Педагогика. Современные  методы  педагогики

Байқожаева Үміт  Мұхамырқызы

Музыка пәнінің мұғалімі

№181 жалпы  білім беретін мектебі Алматы  қаласы, Қазақстан

 

Музыка  пәнін оқытуда  жаңа  педагогикалық технологияларды  қолдану

 

          Музыка – эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлауқабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі. Ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнерді, оның ішінде музыканың атқарар ролі ерекше. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады. өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызыметтерінің бірі болып табылады. 
        Музыканың мынандай қызыметтері бар: эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру және дамыту), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеқызыметі өзіндік ұралы ретінде әрекет етуі және т.б.).
        Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталаады.
Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес. Музыка күші оның жан-жақтыәсер ететіндігіне (ерік-жігерге, ақыл-ойға, ойлауға, «логикалық сезім»)байланысты: Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан «өзінен-өзі» дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыр үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді. 
        Музыкалық материалды игеру үстінде оқушыарда гармония жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер қажет. Мұғалімге жаңа технологияның ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажет. Білім берудің мақсаты оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс, оқыту көрнекілігі болса, бүтінде жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген. 
      «Нені оқыту керек?» деген сұраққа мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік дамығанынан жаңа технологияны пайдалана біліуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігіен іздеу керек. 
Бұлар мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін тәрбиелеу, оқыту заңдылықтары ме ұстанымдарында ерекше көрінеді. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білу, оқу материалы мазмұнын  логикалық-дедактикалық тұрғыдан талдай білу керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Мұғалім өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білген жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана мұғалім шын ұстаз болғаны.  Топпен жұмыс істеу арқылы студенттерді еркін ойлауға, пікір таластыруға және пікір алмастыру арқылы сын тұрғысынан өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуге үйретуді мақсат етеді. Топпен жұмыс оқушыларды  ойлауға құлшындырады. Бұнда сабақ өткізетін бір топты екі немесе төрт топқа бөлу көзделеді. Әр топ сабақта өткізіліп отырған мәселеге байланцысты өз пікірін білдіреді, бұл олардың сабаққа деген белсенділігін, қызығуын арттырады, қарсы пікірді нақты дәлелдер арқылы жеткізуді үйретеді, тез ойлануға, жылдам жауап беруге баулиды, қысқасы мұндай сабақ баланы тұйықталудан құтқарады. 
      Оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздың міндеті. Ендеше бірігіп жұмыс жасау олардың қызығуын тудырады, қабілетін ұштайды, ал оғнан тәрбиелік бағыт беру оқушылардың  өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге және білім алуға бейімдейді. Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі, ал мазмұны қазіргі теория ғылымында жаңалықтарға сай болуы шарт. Ешкім де педагог болып тумайды, бірте-бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында

а) психологиялық-педогогикалық білім; ә)шеберлікпен шектесетін ептілік;

б) дентолоиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық мінез, ойлау қабілеті болмағы ләзім. Дентологиялық жүріс-тұрыстығы, қылықтығы, әрекеттегі парыздылық туралы ілім. Мақсатымыз өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау ) қалыптастырумен қатар ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам, сезім дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты ұйымдарда ұйымдастырылған көпшіліктің құрама оркестрін халықты бірн іске, мақсатқа топтстырылып достыққа ынтымақтастыққа ықыластандырады. Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппараттардың дамуы, музыкалық аспапты ұстау, оны шеберлікпен меңгеру, педогогикалық, психологиялық дайындық әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу қажет. 
   «Музыкалық
 білім  беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

       Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

     Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады.

     Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.
- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.
- Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.
- Жаймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.
- Музыкалық шығармаларды терең түсініп өз мәнерінде айту. 
     Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын ,кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткіз әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пән аралық байланысқа көңіл бөлген жөн.