Педагогика. Современные методы  педагогики

Исатаева  Марзия Қуанышбаевна

«Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасында оқытушысы

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Қазақстан

 

Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста  дамытудың жолдарын талдау

 

Қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық қызметті реттеудің мәселелерімен негізінен мемлекеттік басқарудың үш органы айналысуда. Республикадағы инновациялық қызмет басқармасына үйлестіру және экономика саласындағы ғылымды көп қажет ететін шағын және орта бизнестің дамуы жөніндегі функция жүктелген.

Білім және ғылым министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі білім беру мекемелеріндегі инновациялық қызметті күшейту, сондай-ақ инновациялық қызметті ғылыми-техникалық сүйемелдеу болып табылады.

Энергетика және сауда мнистрлігінің функциясына инновациялық кәсіпкерлікке қолдау көрсету, өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту кіреді.

Сондықтан, жаһандану және гшщзхБСО-ға кіруге дайындық жағдайында республика экономикасының дамуы үшін отандық өнімнің бәсекелестігін арттыруда, елдің экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда инновациялық қызметтің басымдығын тануға бағытталған мемлекеттік саясатты қабылдау қажет.

Мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі қағидаттары маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қаржылық қамтамасыз ету, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және инновациялық сала үшін кадрларды дайындау болуы тиіс.

1. Дамудың инновациялық жолына республика экономикасының көшуі жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті маусымда қабылдаған, оның негізі “Инновациялық қызмет туралы” Заң болып табылады.

2. Осы заңды іске асыру мақсатында бірқатар заңға бағынысты, мәселен, мыналардың тәртібін және шартын реттейтін нормативтік актілерді қабылдау қажет:

инновациялық жобаларды конкурстық сұрыптау мен бюджеттік несиелеу;

инновациялық қызмет субъектілерін қаржыландыру, заттай гранттарды беру;

инновациялық жобалар мен мемлекетке қажетті инновациялардың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

технопарктер мен технологиялық бизнес-инкубаторларды қалыптастыру және ресурстық қамтамасыз ету;

инновацияларды және басқаларын құруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

3. Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін ғылыми-техникалық сала қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының базалық элементі болған жоқ.

Ғылыми-техникалық дамудың стратегиялық бағыттарын іске асыру мақсатында отандық ғылым мен техниканың дамуының басым бағыттарын түзету, олардың дамуын тоқтататын себептер мен факторларды табу, оларды шешу жөніндегі нақты тетіктерді айқындау қажет.

4. Экономикалық дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту үшін жағдайдың қағидатты ерекшеліктері бар. Мәселен, республикада, инновациялық қызмет негізінен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту негізінде жүзеге асырылады.

Тікелей инвестициялармен бірге елге жаңа технолгиялар, жаңа менеджмент келеді. Көптеген кәсіпорындар үшін шетелдік технологиялар мен лицензияларды сатып алу үлкен ынталылық болып табылады, өйткені бқд оларға әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, шетелдік технологиялардың бақылаусыз ағыны ұлттық ғылыми-өндірістік кешеннің дамуын тоқтатуға алып келуі мүмкін, ол шетелдік әзірлемелерден отандық өнеркәсіптің технологиялық тәуелділігінің туындауының нақты қаупі бар.

Республиканың технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Технологиялар трансфертінің орталығын құру қажет.

Орталықтың негізгі міндетті мыналар болуы тиіс:

1) технологияларды, өнім мен әріптестерді іздеу;

2) ғылыми-техникалық әзірлемелерді жылжыту;

3) ақпараттық-талдау қызмет көрсетулері:

- жоғары технологиялар саласындағы ақпараттық және ақпараттық-талдау жұмыстарын орындау;

- жаңа технологиялардың дерекқорын жүргізу;

- ғылым мен техниканың салалары бойынша жобалардың сараптамасы;

4) мыналардың:

- қазастандық және отандық өндірушілер мен тұтынушылардың нарығын;

- жоғары технологиялық өнімді;

- ғылыми-технологиялық даму бағыттарының ағымдағы жай-күйі мен перспективасын және оларды әлемдік деңгеймен салыстырудың маркетингтік зерттеулері.

5. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шектелген мүмкіндіктері жағдайында (республикалық бюджеттен ғылымға жыл сайынғы шығыстар ІЖӨ-нің 0,2% аспайды) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражаттан сериялық өндіріске дейін ғылыми зерттеулердің (әзірлемелердің) нәтижелерін тікелей үлесіне жеткізуге бөлу мүмкін емес. Осымен байланысты республикалық бюджетте ғылыми-технологиялық дамуға жыл сайынғы қажажатты ұлғайтуды және оны ІЖӨ-нің 1% дейін жеткізуді республикалық бюджетте көздеу қажет.

Бұдан өзге, неғұрлым болашақты әзірлемелерді рынокқа аяқтау және жылжыту мақсатымен мемлекеттік және мемлекеттік емес аймақтық инновациялық қорлар мен орталықтардың желісін қалыптастыру, осы мақсат үшін бюджеттен тыс қаражатты кнң тарту қажет.

6. Республикада инновациялық сала үшін кадрларды дайындаудың жүйесі жолға қойылмаған.

Бұл құбылыстың негізгі себептері - қолданбалы ғылыммен және өндіріспен жоғары білім жүйесі байланысының біраз нашарлауы, білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес келетін инноватика бойынша отандық оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығы.

Осымен байланысты, қазақстандық экономиканың технологиялық қалып қоюын жою және құрылымдық қайта құру үшін бірінші кезектегі мәні бар ғылым салалары үшін ғылыми кадрларды мемлекеттік қолдау мен басым дайындық қажет.

Кадрлық әлеуметті, материалдық-техникалық базаны, инновациялық даму мен құрудың қажеттіліктерін, оның негізінде, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми-білім беру кешендерін ескере отырып ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен бірге ел жоғары оқу орындарының интеграциясы үшін нақты жағдай жасау қажет.

Инновациялық сала үшін мамандар дайындау мақсатында инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі менеджерлерді, инновациялық кәсіпорындар үшін инженерлік-техникалық мамандарды, сондай-ақ республиканың жетекші университеттерінің де, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында да мамандарды қайта дайындауға бағытталған кешенді білім беру бағдарламасын әзірлеу қажет.

Бұл шолуда инновациялық дамуға мемлекеттің қолдау көрсетуінің шет елдерде қолданылатын  негізгі қағидаттары, ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті  қаржымен қамтамасыз ету,  ғылым мен инновация саласындағы  салық саясаты,  инновация саласы үшін  кадрлар даярлау, ТМД елдеріндегі (Ресей Федерациясы мен  Қырғызстан Республикасының мысалында) инновациялық қызметтің  жай-күйі қаралды, сондай-ақ  Қазақстан үшін жинақталған қорытындылар жасалды.

         Инновациялық қызметке мемлекеттің қолдау көрсетуінің  негізгі қағидаттары.

         Экономикасы дамыған елдердің  тәжірибесі ғаламдық  экономикалық  бәсекелестік  жағдайында  экономиканың  бірқалыпты өсуіне жаңа технологиялар мен  талдамаларды  өндіріске енгізудің  жоғары деңгейі негіз болып отырғанын көрсетеді. Әртүрлі бағалар бойынша  осы елдерде  өндіріс өсімінің  70 проценттен 100 процентіне дейін  бүгін таңда  инновацияларды пайдалану есебінен  қамтамасыз етілуде.

         Экономикасы дамыған  елдерде мемлекет  қажетті экономикалық, қаржылық, ұйымдық және нормативтік-құқықтық  жағдайлар  жасау арқылы  инновациялық қызметтің дамуын көтермелеп отыр.

         Экономикалық жағдайларға:

         инновациялар нарқында  ұсыныстардың өсуіне  жәрдемдесетін  салық саясатын және баға белгілеу саясатын  жүргізу;

         инновация саласында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

         инновацияларды игеріп және таратып жатқан  отандық кәсіпорындарға қаржымен қолдау көрсетудің, салық және кеден жеңілдіктерінің  әр түрлерін беру;

         техниканы жаңғыртуға жәрдемдесу;

         ғылымды қажет ететін өнім лизингін дамыту;

         кәсіпкерлікті жандандыру;

         теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу;

         инновация саласында  сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;

         мемлекеттік инновациялық бағдарламаларға енгізілген  инновациялық  жобалар үшін  кеден жеңілдіктерін беруді қоса алғанда сыртқы экономикалық қолдау жатады.

