Ж.М.Саурықова, Д.М.Наурузбаев, Ш.Ш.Еркебаева
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті,
Казахстан, Тараз
БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІН
ДАЯРЛАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Әлемде болып
жатқан экономикалық өзгерістер тез өзгеретін
бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу қажеттілігін
туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары талаптар қойды.
Қазақстан Республикасы, басқа да мемлекеттер секілді, заман
ағымына сай өзінің білім беру жүйесін дамыту жолында.
Білім берудегі халықаралық ынтымақтастықты
кеңейту, халықаралық білім беру кеңістігіне ену
жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы мәселеге байланысты білім беру жүйесін
жаңаша басқару мақсатында педагогикалық менеджмент
туындады және сәйкесінше басқарушылар даярлануы тиіс болды. Білім
менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру
мекемелерін басқарып, оның жұмысын нәтижелі
бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді
менеджерлердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Білім беру
жүйесіндегі ұлттық моделдің қалыптасуы мен
бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы –
ұлттық-мәдени негізде тұлға мен қоғам
талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен
тәрбие жүйесін құру. Бұл алдымен, мектепке дейінгі
ұйымдарда қызмет ететін тәрбиешілерден, жалпы білім беретін
мектептерде тәрбие мен оқу процесін ұйымдастыратын
мұғалімдерден, педагогикалық процесс пен педагогикалық
ұжымды басқаратын басқарушыдан, білім беру жүйесін
басқару мекемелерінде жұмыс атқаратын қызметкерлерден,
ең бастысы – осы аталған мамандарды дайындайтын жоғары
оқу орындарынан басталуы керек деп есептейміз. Ескі кеңестік білім
беру жүйесі біртекті, еш вариативсіз, оқыту мазмұны орталықтандырылған
жоспарланумен ерекшеленетін тұлғаны дамытуға емес,
білім-білік-дағдыны қалыптастыруға бағытталған
жүйе болса, ал бүгінгі таңда оқу-тәрбие
процесінің негізінде – тұлға, тұлғаның
қызығушылықтары, қажеттіліктері мен мүмкіндіктері
тұр. Қазіргі кезеңдегі
ұйымдастырушылық-басқарушылық – мектептің дамуына
кедергі келтіретін жаңа проблемелар ретінде саналады. Расында-да, даму
үстіндегі мектеп өзге типтегі басшыны – мектепті тек басқарып
қана қоймай, оны сапа тұрғысынан жаңа
деңгейге көтеруге қабілетті эффективті менеджерді қажет
етеді. Бұған Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы:
«Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке
ұшырайды. Біз келешектің ғылыми өндірісі үшін
жоғары технологиялы кадрлық қор қалыптастыруымыз
керек. Біз заманауи білім беру
жүйесі мен кең масштабты, жаңаша ойлайтын менеджерлерсіз
инновациялық экономиканы құра алмаймыз»,-деген сөзі
дәлел.
Бүгінгі күнге дейін білім беру мекемелерінің басшылары
басқарушылық білімді курстық қайта дайындау
ұйымдары арқылы тек квалификациясын жоғарылату
жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай кейбір
маман-ғалымдардың пікірінше, заманауи басшы өзінен-өзі
«туа біткен дарындылық» болып пайда бола қоймайды,
қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде
қалыптаса салмайды. Осы негізде базалық
басқарушылық-педагогикалық білімді студенттік кезеңнен
бастап алу қажеттілігі туындаған кез келді.
Сондықтан да, біздің ойымызша, білім беру менеджерлерін
басқарушылық-педагогикалық қызметке дайындаудың
тағы бір эффективті формасы бар – ол «Педагогика» бағытындағы
«Білім беру саласындағы менеджер» мамандығы бойынша жоғары
кәсіби білім беру. Себебі, білім берудегі болашақ менеджерлерді
дайындау педагогикалық білімдер негізінде жүзеге асуы керек,
басқару теориясы саласындағы маман тұлғаны оқыту,
тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтарын терең білуі тиіс.
Менеджменттің теориясы мен практикасын меңгеруге және
болашақ басшының жетекші қасиеті ретінде менеджерлерді
дайындау барысында өзін-өзі дамытуға ерекше көңіл
бөлінеді. Менеджерлерді дайындаудың білім беру
жүйесінің әр мемлекетте (мысалы, АҚШ, Жапония, Батыс
Еуропа, т.б.) әртүрлілігіне қарамастан, кез-келген
деңгейдегі басшы немесе менеджер берілген қызметке сәйкес
келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
-
білімін үнемі
жаңаландыруға ұмтылу;
-
экстремалды жағдайларда
шешімді тез, әрі дұрыс қабылдауға қабілетті
және белгілі дәрежеде тәуекелділікке дайын болу;
-
қажетті
коммуникативтілікті игеру, қоластындағылардың психологиясын
жақсы түсіне алу, басқаруды кооперативті стильді
ұстану;
-
қызметтегі міндеттері мен
мекеме дамуының стратегиялық мақсаты арасындағы
байланысты түсіну және қабылдаған шешімдердің
салдарын білу.
Қазiргi
мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және
социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық
жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты
екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы.
Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң
алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi
жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты
ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп менеджерінің тiкелей басқару
іс-әрекетiнде көрiнуі тиіс. Жетекші болып келетін басқарушы
жүйеге мектеп басшылығы мен мұғалiмдер жатады,
басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың
ұйымдары жатады. Ал мектептi басқарудағы негізгі міндет –
педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы
нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың
ата-аналарының іс-әрекетiн мақсатты ұйымдастыру.
