№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК
Тәрбиеші: Ташаева Н.Қ.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу
іс-әрекеті: Қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Сан және санау»
Ақпараттық құзіреттілік:
Балаларды 10 көлеміндегі сандарды санауға жаттықтыру.
Саңырауқұлақтардың түрлерін ажырата білуге
үйрету. Сандарды ретімен тура және кері санай білуге, апта
күндерін атай білуге үйрету.
Коммуникативтік құзіреттілік:
Балалардың геометриялық пішіндерді ажырату туралы білім
деңгейлерін анықтау. Сандарды үш (қазақ, орыс,
ағылшын) тілдерінде атауға жаттықтыру.
Проблемалық құзіреттілік:
Балалардың логикалық ойлау қиялдарын дамыту. Белсенділіктерін
арттыру.
Пәнаралық байланыс:
Қоршаған ортамен таныстыру
Көрнекілігі:
саңырауқұлақтар және олардың өзге
түрлерінің суреттері, үлестірмелі сандар және пішіндер,
үлестірмелі материалдар, жапсыру оқу іс әрекетіне
қадетті құралдар, доптар, теледидар, үлкейткіш құрал.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелету, бақылату
Күтілетін
нәтиже:
Баланың білуі: Саңырауқұлақ
туралы және олардың түрлері туралы білді;
Баланың меңгеруі: Апта күндерін
ретімен атай білуді, 10 көлеміндегі сандарды үш тілде атауды меңгерді;
Баланың жасай алуы: заттарды санау
арқылы есептер шығара алады.
Билингвалдық құзіреттілік:
бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт-четырье-four,
бес-пять-five, алты-шесть-sixe, жеті-семь-seven, сегіз-восемь-eight,
тоғыз-девять-nine, он-десять-ten.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеттері |
|
Мотивациялық
қозғаушы Іздену ұйымдастырушы Рефлексивті коррекциялаушы |
Балалар шеңберге тұрады. «Шаттық шеңбері» Сәттілік бүгін тілеймін, Мен саған, сен маған. Қолымызды көтеріп,
күнге қарап, Қуанышты төк маған. Жүрегімнің жылуын Сыйлаймын саған, қабыл
ал. Мен саған, сен маған. -Жарайсыңдар, балалар келіп
отыра қойыңдар. Мен сендерге гном туралы ертегі айтып
берейін. Ертеде қалың да жасыл орманда бір мейірімді, кішкентай
гном өмір сүріпті. Ол күнде ерте тұрып, таңмен
жидектер жинаған. Содан соң, гүлдер мен
саңырауқұлақтарды жинаған. (осы кезде бір дыбыс естіледі) Топтағы гүлдердің
арасынан бір гном шыға келеді. -Балалар, жаңа ғана
әңгімелеген гүлдер мен
саңырауқұлақтарға су құятын гном
осы болатын. Гном: Салем, балақайлар! Мен
озім жақсы көретін саңырауқұлақтарымды
себетпен ала келдім. Осы саңырауқұлақтар туралы
әңгімелеп бересіңдер ме? «Әлеуметтік орта» білім саласы
бойынша саңырауқұлақ туралы әңгімелеп,
бақылау жасау. - Қане, балалар, мына
саңырауқұлақтар қалай аталады? Оны қайдан білдіңдер? Жеуге жарамды ма? -
Ал, мына саңырауқұлақ не деп аталады? -
Басқа
саңырауқұлақтан қандай айырмашылығы бар? -
Бұлардан басқа
қандай саңырауқұлақтарды білесіңдер? -
Жарайсыңдар.
Саңырауқұлақтар туралы білетіндерін тағы кім
айтқысы келеді екен? Ықылас білдірген балалардан
жекелеп сұрау. -
Жарайсыңдар,
балалар.түсіндіңдер ме, кез келген
саңырауқұлақты жеуге болмайды екен. Екі түрлі
саңырауқұлақтарды үлкейткіш құрал
арқылы бақылату. -
Мына
саңырауқұлақтың бірі вукойл деп аталса,
екіншісі ақ саңырауқұлақ деп аталады. Саңырауқұлақтарды
бақылап отырған балалардан нені байқағандарын
сұрау. Гном: Ой, балалар керемет! Сендер
саңырауқұлақтар туралы көп біледі
екенсіңдер. Рахмет! Енді менімен ойын ойнағыларың келе ме? «Қатынас» білім саласы бойынша
жұмыстану. Ойын: «Апталық» Ойынға өз қалаулары
бойынша 7 баланы шығару. Қолдарына бір ден жетіге дейінгі
саңырауқұлақтар бейнеленген карточкалар беру. Осы
карточкалар арқылы, балалар қатарға тұрады. Сұрақтар қою: -
Бір аптада неше күн бар? -
Қане, атайықшы? Әр баладан неге сол
қатарға тұрғанын сұрау. Аптаның бл күні
қалай аталатынын сұрау. Гном: -Жарайсыңдар, апта
күндерін де өте жақсы біледі екенсіңдер! - Балалар, осы апта күндеріне орай, бір тапсырма
бергім келіп тұр. Мен сендерге «Еріншектің аптасы» өлеңін
