Мобильді телефонды сабақта қолдану

5B010900- МАТЕМАТИКА мамандығының 1-курс студенттері Қасенова Айғаным, Ақбаева Асел

Жетекші: Пазилова Б.А.

Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір  екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ал студенттерге келер болсақ, біз ағылшын тілі пәнінде интерактивті тақтамен қатар, мобильді телефонды да кеңінен қолданамыз. Осынау құрылғы көмегімен онлайн тесттер орындап, видеодәрістер көріп, өзімізге керек тақырыпта мәліметтер жинақтай аламыз.

Қосымша  мәліметтер іздестіруде де  ұялы телефон көмекші құралға айналары сөзсіз.

                Қазіргі таңда ұялы телефондардың сабақ процесіне қолдануға тіптен ыңғайлы түрлері шығуда. Интернет желісіне қосылу және әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы қызықты мәліметтер оқып, өз білімімізді, танымымызды одан әрі кеңейте түсеміз.

Ал сіз осыдан кейін де сыныпта мобильді телефонды ұстаудың қажеті жоқ деп ойлайсыз ба? Қайта ойланып көріңіз. Себебі білім алу саласы технологияларға бейімделіп келеді және смартфондар оқытушылар мен студенттердің күнделікті өмірінде көп сұранысқа ие.

Android телефондарының пайдалы және кейбір мектептер Windows телефондарын қолдануды қарастыруда. Дегенмен, Apple-дың әлі де үлкен Қосымша Маркеті бар және университеттер мен колледждер технология құрылғыларымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын тауып отыр. Біз осыны сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз:

1. Мобильді оқулықтарды жеткізу жүйесі

Лидс Университеті  медицина саласында оқитын 500 студенттеріне арналған анықтама материалдары мен басқарма нұсқаулықтары бар курс мәтіндерін құрайтын қосымшалары орнатылған iPhone-дарды шығарған. Төрт және бес жылдық медицинада оқитын студенттердің барлығы iPhone алған, бірақ оқу бітіргеннен кейін оларды қайтарып беру керек болған. 2010 жылы басталған бұл бастаманы университет Ұлыбританиядағы алғашқы медициналық мектеп деп бағалаған.

2. Шетел кампустарында студенттерді дистанциялық оқыту

Луисвилл Университетінің оқытушысы Ральф Маркел iPhone-дағы FaceTime қосымшасын Панама Университетінің кампусында өз курстарына видеобайланыс арқылы шығатын студенттерді дистанциялық оқыту үшін қолданады. Семестр FaceTime қосымшасы арқылы басталса да, кейін ол Панамадағы студенттеріне барып, курсын бетпе бет аяқтайды. Маркел бұл әдісті өткен жылдың күзінде алғаш рет қолданған болатын және 2013 жылдың күзінде де осылай істеуді жоспарлауда.

3. Пікір алмасу

Пердью Университетінің Studio жобасының бір бөлігі ретінде шығарылған Hotseat қосымшасы студенттерге сыныпта отырып-ақ оқу барысына қатысты ойларын айтуға мүмкіндік береді. Кейін профессорлар олардың пікірлерін курс контентін реттеуге және студенттердің білім алу тәжірибелерін жақсартуға қолданады. Студенттер жауап қайтару үшін тек iPhone-ды немесе басқа да мобильді құрылғыларды қолданумен ғана шектелмейді, бұл қосымша Facebook, Twitter және өзінің веб-қосымшасы арқылы да қолжетімді.

4. Студенттердің сабақ кестесін және бағаларын көру мүмкіндігі

Огайо Штатының Университетнінің OSU Mobile қосымшасында карта, жедел хабарламалар және автобус локаторы сияқты басқа кампус қосымшалары бар. Тағы бір ерекшелігі бағаларды, сынып кестесін және басқа да BuckID ақпараттарды тез кіріп, көру мүмкіндігі. Қосымшада студенттің сабақ кестесін өз телефонының күнтізбесіне жазып алу мүмкіншілігі бар.

5. Сабаққа қатысу

Дэвид М.Рид, Огайодағы Капитал Университетінің профессоры, өзінің iPhone-ын сабаққа қатысудың резервтік көшірмесін сақтап отыру үшін қолданған. Пайдаланушыға арналған қосымшаны кодтау үшін бірнеше аптасын жіберіп, соңында жұмысқа лайықты қосымша алған ол, басқа профессорлар үшін оны iTunes-қа $4.99 бағамен шығарған. Содан бері, студенттердің аттарын жаттап алуға көмектесетін флэшкартасы бар қосымшаны 7 500 адам жүктеп алған.

Қорыта айтқанда, сабақ барысында мобильді телефонды уақыт өткізу үшін емес, керекті ақпаратты іздеу үшін пайдалансақ құба-құп болар еді. Біз білім берудің дәстүрлі жүйесінен шығып, өзіміз өмір сүріп отырған ХХІ  ғасырға сай білімді, құзыретті, IT құралдарын еркін меңгерген, ақпараттық технологияларды сабақ барысында еркін қолдана білетін заманауи жастар болуымыз керек. Тек сонда ғана әлемдік білім беру саласында Қазақстанның аты кеңінен танылатын болады және біз де біліктілігімізді шет ел университеттерінде емес, отандық білім ордаларында арттыра аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл.
2.Аймаханова.Қ.,Аманова Ф.,Әбубакирова А. Қазақ мектебі және бүгінгі білім 
берудегі құндылықтар.-Қызылорды.2011 ж.

Резюме

В статье рассматривается мобильное обучение иностранному языку.

Summary

This article is considered the using of   mobile phone at the English lessons.