“Педагогические науки”/Современные методы преподавания.
А.С.Сеидикенова
e-mail. seidikenova76@mail.ru
М. Базарбаев атындағы
№138 мектеп гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі. Алматы
қаласы, Қазақстан.
Эффективность использование методов критического мышления в начальных классах.
Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау әдісін қолданудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге
келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл.
Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің
даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды
дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы
оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға,
әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,
көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету.Сын
тұрғысынан ойлау технологиясы қазіргі таңда жас ұрпақты тәрбиелеу мен
оқытудағы ең қажет
әдістеме. Сыни тұрғыдан ойлау деген –әр жеке
тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені
ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.
Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол –
өз алдына сұрақтар қойып және үнемі
оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені
анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін
дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сын тұрғысынан ойлау мен оқыту бағдарламасы
үш негізгі құрылымнан тұрады. Сын
тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолдана
отырып сабақ жоғары деңгейде өтетініне көз
жеткізуе болады. Ол үшін СТО технологисының стратегияларын тиімді
қолдану қажет. СТО технолгиясы дегеніміз –бұл ең
алдымен оқушының өз ойы. Яғни оқушыларға
өз беттерімен ойлап, әртүрлі сұрақтарға
шешім қабылдауға уақыт беру.
Екіншіден, СТО технологиясы оқушыларды сыни ойлауына жол ашады.
Үшіншіден, СТО технолгиясы қандайда бір мәселені шешуге
бағытталады.
Төртіншіден, оқушылар оқи отырып,
пікірталаса отырып, өз ойларын анық жеткізуге нақты
бағытталады. [1]
«Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының
стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық
қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың
тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл
бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы,
соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген
мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең
керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім
қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім
деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға,
ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау
емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау.
Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім
деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған
стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың
сапасын арттыруда үлесі зор. Жаңа білімді қабылдау, бекіту,
іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін,
оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік
жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау»
барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр
түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе
көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін,
шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген
үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін –
өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды
қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға
үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады.
Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде
жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.
Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан
ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету
үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып,
толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді
қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың
белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының,
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын
пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы
артады;
- Нақты өз деңгейінде
бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету
қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат
менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар
қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде
ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау
сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр
баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін
баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша»
деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей
қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда
жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың
өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген
рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.[2]
Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын
тұрғысынан ойлау технологиясын » қолданамын. Менің
өз іс тәжірибемде қазақ тілі сабағынан өткізген “Зат есім” тақырыбына
тоқтала кетейін.
|
Күні: 09.02.2015ж |
Пәні: қазақ тілі |
Сыныбы: 3 «Ә» |
Мұғалім:Сейдикенова А.С |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Зат есім |
||
|
Сабақтың мақсаты: |
1. Білімділік. Зат есім
туралы түсініктерін кеңейту.Зат есімді
басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету. 2.
Дамытушылық : Ой - өрісін кеңейту, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім
қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік
туғызу, логикалық ойлау жүйесін дамытып, сауатты жазу
дағдысын
қалыптастыру; 3.
Тәрбиелік: Балаларды
бірлікке,
ұйымшылдыққа,
тиянақтылыққа,
өз беттерінше
ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
|
||
|
Күтілетін нәтижелер: |
1. Зат есімнің
сөз табы екенін
біледі. 2. Кім? Не? Кімдер? Нелер?
