Педагогика / Современные методы преподавания

 

М. Мақатаев атындағы №140 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып  мұғалімі Турлыбаева Г.Е.

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.


АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

     Жаһандану процессі нәтижесінде дәстүрлі білім жүйесіне жаңа технологиялар  енуде. Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

        Ойын дегеніміз не? Ойын дегеніміз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.  Ойынның түрлері өте көп.  Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.

      Ана тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Олар: Ана  тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға; оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға; жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.    Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.  Мен өз сабақтарымда (нәтиже сабақта) көптеген ойын түрлерін қолданамын.  Ойын «Кім тез?» ай аттарын дұрыс жаз. 1. Ңақарт. 2.пақна.  3.уарзын. 4. Рымма. 5. Мысума. 6. Рқүқыйке. 7. Арқаша. 8. Зақан. 9.лежсантоқ. 10.мазыт. 11.деліш. 12.суірә

   Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың буынға дұрыс бөліп оқу дағдысын дамытады. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар». Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады.  Жануарлар  атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін мынандай ойын түрін жүргіземін «Адасқан малдар» ойыны.Төрт түлік  малдың сүреттері  тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында жануарлардың өз балалары сүреттелмеген.  Сонымен  балалар төрт түлік малдың  қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.        Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады: оқушының сабаққа  қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту; оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат. Сонымен қорыта келгенде, сабақтарда қолданатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. 

     Әдебиеттер:

1.           Бастауыш мектеп,№1, 2003ж.

2.           Интерент ресурс. Ашық сабақтар фестивалі.

3.           Бастауыш мектеп,№2,2004ж.