Ертаева Р.К., Башанова Г.С
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
КИЕЛІ ОТБАСЫ –
ТӘРБИЕ БАСЫ
Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы
екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген
сәбиді қатарынан қалдырмай, заман
талабына сай жетілдіріп, қалыптастыру. Отбасы ең алғашқы жеке тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Сондықтан
отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар бар. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың әлеуметтік
құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасында балалардың мүмкіндіктерін
барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да, атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке дайын болуға, өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыруға тәрбиелеу керек. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, түсіністік пен көмекке бағытталуы байланысты. Әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында еркіндік қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді,ол ата-ананысын өмірдің тірегі деп санайды.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына балаған. «Босағасын алтыннан да соқсаң да перзент сүймей, адамның мейірі қанбас»-деп барлық асыл сөздерін арнаған. Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана, әке-шеше, балалар үш құрамнан тұрған. Ата-ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып
жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулиды. Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын
салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы борышы. Ал
жастарды жан-жақты қабілетті азамат
етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік білім танымдық ролі зор. «Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар» деген
мақалдан қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып
келгендігін көруге болады. Көп балалы отбасынан шыққан
бала көбінесе кез келген ортаға бейімделгіш, бауырмал,
көпшіл, ашық-жарқын мінезді болып келеді. Ондай балада «мен» деген пікір емес, «біз»
«бәрімізге ортақ» деген пікір қалыптасады. Келешекте болашақ ұрпағымыздың саналы да, тәрбиелі, өз ұлтымызға тән қасиеттерге толы тәрбиеленуі
ата-ананың бірден-бір еңбегінің арқасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Бала тәрбиесі-бесіктен», «Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл
басар», «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деген нақыл сөздердің мағынасы шексіз.
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»деп айтқандай, бүгінгі күні баланы әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті дегіміз келеді. Өмірден халықтық педагогикаданәр түрлі мысалдар келтіріп, егер, балаға өз уақытында тәрбие бермесе, орны толмас өкінішке соқтыратын түсіндіру керек.Яғни, халқымыздың бай тәжірибесін пайдаланбай, іске асырмай жатсақ, келер ұрпақ алдында ұятты боларымыз сөзсіз. Өз халқының тілін, дінін, тарихын, рухани мәдениетін біліп өскен адам біртіндеп әлемдік мәдениетті де меңгереді. Халықтық педагогиканың құндылығын сол халық қазынасының озығын ақылды да, әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы.
Қай кезеңде болсын тәрбие мәселелері назардан тыс қалмаған. Сондықтан жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол қазақ халқының бала тәрбиесіне көзқарасы ерекше.Бала тәрбиесіне халқымыз «Баланы жетіге келгенше сыйла, жетіден он төртке келгенше жұмсай біл, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйлас», - деп кезең-кезеңге бөлген. Қазақ елі жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, тәрбиелілігімен де ерекшеленген. Ендеше
өнегелі ел азаматтары болсын десек, келешекте көш бастайтындай ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз қажет. Біздің халқымыздың ұрпағына тән имандылық, ибалық, үлкенге–құрмет, кішіге-ізет, мейірімділікке тәрбиеленуі үлкен ұлағатты іс.
Демек, өмір салтына сай ұлттық тәрбие әрдайым әр отбасы ошағынан басталады.
Жалпы бала азаматтық азаматтық жасқа жеткенше отбасы
мен білім ордасы мектеп қабырғасында жүргенде бойына сіңірген түрлі тәрбиелерімен болашақ сіңірген түрлі тәрбиелерімен болашақ өмірге қадам басады, қоғамға пайдалы, саналы,
отаншыл рухта, күшті, қайратты жас жеткіншектер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, болашаққа жол тартады. Қасиетті де киелі
қара шаңырақ тәрбие көзі болып табылады.
Мемлекетіміз жоғары дамыған, мәдениетті, өркениетті,
зайырлы мемлекет болу үшін әр отбасының ролі маңызды.
Сондықтан мәңгілік ел боламыз десек
бесігімізді түзейік!