Қаржылық жағдайларға:

         инновациялық қызметті қаржыландыруды  қамтамасыз ететін  бюджет саясатын жүргізу;

         мемлекет үшін ықтимал маңызы зор, бірақ  жеке инвесторлар үшін тартымсыз  инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін  тікелей мемлекеттік инвестициялар бөлу;

         инновация саласында  жайлы инвестициялық  ахуал жасау;

         инновациялық қызметке қатысатын  отандық және  шетелдік  инвесторларға дотациялар,  жеңілдік несиелер,  кепілдіктер беру жатады.

Ұйымдық жағдайларға:

         мемлекеттік, салалық және аймақтық  инновациялық  бағдарламаларды қалыптастыру және  іске асыру;

         инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

         инновациялық қызметті жүзеге асыратын  кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін  арттыруға жәрдемдесу;

         инновациялық қызметке ақпараттық қолдау көрсету (мемлекеттік  инновациялық саясаттың басымдықтары туралы ақпаратқа, орындалып жатқан және аяқталған  инновациялық жобалар мен бағдарламалар, инновациялық қызмет үшін негіз болуы мүмкін аяқталған ғылыми-техникалық зерттеулер туралы және т.б. материалдарға  емін-еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету);

         инновациялық салада интеграциялық процестерге, аймақтардың  өзара іс-қимыл кеңейтуге, осы салада халықаралық ынтымақтастықты  дамытуға жәрдемдесу;

         отандық инновациялық өнімнің  дүниежүзілік  нарықтарға ілгері басуын;

         халықаралық ұйымдарда  инновациялық қызметтің отандық  субъектілерінің  мүдделерін қорғау жатады.

         Нормативтік құқықтық жағдайларға:

         инновациялық қызмет субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының  құқықтық негіздерін орнату;

         инновациялық қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне, оның ішінде  санаткерлік меншік  құқықтарына кепілдік беру жатады.

         Инновациялық процестерді реттеу мақсатында  мемлекет  инновациялық қызметке  тікелей түрде де, жанама түрде де қолдау көрсетеді.

         Инновациялық қызметті тікелей мемлекеттік реттеу  ғылым мен  техниканы  дамытудың  басыңқы бағыттарын таңдау және «осал технологиялардыңң тізбесін анықтау, жобаларды  мемлекеттік бюджеттен  нысаналы түрде қаржыландыру және мемлекеттік емес құрылымдар  іске асыратын  жобалар мен  бағдарламаларды  қосымша қаржыландыру, инновациялық қызметтің инфрақұрылымын  қалыптастыру және басқалар негізінде жүзеге асырылады.

         Инновациялық қызметті көтермелеудің жанама шаралары фискальдық әдістерді пайдалануды (жеңілдікпен салық салу, жедел амортизация, жекелеген  нарықтарды, салаларды  реттеу), зияткерлік меншікті жасау, беру және қорғау саласындағы нормативтік  құқықтық реттеуді, сондай-ақ  ғылыми білімдерді  коммерциялауға қатысатын  құрылымдардың қызметі үшін  жайлы жағдайлар қалыптастыруды қамтиды.

         Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инновациялық қызметті  дамыту үшін  жайлы жағдайлар жасау  ең алдымен  мемлекеттік басқару органдарының  міндеті.  Нысаналы  мемлекеттік  инновациялық  саясатсыз  отандық экономиканы бірқалыпты дамытуды қамтамасыз ету  мүмкін емес.  Мемлекеттің рөлі  ең алдымен  ел экономикасының  барлық саласында  инновациялық  процестерді  жандандыру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілде  № 453-1 өзгерістер мен толықтырулар 13 қаңтар 2014 ж Заңы

2.      Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасының баяндамасы.

3.      Егеменді Қазақстан / 2006 – 8 тамыз. 3 бет.

4.      Ағыбаев А. «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес» / Заң газеті – 2012 – 15 шілде. 3 бет.

5.      Әкімшілік құқық бойынша дәрістер. С. Б. Болатбекұлы. Алматы – Дәнекер – 2014

6.      Мемлекеттік қызмет туралы Алматы – Жеті жарғы – 2013