ф.ғ.м., аға оқытушы Сатеева Б.С.
1 курс студенті Есенбаева С.Ж.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ҚАЗАҚ
ҰҒЫМЫНДАҒЫ САНДАР КИЕЛІЛІГІ
Қазақ киеге үлкен мән
берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар
мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті
заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ
халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере
отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар
тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан,
нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық
көруге болады. Жан жағымызға қарасақ сандар тек
қана математика емес, тағы басқа көптеген
ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы
қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы
таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің
тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген
тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі.
Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа
нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ
қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып
отырған. Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар»
негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің
ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше
қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі
өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі
жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста
бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан
есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі
бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден,
сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ,
ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз»,
«қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар
сандық мәнімен қатар
басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай
жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты
тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда,
салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға
байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. «Сандар
әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару
керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете
айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о
бастан-ақ сезілген.
Қазіргі өркениетті
елдердің халықтары арасында «13» санын әзірейілдей
көрсететіндер әлі де баршылық. Ал, көптеген
халықтар, әсіресе, мұсылман елдерінің халықтары,
соның ішінде қазақ халқы «7» санын киелі деп
таныған. Аңыз бойынша жер-жаһанда жеті күн
(біреулер жеті ай дейді) бойы топан су қаптаған. Тірі
қалған жеті адам болған. Олар: Нұх, Хам, Сам,
Жанас, Әшият; Айша, Ләйлә. Бүгінде олардан
тараған 6 миллиардтай халықтың 10 миллионнан астамы
ғана қазақтар.
«Жеті жоқ жерде Аллада бауыр
жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда
өт жоқ», «Жеті жоқ жерде өлшем (өлшеуіш)
жоқ», - делінген нақыл сөзде. Жеті санының киелік
ұғымынан гөрі эмоциялық мәні жоғары.
Әлемге әйгілі шығыс жұлдыздары-ның атасы
Әбу Насыр Мұхаммед Дархан би ұзлақ ат -
Түрки әл-Хаким әл-Мәшүр
әл-Мұғаллим Сәни әл-Фараби (Әбу Әли
ибн Сина – Авицена) соңғы демі таусылып бара
жатқанда алты дәріден шипа болмаған
соң, «жетінші дәріні әкел», - деп киелі жетінші
дәріден үміттенген екен. Сол сияқты, бүкіл батыс
поэзиясының аспанында ай болып туған И.Гетенің
шығыстың жеті жұлдызына қызыға қарап,
ынтасын қоюы жайдан-жай болмас. «Парсылар өздерінің бес
ғасыр ішіндегі барлық ақындарының атасынан жетеуін
ғана айырықша бөліп атаған. «Ал шындығына
келсек, сол аталмай жүргендердің өздері де
анағұрлым артығырақ», - деген екен ұлы
Гете. Түркі халықтарында жеті ғашықтар туралы
аңыздар бар. Олар: Ләйлі мен Мәжнүн,
Жүсіп-Зылика, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар,
Уәлік-Ғарра, Уәки мен Гүлшах. Аталмыш жеті
сүйіспенділер сияқты жетімдікті де жетеуге
жеткізген. Ол: «Тыңдалмаған сөз жетім, қиюсыз
қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім,
аққу-қазсыз көл жетім, басшысыз қалған ел
жетім, аққу-қазсыз көл жетім, туған жерінен
айрылған ер жетім». Сондай-ақ, халық арасында
«Жұт - жеті ағайынды» дейді. Олар: қантөгіс,
соғыс, өрт, оба кесел, зілзала (жер сілкініс),
құрғақшылық, мал жұтап
ашаршылыққа тап болу. Қазақ халқында жетіге
байланысты атаулар, нақыл сөздер көп. Киелі 7-ден өз
баласына Жетібай деп ат қойған. Жетібай атынан әрі
қарай жақсы үмітпен бала аты: Қырықбай,
Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай
және Мыңбай өрбіген. Сан әлемінде бұлардан басқа
адам аттары аз кездеседі. «Жеті жарық» (жеті планета), жеті ру ел,
жеті қабат жер асты, жеті күн-жеті түн бел асып, бала жетіге
келгенше жерден таяқ жейді, жеті шелпек (нан)
құдайы, Тәуке ханның Жеті жарғысы, сияқты
есепсіз сөз тізбектері тілімізде жиі кездеседі. «Айдаса
қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені»
демекші Қазтуған Сүйінішұлының «Жеті жұрты»
бүгінде ел аузында. Олар: күйеудің, келіншектің
жұрты, кіндік кесіліп қан тамған жұрт, бөтен елде
тұрған жұрт (екінші жұрт) әулетті -
әділетсіз қамауда болған жұрт және қара
жер тартқан соңғы жұрт. Жеті қазына –
қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы
философиялық түсініктердің бірі. Қазақ
халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып,
оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран
бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз
қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік
аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі.
Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы –
әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны
өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ
халқының Жеті қазынаны «жеті ырыс» деп атауының
да мәні осында жатыр. Киелі сандарға халық 3-5-9-40
сандарын да қосады. Баланы 40 күн толған соң 40
қасық сумен шомылдырып, қырқынан шығарады.
Қызға қырық үйден тыйым, ертеде қыз
сүйген жігітіне орамал шетіне 7, немесе 9 түрлі нәрсені
түйіп беру әдеті, марқұм
болғандардың жетісін, қырқын, жылдығын беру.
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан
өзіндік ерекшелікке ие» – деген екен. Ғалымдардың бұл
тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде.
Басқа ғалымдар мен дін қағидаларының да
болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Таныммен байланысты ескілікті
наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан
атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте
көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан
құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп,
олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп,
санамалап айтып отырған. Таным деп отырғанымыздың өзі –
адамның ішкі ойлау жүйесі. «Киелі ұғымдар» наным-сенім
негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің
ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше
қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бес күндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден сан атауларының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар, басқа мағынада қолданумен ерекшеленеді. Мұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен қатар бұл құбылыстың тарихы да ертеде жатқаны байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. Мәселен, академик В.А.Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар. Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В.В.Радлов, Н.Я.Марр, В.В.Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г.Н.Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-моңғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп, ауыз әдебиетінде көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г.Н.Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысты қаралады. Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен, сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І.Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйытқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды.
Қазақ
халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр
сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін
әр сөздің ғана емес, әр санның
өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы,
тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ
бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін
салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына,
маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие
болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне
білген.
0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр –
«сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос
орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен
өнердің қайта өркендеген дәуірінде
(ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын
тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған.
Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген.
Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер
әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Нөлге қатысты қазақ ұғымында түсінік
жоқ. Мәселен бұған қатысты Абайда: «Единица
болмаса, не болады өңкей нөл», – деген өлең
жолдарынан афоризм кездеседі.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі өз бойындағы ерекше қасиеттері таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрімізді сол қалпында сақтап қалу басты міндетіміз. Айрықша айтылып, жиі қолданыста жүрген сандар жайлы ізденістердің нәтижесі әрқашанда жемісті болмақ. Халықтық қабылдаудың қалпына түскен жоғарыда айтылған сандардың қолданысы кез-келген шығарманың мәтіндік мазмұнына айналатынын байқауға болады.
Қазақ
халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан
дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты
мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті
арқылы биіктерден көрінген. Осы қасиетті сандар арқылы тәрбие берген
салт-дәстүрін біз сол
қалпында сақтап қалуымыз керек.