Филология ғылымдарының докторы
Жұбаназар Асанов,
Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ЕДІГЕ:
ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН ЭПИКАЛЫҚ ШЫНДЫҚ
«Едіге» эпосы түркі халықтарына
ортақ мұра. Алайда, совет үкіметі тұсында оны
зерттеуге, жыршылардың жырлауына тиым салынды. Түркі
халықтары орыс езгісінен тәуелсіздік алғаннан кейін
ғана бұл эпосты зерттеуге қол жетті.
Едіге хақында
академик Жирмунский: «Несомненно, еще при жизни Идиге вокруг его имени стала
складываться легенда. Его личное мужество, военные успехи, авторитет как
правителя, поддерживавшего единство и порядок в стране, снискали ему широкую
популярность и сохранили его имя в памяти потомства» [1,377-б ], – деп
тұжырымдайды.
1391 жылы Темір қалың
қолмен Алтын Ордаға қарсы аттанғанда ішінде Едіге де
бар еді. Оның осы сапары қандай рөл
атқарғандығы жайында тарихи деректерде аққа
қарамен былайша таңбаланған: «...два нукера бежали от Идигу и пришли сюда, сообщили о выступлении
Тимура и сказали, что он идет сюда с огромным войском и бесчисленной ратью, по
числу подобной песку пустыни и листьям деревьев. У Токтамыш-хана от этого
известия в уме вспыхнул огонь энергии,
он послал и собрал войска правого и левого крыла, теперь находится в Кырк–куле,
посылает в края государства послов и собирает войска» [ 2, 205-206-б].
Біз аталған тарихи дерекке зейін
аударып қарасақ, Алтын Орданы бұл жолғы
ақи-тақи күйреуден аман алып қалған Едіге
екендігін пайымдаймыз.
Қашқан
Тоқтамыстың өзіне келуін Литваның ұлы князі
Витовт өз пайдасына шешудің қамын жеді. Мұздай
қаруланған саны мол Витовт әскерлері мен қлобасы Едіге
Борсықты өзенінің бойында кездесті. 1399 жылы 12 тамыз
күні өткен ұлы майданда Алтын Орда әскері жеңіске
жетті. Витовт пен Тоқтамыс әрең қашып
құтылды.
ХІV ғасырда әбден
күшейген Литва мен Польша Батыс
және Оңтүстік орыс жерлерін, Украина мен Белоруссияны
дәрегейіне қаратқан еді. Литва, Польша, Венгрия, Швеция
жан-жақтан төніп, Ресейді қайтарымсыз бөліп алу алдында
тұрған болатын. Орталық Ресей Едігенің жеңісі арқасында
ғана аман қалды. Бұл жөнінде белгілі тарихшы Н.
Гумилев: «Самый большой выигрыш от битвы на Ворскле получила Москва. Порожение
Витовта спасло ее от угрозы литовского захвата, а литовский князь даже потерял
на время Смоленск (1401)» [ 3,226-б], – деп мойындайды.
Бұдан кейінгі Алтын Орданың
Ақсақ Темір мемлекетіменен арадағы
қарым-қатынасын, Едіге мен Темірдің ара жігін Р. Клавихо
жазып кеткен мына сөздерден байқауға болады: «Теперь ... я
расскажу, как Тамурбек победил и разбил Тотамиха, императора Тарталии,
могущественного и доблестного человека, более сильного, чем Турок, и как в
Тарталии возвысился один кавалер по имени Едегуй, подвластный Тамурбеку, и
теперь у Тамурбека нет большего врага, чем
этот Едегуй» [4,207-б]
Едігенің кескін-келбетін ибн
Арабшах: «Был он очень смугл (лицом),
среднего роста, плотного телосложения, отважен, страшен на вид, высокого ума,
щедр, с приятной улыбкой, меткой проницательности и сообразительности, любитель
ученых и достойных людей, сближался с благочестивцами и факирами, беседовал
(шутил) с ними в самых ласковых выражениях и шутливых намеках[5,37-б], - деп
суреттейді. Сайыпқыран қолбасының халық
эпосындағы бейнесі тарихшы сөзіне сай келуі
таңырқарлық нәрсе [6,17-б].
Ол заман үшін тарихта үлкен
із қалдырған оқиға Едігенің 1408 жылы орыс
княздіктеріне жорық
ұйымдастырып, Мәскеуді қоршауы болды. Бұл оқиғаның
астарына кеңес үкіметі тұсында оның шегіндегі
түркі тұқымынан шыққан тарихшылар отарлық езгі салдарынан тереңдеп
бара алмады. Ресейдің қазіргі кезде де ықпалында
отырған түркі тарихшылары (татар, ноғай, башқұрт
т.б) бұл мәселені қозғаудан бастарын алып қашады.