сұрақтарына
жауап беретін сөздердің зат
есім екенін біледі. 3. Сөйлем ішінен
зат есімді таба алады. |
||
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері: |
АКТ, топтық жұмыстар, СТО стратегиясы |
||
|
Тапсырмалар: |
Топқа бөлу,
тұжырымдама жасау, көркем жазу,оқулықпен жұмыс,
шығармашылық тапсырмалар , сыни тапсырмалар |
||
|
Керекті жабдықтар: |
АКТ, суреттер,оқулық,
кесте , сызбалар |
||
|
Түйінді идеялар: |
-Балалар, өз идеясын сенімді
түрде білдіруге, бағалауға мүмкіндік беріледі. -Өз ойын еркін жеткізе
алады. -Өз ойын топта талқылауға әрекеттенеді. |
||
Сабақ барысындағы мұғаліммен
оқушының
әрекеті
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||||||||||||||||||||||
|
Ұйымымдастыру (2-мин) Психологиялық ахуал. |
Оқушыларды 4-топқа бөлу. Балалар
–гүлім менің Балалар-
күйім менің Балалар
нұр сыйлайтын Бүгінгі
күнім менің - дей отырып,
балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге
теңеймін.! Өздеріңе мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын. |
Балалар 4топқа бөлінеді 1-топ: Зат есім 2-топ: Етістік 3-тап: Сын есім 4-топ: Сан есім Күнге қолымды
созамын Күннен жылу
аламын. Жүрегіме басамын, Жан-жағыма шашамын. Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеп сабақты бастайды. |
||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырмасын сұрау( 3-мин) «Сұқ саусақ» әдісі |
143-
бет, 7-жаттығу
орындап келгендерін тексеріп, 4-оқушыдан сұрау. |
-оқиды -талдайды -дәлелдейді |
||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырмасын бекіту. (5-мин) |
Әр топтарға
суреттер беремін. Сол затты
сипаттап жазып, заттық белгілеріне
қарай сөз таптарына ажырату. 1-топ: Алманың суреті 2-топ: Лимонның суреті 3-топ: Доптың
суреті 4-топ : Машинаның суреті Сөз таптары дегеніміз не
екен? |
-ойланады -өткенді естеріне
түсіреді -жауап береді -дәлелдейді. |
||||||||||||||||||||||
|
Жаңа
сабақ (20мин-25) |
Бағыттау |
Сабақты ашу, зерттеу, ойларын ортаға салу. |
||||||||||||||||||||||
|
Қызығушылықты ояту (2 мин) Мағынаны таныту
(4-мин) |
Жұмбақ шешу Сөз табының
ең басында тұрамын Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым. Сөйлемде ой
иесі боламын Етістікпен көркейемін
толамын. (Зат есім) -Бүгінгі өтетін сабағымыз
Зат есім. Зат
есім жайлы не
білеміз? Жекеше көпше
Не?
Кім? Кімдер? Нелер? -күннің жадын
тақтаға жазу -тақырыбын жазу -көркем жазу Зз
Зз Зз Зз
. |
Жұмбақтың шешуін
тауып бүгінгі сабақтың тақырыбы “Зат есім” екенін
біледі. Тақтаға қарайды,
сызбаны көріп ойланады, естеріне түсіреді, тұжырымдама
жасайды. -Дәптерлерін ашып,
күннің жадын жазады -көркем жазуларын жазады |
||||||||||||||||||||||
|
Оқулықпен
жұмыс
( 10-15- мин) Сергіту сәті (2-мин) Топтық тапсырма Шығармашылық
тапсырма. (3-5мин) Ой толғаныс (5-7мин) Рефлексия кезеңі (2 мин) Бағалау (1мин) Үйге тапсырма (1мин) |
1-жаттығу Суреттегі құстардың
атын білу үшін қандай
сұрақ
қоямыз? (Зат есім туралы мағлұмат беру) -Не?
Сұрағына
жауап беріп тұрған сөздерді ата -Кім?сұрағына кандай
сөздер жауап болады 2-жаттығу Ауызша
орындау(суретпен жұмыс)
3-жаттығу (тақтамен жұмыс)
Мәтінді көшіріп жазу
Қыс. Қақаған
аяз. Қалың
қар жәндік біткенді
індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды.
