Педагогика / Современные методы преподавания
М. Мақатаев
атындағы №140 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бесирова А.С.
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Қазіргі кезде білім беру саласында
болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар
мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан
алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік
- педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа
сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін
мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің
ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат
етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді
қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін
көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін
ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды
меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы
дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген
ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі
педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды
талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде
педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі
жинақталған. Технология сөзі / techne - өнер,
шығармашылық, logos - ілім/.
Педагогикалық
технологияның тиімділігі: оқушы өздігінен жұмыс істеуге
мүмкіндік алады, соған дағдыланады; оқушының жеке
қабілеті анықталады; іштей бір - бірінен қалмауға
тырысып, талпынады; тапсырмалық күрделену деңгейіне
сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады; өзін
- өзі тексеруге дағдыланады; мұғалім жекелеген
оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады; орындау
қабілетіне қарай бағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларын
оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар
дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан
әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту»
технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық
негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. Оқушылардың
сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен
жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Жаңа тақырыпты
мнңгертудің алғы шартын қалыптастыру жұмыстары
жүргізіледі:
· Үй
тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру;
· Жаңа
тақырыпқа негіз болатын түсінік-белгілер туралы ойларын
жинақтау;
· Өткен
тақырыппен өтпеген оқу материалын шебер байланыстырып
сұрақ қою арқылы проблемалық жағдаят
тудыру;
· Стандартты
емес тапсырма беру;
· Беймәлім(танылмаған)
білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы түрде беру, яғни
оқушыға білім неғұрлым жұмбақ
көрінсе,ол оны соғұрлым білсем деген ынтасы арта
түседі. Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы
мұғалім жаңа сабақтың қызықты
өтуін қамтамасыз етеді.
Сабақ
барысында оқулықтағы жаттығулар мен
оқулықтан тыс тапсырмалар орындатылады.Сонымен қатар ойындар
ойнатуға да болады.
Мысалы: «Адасқан
сөйлемдер» дидактикалық ойыны.
Ойынның
шарты:берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз
үйіне орналастыру керек.1.Өсімдік көктейді 2.Түйе
боталайды 3. Балам, өркенің өссін 4. Дала
қандай аппақ 5. Қамшы деген не 6.
Кірпі қалай дыбыстайды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
Ой сергіту жаттығуы: «Сөзден сөз
шығарып,ол сөздерден сөйлем құра»деп беруге
болады.
Дамыта
оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Сабақ мұндай
жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден
тұратын болады.
1.
Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі
дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В. Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компоненттері.
Дамыта оқыту –
дәстүрлі оқытуға соңғы
уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды.
Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі
өзгертуші субъект
дәрежесіне
көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты
жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі
оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту
дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге
үйретеді.
Әдебиеттер
1. А.
Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. “Бастауыш оқудың
тиімділігін арттыру”: Алматы-1975, 6-47 бет
2. Айдосова
З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері
”(қазақ тілі мен әдебиеті).- 2004.- 93-7 бет