Ресей жерінде тұратын қазақ, қарақалпақ
тарихшылары да осындай күйде. Орыс тарихшылары Лев Гумилев, Б.Д. Греков,
А.Ю. Якубовский, Ю.В. Мизун бұл
оқиғаның тарихын қысқаша
қайыруға тырысады [7,160-б; 3,226-227-б; 8,396-б]. Едіге Мәскеуді ала алмады дейді.
Отарлық бұғауда отырған Н.Г. Сафаргалиев Едігенің
Мәскеу халқының сағын сындыруға шамасы келмеді
деп ұрандатады [9,185-б]. Ал академик Б.Д. Греков болса Едігенің
жүргізген бұл зор майданы және жеңістері хақында:
«... собственно говоря, успехи эти прежде всего были обусловлены
отсутствием единства между Литвой и Москвой.
Если бы эти два государства объеденились в своей борьбе против татар в начале
ХІV в., не могло бы быть и успехов Едигея», – деп
іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін емес нәрсені
қиялдап кетеді. Бұдан кеңес тарихшысының шованистік ой
пиғылы анық аңқып тұр. Орыс князьдіктерінің жоғарыда аталған
елдердің талан-таражына түсіп, біржола жоқ болып
кетуінен аман алып қалған
Едігеге рахмет айтудың орнына шованист кеңес тарихшысы осылай деп
адас сөз жазады [8,400-б].
Едіге Алтын Орда мемлекетін қайтадан
оңалтты. Мемлекетінің
абыройын асырып, іргесін қайта бекіткен көреген саясаткер,
сайыпқыран қолбасы туралы халық эпосы:
Кисмә-кисмә
сары алтын
Кисеп улжа кылдырды.
Идел-йортны жыйдырып,
Өлкән бер туй
кылдырды.
Агаларны алдырып,
Киңәшсез
үскән бу йортны
Киңәшле йорт
кылдырды,
Каланы кайта торгызды,
Илне илгә тутырды,
Уртасына ару урда кундырды [10,171-б] - дейді.
Темір Құтлұқтан
кейін хан тағына отырған Шәдібек 8 жыл ел басқарады.
Бұл жыр версияларында да сәулеленген [10,203-б].
Орыс деректері бойынша Шәдібек,
парсы деректерінше – Темір бек Едігенің қызына үйленген [1,24-б].
Шәдібек өлген соң қайын атасының қолдауымен
оның ұлы Темір таққа отырады. Тақты иеленген
жаңа хан енді Едігенің көзін құртуды
көздейді. Тоқтамыстың баласы Жалил-ад-динмен ауыз жаласады.
Едіге Хорезмге ығысады.
Одақтастар алты ай бойы Хорезмді қоршайды. Алдыртпайды.
Едігені сатқан Темірдің ажалы көп ұзамай
Жалил-ад-диннен келеді. Ханның баласы Алтын Орданың билігін басып алады. Кемеліне келген
соң ол өзінің талантты қолбасысы Каджулай
бастаған қалың қолды Едігені талқандауға
жібереді. Саны жағынан бірнеше есе басым Каджулайдың шеріктерін
өзінің айрықша әскери таланты арқасында Едіге
жеңіп шығады [8,401-402-б]. Каджулайды тұтқындайды.
Алайда, сайыпқыран қолбасының қайтадан Алтын
Ордаға билік жүргізуіне
мүмкіндік болмайды. Біздің пайымдауымызша, көп ұзамай
Жалил-ад-диннің орнын басқан Қадырбердімен
Нұраддиннің татуласып [11,82-б], Нұраддиннің
әскербасы болуы Едігенің қайта оралуына кедергі келтірген. Өз баласына қарсы
соғыс аша алмаған.
1416 жылы Тоқтамыс
балаларымен ауыз жаласып, қайта
күшейген Витовтқа
қарсы аттанып, Литва жерінің шекарасынан өтеді.
Европалық үлгідегі Витовт әскерінің ту талақайын
шығарып, Киевке басып кіреді. Қарсыласқан қалаға
ойран салып, өртеп жібереді.
Қорытып айтқанда, 1399 жылы
12 тамызда Борсықтыда, 1408 жылы Мәскеуде, кейінгі Хорезмді қорғау мен Киевке шабуыл жасауда
Едігенің басшылығымен өткен майдандар – оның
дүние жүзі тарихындағы ұлы қолбасылардың
бірі екенін нақтылы айғақтайды.
Кейбір ғалымдар Едіге
Ақсақ Темірді дипломатиялық әдіспен ғана
тоқтатты деп есептейді. Ал шындығында Едіге Ордада
тұрақты түрде 200 мың әскер ұстаған.
Бұл жөнінде: «У этого Едигуя постоянно имеется в Орде более 200000
всадников» [4,209-б], – деп жазады сол заманды көзімен көрген
білімпаз Р. Клавихо. Сондықтан Ақсақ Темірдің мұнымен де есептесуіне тура келген.