Адамдар жеке iстей
алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанда жұмыла iстеу
үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В.Г. Афанасьевтiң
пайымдауынша: «Басқару – қоғамның, оның
кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi.
Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол
қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың
қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек
пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң
материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу
қажеттiгiнен бастау алады».
Г.И. Щукинаның
пiкiрiне қосылып, басқару дегенiмiз – мектеп iшiндегi
«психологиялық, ұйымдастырушылық және
әдiстемелiк» сияқты күрделi процестер мен қатынастарды
саналы түрде реттеу деп есептеймiз.
Басқару
субъектiсiнiң қызметтер жиынтығын басшылық дейдi.
Мектептi
басқару теориясының объектiсi – барлық құрамды
элементтерiмен алынған жүйе. Практиканың объектiсi –
мектептiң әртүрлi құрамдық топтарының
іс-әрекетi (ұжым, сынып, жеке субъект).
Еліміздегі білім
беру жүйесінің жақсы өзгерістерін ескере отырып, білім
беру мекемелерінің реформаларды жүзеге асыру барысында тап болатын
кейбір қиындықтар мен селқостықтар мамандардың,
әсіресе, білім беруді
басқарудың барлық деңгейіндегі
басқарушы-менеджерлердің жетіспеушілігімен түсіндірілетінін
атап өткен жөн. Сәйкес қажетті теориялық білімі
бар кадрлардың болуы білім саласындағы реформалардың жемісті
нәтижесінің негізгі факторы болып табылады.
Жоғарыда
атап көрсеткенімдей, «Менеджер» ұғымы, ең алдымен, кәсіби басқарушылық
базалық білімі
сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі.
Бұл түсінік білім беру мекемесінің басқарушысына
тікелей қатысты. Біздің қоғамда көптеген жылдар
бойы басқару – қызметтің кәсіби емес саласы, ал
басқарушы осы қызметке арнайы дайындықты қажет етпейтін
адам деген түсінік қалыптасып қалған. Өкінішке
орай, қазір білім беру мекемелерін басқару –
кез-келген адамның жинақтай алатын тәжірибесі ғана
емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер
жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты,
лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер деген
ақиқатты дәлелдеуге тура келіп отыр.
Менеджментте адам –
құрал емес, мақсат. Ақылды жапондықтар
автомобильден адамды – автомобиль жасаушыны жоғары қойып отыр.
Табыстың сыры да осында. Менеджментке тән белгі, оның
өзегі «адамға»
бағытталғандығы, оның «адам үстемдігі»
негізі болып табылады.
Міне, мектеп
басқару саласына да жеткен менеджменттің басты ерекшелігі де осында
және осынысымен де ол бізді қызықтырады.
Мектептегі менеджмент
бүкіл мектептік білім беру жүйесінің дәл ортасына
мұғалімнің тұлғасын қояды, оған
басқару процесінің субъектісі деп қарайды. Ал, менеджментте
бірлескен қызметке, әріптестерге жасалған ыңғайлы
жағдай жасауда менеджердің келесідей принциптерді
ұстанудың рөлі үлкен:
-
адамға
құрмет пен сенім принципі, ұйымның әрбір
мүшесін жай қызметкер, мұғалім емес, оны
қажеттіліктерімен, мотивтерімен, мақсаттарымен, бастан кешкен
қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастыратын адам
көзқарасының тұтастық принципі;
-
«субъект-субъектілік»
қатынасқа өтуді білдіретін ынтымақтастық принципі;
-
мұғалім
басқалармен тең жағдайда болатын әлеуметтік
әділеттік принципі, мұғалімнің жеке дара
ерекшеліктерін, олардың кәсіптік даярлық деңгейін,
қызығушылықтарын, өмірлік және әлеуметтік
тәжірибесін ескеруін көздейтін даралық принципі;
-
мұғалімді
«монотонды
реакциядан»
арылтатын мұғалім жұмысын байыту принципі;
-
педагогты
жеке ынталандыру (моральдық, психологиялық) принципі;
-
мұғалімдердің
қызмет дәрежесіне қарамастан бірдей жағдайларда
тұратын бірыңғай мәртебе принципі;
-
барлық
көзқарастарды ескере отырып, ұжымды түсіністікке
әкелетін консенссустық, ұжымдық шешім қабылдау
принципі;
-
басқаруға
мұғалімдердің қатысу принципі, педагогикалық
ұжым мүшелерінің жеке кәсіптік мақсаттары
мектептің жалпы мақсаттарына сәйкес келуін қамтамасыз
ететін мақсаттарды гармонизациялау принципі;
-
инновацияны
өндіруге бағытталған тұрақты жаңғырту
принциптері мектепішілік менеджменттің басты ерекшелігі болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тiзiмi
1.
Н.А.Назарбаев. Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы.- Астана, 2006 жылғы 1 наурыз
2.
Исаева
З.А. Подготовка менеджеров образования как фактор повышения качества
педагогического образования.- // Качество
педагогического образования: проблемы и перспективы развития: Материалы
Международной научно-практической конференции. 18-19 мая 2004 г.-Алматы: КазНПУ
им. Абая, 2004.
3.
Афанасьев В.Г. Общество: системность, эволюция и
управление. – М: Политиздат, 1986.
4.
Исаева З.А. Подготовка Менеджеров в образовании в высшей
школе. – Алматы: Қазақ Университеті, 2005.