Ол тауық тәрізді оңай олжа
аулауға кірісті. Музыка
әуенімен орындалады. 4-жаттығу. Әр топқа тапсырма. Зат
есімдер қойып жазу
1-топ. Төрт
түлікті ......... 2-топ. Аңдар................
3-топ. Құстар
................ 4-топ. Отбасы
мүшелерін............ 5-жаттығу (ауызша) Әр қатардағы сөздерді бір сөзбен қалай атауға
болады? Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі-үй жануарлары. Кесе, қасық,
қазан,ожау,тостаған-ыдыстар. Қияр, сәбіз,
қызылша, қауын, қарбыз-көкеністер. Берілген мақал – мәтелдегі
көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып,
мақал – мәтелдерді толықтырыңдар. 1.
Ел іші алтын -................ ( бесік) 2. Ата көрген- оқ жонар, Шеше көрген ........
пішер. ( тон ) 3.
Әдептілік белгісі – Иіліп
......... бергені. ( салем ) 4. Қына тасқа бітеді, ......... басқа бітеді. ( білім ) 5. Отансыз адам – ормансыз------. (бұлбұл) 6. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ...---- болмас. ( ел) Тақтада суреттер
беріледі. (Астананың ,көлдің ат, ит,
гүл, алманың,
баланың, Балдырған журналының, аққу суреттері). Осылардың ішінен
жалқы және жалпы
есімдерді тауып жазады. 1-топ: Жалқы есімдерді тауып
сөйлем
құраңдар 2-топ: Жалпы есімдерді тауып
сөйлем
құраңдар. 3-топ: Не.?
сұрағына
жауап беріп тұрған сөздерден, Кім? деген сұраққа жауап
беретін сөздер жасау. Мысалы: күй ,балық , дәрі, бас, жұмыс. 4-топ: Қазақ тілінде
зат есімнің қандай маңызы бар?. Бүгінгі сабақтан қандай
әсер алдыңдар?
Бағалау критериясы -сұрақ-жауап -қатесіз жазу -топтық тапсырма -қорытынды баға Жұлдызшалар арқылы бағалау .
145-бет 6- жаттығу Осымен сабақ аяқталды,
сау болыңыздар |
-оқиды -ойланады -талдайды Кім ? сұрағы
тек адамдарға ғана
қойылатынын айтады. Суретке қарап зат есімді
табады, Тапқан зат
есімдерге
қойылатын
сұрақтың
әр басқа екенін
дәлелдейді . Мәтіннен зат
есімдерді табады.
Сұрақ қояды, зат
есімдердің астын сызады. Қимылдарды жасай
отырып, жаттығуды орындайды Оқушылар ойланады, жазады. Жазған жауаптарын оқиды. Оқушылар ойланып
жауап береді. Сұрақ қояды. Зат есім
сөздерді тауып қойып мақал-мәтелдерді
толықтырады. Топта оқушылар
ақылдасып, жалқы, жалпы
есімдерді табады.
Сөйлемдер құрайды,
жауап береді. Топтағы оқушылар ақылдасып
жауабын жазады,
дәлелдейді. Зат
есім жайлы алған білімдерін қорытып, постерге түсіреді.
Оқушылар ойларын
стикерге жазып іледі.
Бағалауды көшбасшы
жүргізеді Күнделіктерін ашып, жазады -бағаларын күнделіктеріне
қойдыртады |
Қорыта келе, сабақта сын тұрғысынан ойлау
элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық
әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды
шығармашылыққа жетелейді. Сабаққа қызығушылығын
арттырып, белсенділігі күшейеді. Егер де жаңа технология
элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек,
өз нәтижесін береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Отарова Н. Сын
тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі.
-2006. - № 1. - 21-23 б.
2. Мусалиева А. Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлау мен жазу
технологиясын» тиімді қолдану әдістемелеріне сипаттама. Sabaq.kz
3. Наурызбаева Г. А.
«Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан
оқыту технологиясының маңызы» Sabaqtar.kz.
4. http://www.vestnik-kafu.info/journal/13/493/