Оқытудың интерактивті технологиясы

 

Төреханова Г.И.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Бұл мақалада оқытудың интерактивті технологиясын педагогикалық практикада дидактикалық мәселелерді шешудің оңтайлы жолы ретінде пайдалану жолдары сөз болады.

 

Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал, әлдебір мәселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады. Интерактивтіліктің түрі анықталған, олар:

·                   Реактивті интерактивтілік: оқушылар бағдарлама ұсынған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар реті белгілі бір ережеге сүйеніп, өте қатаң түрде анықталады (оқытудың сызықтық моделі);

·                   Іс-әрекетті интерактивтілік: оқушылар бағдарламаның жұмыс істеуін өздері басқарады. Олар тапсырмаларды ұсынылған ретпен орындауды не бағдарлама көлемінде өз бетінше іс-әрекет етуді өздері шешеді (оқытудың сызықтық емес моделі). Сызықтық емес модель қашықтан оқытуда тиімді болады;

·                   Өзара интерактивтілік: оқушы мен бағдарлама бір-біріне бейімделуге қабілетті («Басқарылатын ашықтық» модель). Бұл модель оқып-үйренушіге кездесетін әртүрлі кедергілерді жеңе отырып зерттеу жүргізуге, жеке есептерді шешуге мүмкіндік береді. Бұндай түрдегі бағдарламаларға жаттықтыратын және практикумдық оқыту бағдарламалары және т.б. мысал бола алады.

Бұл модельдердің үшеуінде де оқушы және бағдарлама тарапынан бақылау деңгейі әртүрлі. Реактивті деңгейде оқып-үйренушінің іс-әрекеті бағдарламамен анықталады. Ал, іс-әрекеттік, әсіресе, өзара деңгейлерде басқару және қимыл-әрекет қолданушының өз еркінде. Курсқа және ақпараттың мазмұнына әсер ету үшін интерактивтіліктің кең мүмкіндіктері бар, олар: экрандағы объектілерді тінтуірдің көмегімен басқару, айналдыру жолағының көмегімен экранда жылжу, анықтамалықтың сұхбаттық қызметі, кері байланыс, құрылымдық өзара әрекет, рефлексивті өзара әрекеттер.

Осы айтылғандардан оқу процесінде белсенді оқыту әдістерін қолдану соңғы кезде өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Ондай белсенді оқыту әдістеріне жататындар:

·                   Іскер ойын-ІО;

·                   Блиц ойын-БО;

·                   Дәріс жағдаят-ДЖ;

·                   Рөлді ойнау-РО;

·                   Миға шабуыл-МШ;

·                   Дөңгелек стол-ДС;

·                   Прессконференция –ПК;

·                   Интервью дәріс-ИД;

·                   Пікір сайыс-ПС;

·                   Визуальды дәріс-ВД;

·                   Дәріс провакация –ДП және т.б. [1]

Белсенді оқыту әдісінің (БОӘ) дәстүрлі оқыту технологиясынан келесідей айырмашылығы бар:

-студенттердің ойлау қабілетін белсендіреді және ол белсенділік ұзақ уақыт сақталып оқу жағдайында өз бетімен шығармашылықпен, мотивациялық дәлелденген шешімді тез қабылдауына мүмкіндік береді;

- серіктестік қатынасты дамытады, студенттердің ұжымда бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай туғызады;

- оқыту нәтижелілігі берілетін ақпарат мөлшерінің көбеюіне байланысты емес, оны өңдеу тереңдігінің және жылдамдығының өсуіне сәйкес артады;

- студент оқу барысында аса көп күш жұмсамай жақсы нәтижеге жетеді.[2]

Белсенді оқыту әдістерінің жоғарғы шегі – интерактивті әдіс. Интерактивтi әдiс - бұл өзара әрекеттесу, бiреумен әңгіме диалог ретінде болу дегендi бiлдiредi. Басқа сөзбен айтқанды, активті әдіске қарағанда интерактивтi әдіс оқытушы мен бiлiм алушылардың өзара әрекеттесуiне ғана емес, сонымен бiрге бiлiм алушылардың бір-бірімен өзара белсендi әрекетте болуына бағдарланған.

Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны оқып- үйренуге бағытталған.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

 - Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

- Алған білімді жүйелеу;

- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                Тантыбаева Б. С. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі. http://www.group-global.org/

2.                С.А.Мухина, А.А.Соловьева. Нетрадиционные педагогические технологии в обучении Ростов –на-Дону 2004. 348c., Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. –М. Высшая школа. 1995. -336с.

 

Автор туралы мәлімет

 М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің  «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы,  магистр Төреханова Гулжанар Ильясқызы

 

 Мекен - жайы                 Тараз қаласы,  11 мкр, 37 үй , 61 пәтер

Үй телефоны              8-726-2-31-54-34,  

Жұмыс телефоны      8-726-2-45-57-05

Ұялы телефоны         8-701-489-41-07

Е-mail                                  tyrekhanova@mail.ru