енгізідуде.
Бүгінгі таңда оқушы қабілетін
қанағаттандыра алатындай білім беру үшін оқыту
үрдісінің сан алуан түрлерін пайдаланып
отырғандығымыз белгілі. Осы жаңа әдістерді
қолдану кезінде
педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып,
оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай
жасау қажеттілігі көрініп отыр. Қазақ тілі мен
әдебиеті пәнін оқыту кезеңінде мен әрбір
оқушыға жаңа сабақтарды меңгертіп қана
қоймай, оқушыдан жеке тұлға қалыптастыру
қажеттілігін ескеру қажет. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру,
білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің
мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін
шығармашылық
жұмысты мұғалім
өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын.
Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен
пәнге деген қызығушылығын оята отырып, сыни тұрғыдан ойлау
арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін
қалыптастыру.
СТО дамыту технологиясы әлемнің түкпір
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен
еңбегі. Мақсаты:
барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір
айтуға, саналы шешім қабылдауға үйрету болып табылады.
СТО сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі
ойлау тек ересек адамдарға немесе
жоғары сынып оқушыларына
ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Сыни
тұрғыдан ойлаудың
кезеңдері:
▬ қызығушылықты
ояту;
▬мағынаны тану;
▬ ой толғаныс.
І. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру
кезеңіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін мен жаңа білімді
ұштастырудан тұрады. Кез
келген өтілетін тақырыптың атын, затын түсінуінен
бастаймын. Мысалы сөздің синонимін табу, қимылмен
көрсету. Бұл процесс бойынша , бұл туралы оқушы не
біледі, не айта алатындығынан бастаймын. Бұл кезеңде
«топтау», «түртіп алу», «ойлану», «жұртта талқылау», «болжау»
т.б әдістер бар.
ІІ. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту
процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен
танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді. Тапсырмалар орындайды.
Берілген жаттығуларды мәтінді оқып, тақырып
бойынша жұмыс жасауға
көмектесетін стратегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі. INSERT стратегиясы бойынша оқушы
білемін, білмеймін, білгеніме қарама-қайшы, мені
таңғалдырды белгілерін қоя отырып оқу.
ІІІ. Ой толғаныс -
сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде
үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай
жағдайда қалай қолднау керектігін үйретеді. Бес жолды
өлең, Венн диаграммасы, еркін жазу сияқты стратегиялар ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай қолданылады. СТО
үйрету үшін:
1. Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру.
2. Оқушылардың белсенді іс әрекетін қолдау.
3. Оқушының
пікірін күлкіге айналдырмау.
4. Оқушылардың
бір бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, анық
болуын талап ету;
Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау
ұстанымдарына негізделетін болса, әркім өз ойлары мен
пікірлерін және
бағалауларын басқалардан
тәуелсіз құратын болады. Сонымен қатар ойлау
өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни
тұрғыдан ойланғандық болып есептеледі.
Сыни тұрғыдан ойлау -
бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты
ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған
пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола
алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір
айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс -
әрекетімізге жаңа немесе
түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,
ұйымдастырылған
қоғамдық
әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан
ойлауға баулуды білдіреді. Қазіргі заманның
талабына сай білімді, жан-жақты, дарынды, талантты ұрпақ
тәрбиелеу біздің міндетіміз. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап
етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын,
алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға
тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Мен оқыту
тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын жан-жақты қарастырамын.. Оқушылар өз
пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде
білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін
дәлелдей алатын және оны іс жүзінде д жүзеге асыра
алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда
мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені
болмақ.
Оқушы бұрын тек
тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,ал мұғалім осы
әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан
ойлау технологиясы оқушының
еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға,
проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге
бағытталған бағдарлама. Сыни ойлауда - оқушылар
қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра
отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік
мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады.
Әрбір сабақ
қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не
біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы
ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы
әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”,
"Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау” т.б. деген
аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты
ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің
белсенділігін арттыру. Өйткені,үйрену –енжарлықтан гөрі
белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені белгілі.
Білім реформасы
Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдардың бірі екені белгілі. Жалпы
айтқанда, Елбасының Жолдауы Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
кіру стратегиясының өзегі болып табылады.
Қорытындылай келгенде , сыни тұрғыдан ойлау
дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау , іздену,
оның ақиқатын дәлелдеу ,яғни , білімді саналы
түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі –
оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды,
сонымен қатар:
1. Жеке тұлғаның жетілуіне , дамуына
бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында
ізгілікті қарым-қатынас орнайды.
3.Оқушының
өздігінен
жан-жақты білім алуына
жағдай жасалады.
4.
Алған білімге сын көзбен
қарай отырып, білімді сапалы түрде меңгереді..
5.
Оқушы ойын ашық айта алуға , пікір алмасуға үйренеді.
6.
Бірін –бірі сыйлауға тәрбиеленеді.
7.
Мәселенің ең негізгі түйінін табуға
дағдыланады.
8.
Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.