оқимын, осы өлеңге сәйкес суреттерді тауып,
барлық апта күндерін цифрмен белгілеңдер. Дүйсенбіде сурет салдым, Сейсенбіде доп ойнадым. Сәрсенбіде кітап оқып, Бейсенбіде серуенге шықтым. Жұмада мысықпен алысып, Сенбіде хоккей ойнап, Жексенбіде бір дем алдым. -
Жарайсыңдар, тапсырманы
жақсы орындадыңдар. Келесі тапсырма. Азайтуға берілген есептерді
орындату. 1. Құмырада 5 гүл бар еди, оның 2еуі солып
қалды. Құмырада қанша гүл қалды? 2. Есік алдында 4 саңырауқұлақ өсіп тұр
еді, 2еуі құлап қалды, қаншасы қалды? 3. 6 алманың 3еуін жеп
қойдық, нешеуі қалды? 4. Жеміс ағашында 4 шие еди, 3еуі жерге түскенде, ағаш
басында қанша шие қалды? Гном: Балалар, сендер өте
ақылды балалар екендіктеріңді көрсеттіңдер. Мен аздап
шаршап қалдым. (басындағы бас киімін шешіп, үстел
үстіне қояды). -Ендеше, балалар бәріміз
қолымызға доп алып, теледидардың көмегі арқылы,
Гноммен бірге сергіту жаттығуын жасайық. «Денсаулық» білім саласы
бойынша, «Веселые гимнастика» ойын жаттығулар жинағындағы
«Шарики» жаттығуын жасату. Гном: Рахмет, балалар, енді мен
орманыма қайтайын. Достарыма сендер туралы айта барамын. -
Балалар, сендерге гноммен уақыт
өткізген ұнады ма? Гном және оның достарына арнап,
аспалы шам жасап берейік? «Шығармашылық» білім
саласының жапсыру оқу іс әрекеті бойынша «аспалы шам» жасау
тәсілін көрсету. Жекелеген балаларға көмек
көрсету. Дайын шамдар гномға беріледі. Өз кезегінде гном да
балаларға рахметін айтып, себетіндегі
саңырауқұлақ печеньесін балаларға
үлестіреді. Балалармен қоштасады. Балалардың бірі гномның
ұмыт қалдырып кеткен бас киімін көріп қалады: -
Апай қараңыз, гном бас
киімін ұмытып кетіпті! (бас киімді алып, айналдыра қарайды): -
Ия, расында өзі бір ерекше бас
киім екен. Бір нәрсеге ұқсайды ма, өзі? -
Дұрыс айтасыңдар,
үшбұрыш пішініне ұқсайды екен, тағы
қандай пішіндерді білесіңдер? -
Әр пішін не нәрсеге
ұқсайды? Балалар жауаптарын тыңдау. Пішіндерді жақсы
білгендері үшін балаларға пішіндер карточкаларын үлестіру. -
Тақтадағы осы
пішіндердің саны қанша? -
Ал, сендер қаншаға дейін
санау білесіңдер? 1ден 10ға дейін тура және кері санату. Орыс, ағылшын тілдерінде де
санату. -Жарайсыңдар, балалар.
Бүгінгі оқу іс әрекетінен алған
әсерлеріңді мына көңіл күй бейнеленген смайлик
астындағы қалташаға пішіндерді салу арқылы білдіре қойыңдар. Оу іс әрекетіне жақсы
қатысқандары үшін балаларға рахмет айту. |
Балалар өлеңді
қимылмен жасайды. Балалар отырып ертегі тыңдайды. Гноммен амандасады. -
Жарайды. - Бұл
саңырауқұлақ түлкішек. Себебі, түлкі
сияқты қалпағы төбесінде тұр, шеттері
қайырылған. -
жеуге жарамды. -
Бұл
саңырауқұлақ шыбынжұт деп аталады. -
Ақ нүктелері бар
үлкен қызыл қалпақты, төмен жағында
ақ етегі бар. Бұл саңырауқұлақ улы. -
Мына
саңырауқұлақ қозықұйрық деп
аталады. Бұл жеуге жарамды саңырауқұлақ
әлемге таралған. Отаны Европа мен Орталық Азия. -
Мектеп жасына жетпеген
балалардың тағамына саңырауқұлақ беруге
болмайды. Балалар
саңырауқұлақтарды үлкейткіш құрал
арқылы бақылап, салыстыра сипаттайды. Бір аптада жеті күн бар:
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі,
Жексенбі. -
Мен 4-қатарда тұрмын,
себебі, қолымда 4 цифры бар саңырауқұлақ
бейнеленген карточка. Бұл күн Бейсенбі деп, .т.б. балалар жауап
береді. «Еріншектің аптасы»
өлеңі бойынша тапсырманы
орындайды. Азайтуға берілген есептерді
орындайды: 1
гүл қалды. 2
саңырауқұлақ қалды. Желінбеген 3 алма. Жеміс ағашында 1 шие. Балалар дөңгелене
тұрып, теледидардан қарап, доппен сергіту жаттығуын
жасайды. Балалар гном мен достарына
сыйлық жасауға қуана келіседі. Жасаған шам сыйлықтарын гномға
тарту етеді. Гномға рахметтерін айтып,
онымен қоштасады. -
Пішінге ұқсайды. -
Шаршы, дөңгелек,
сопақша, тіктөртбұрыш. -
Үшбұрыш үйдің
шатырына, дөңгелек машина доңғалағына,
сопақша қауынға, тіктөртбұрыш есікке,т.б.
ұқсастығын айтады. Қолдарындағы пішіндерді
смайлик қалташасына салады. |