Жоғарыда айтқанымыздай, 1391 жылдан кейін екеуінің жолы
қайта қиылыспаған, бірін-бірі жек көрген. Ол
жөнінде Р. Клавихо: «... а император Тотамих снова бежал. Это повергло в
уныние всех татар; они стали говорить, что их сеньор потерпел поражение, т.к.
удача его покинула, и по этому он был разбит; и начались между ними раздоры. А
один, служивший Тамурбеку по имени Едегуй, заметив, что между татарами начались
несогласия, сговорился с ними, что пойдет на Тамурбека и против всех тех, кто
будет их врагами. И они сделали его
сеньором; а он восстал против Тамурбека и стал искать случая его убить; тогда и
его земля, и Тарталия перешли бы к нему и стали бы его владениями» [4,208-б], – деп жазады.
Тоқтамыстың
өмірінің соңғы жағында Ақсақ Темірге
барып, өзінің Алтын Орда басына қайта оралуына жәрдем
сұрағаны тарихтан белгілі. Ақсақ Темір Қытай
жорығынан соң саған жәрдем беремін деп уәде
қылады[4,209-б]. Бұл
уәдесінің алдында Едігені өз Ордасына шақырып
көреді. Ол оқиға туралы Р.Клавихо былай деп
таңбалаған: «Между тем Тотамих, император Тарталии, и Тамурбек
примирились и вместе стараются обмануть Едегуя. Тамурбек послал сказать ему,
что ведь ему известно, что он в его власти, что он его любит и прощает, если в
чем нибудь против него погрешил, и что
хочет быть его другом; а что бы между ними было родство, он предлагает женить
своего внука на одной из его дочерей. Говорят, что этот Едегуй ответил ему, что
он прожил с ним 20 лет и был тем, кому он более всех доверял, и что знает его
слишком хорошо и все его хитрости и что такими уловками его не провести, что он
понимает, что все эти доводы только для того, что бы обмануть, и если они действительно
станут друзьями, так только на поле брани с оружием в руках, так он им ответил»
[4,209-б]. Бұл дерек Едігенің Ақсақ
Темірден сескенсе де, кейбір тарихшылар айтып жүргендей
қорықпағанын айғақтайды.
Едігеден кейін Алтын Орданың
шаңырағы шайқалып, бұрынғы күш-қуаты
кеми береді. Бұл жағдай
башқұрт версиясында:
Изеукәй һүзен бөткән һуң,
Изеленән
бер йотом
Һыузы
уртлап йоткан һуң,
Илдең
көнө баткандай,
Буйын
монар алғандай,
Етем тороп
калғандай,
Ышык
булған Уралдың
Бар каяһы ишелеп,
Ергә колап
төшкәндәй, [12,169-б],
- деп көрсетілсе, татар версиясында:
Идел-йортны
дау алды,
Яу
өстенә яу килде,
Идегәй
әйткән көн килде.
Чыңгызның
куйган хан тагы
Кан тагы
булып әверелде;
Хан сарае
камалды.
Кырым,
Казан, Аждаркан
Башлы-башлы
ил булды,
Алтын Урда таралды [10,244-б],
- деп баяндалған.
Ал, кейінгі қазақ жыршылары
оны:
Едігем менің
ер еді,
Елдің
қамын жер еді,
Ел шетіне жау келсе,
«Мен барайын!» дер еді, - деп жоқтады.
Оны өте жақсы білген сол заманның тарихшысы: «Правил он всеми делами Дештскими около 20 лет. Дни его
(царствования) были светлым пятном на челе веков, и ночи владычества его яркой
полосой на лике времен» [5,37-б], - деп жазады. Тарихшының бұл сөзін халық
эпосы да жоққа шығармайды[ 10,171-б].
Бұл мәселеге
тоқталған себебіміз, тарихи шындықтың эпос
шындығына айналу процесі қайтіп жүзеге асқанын
зерделеу үшін керек болды.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос.-
Ленинград:Наука,197 - 728 с.
2. Из глубины столетий. 2-е издание. – Казань: Татарское
книжное издательство, 2004.-271 с.
3. Гумилев Л. Н.
От Руси к России. – Мосвка: АСТ, 2004. – 392 с.
4. Клавихо Г. История великого Тамерлана // Властелин Евразии Тамерлан.–Алматы: ТОО
Издательский Дом «Кочевники», 2003. - 360 с.
5. Ибн Арабшах. Чудеса предопределения в судьбах Тимура
// История Кахахстана в арабских источниках. Т. 1 – Алматы: Издательство
«Дайк–Пресс», 2005. – 711 с.
6. Едиге. Ерполат варианты. // Едиге. – Нөкис:
Қарақалпақстан, 1990. –400 б.
7. Мизун Ю.В., Мизун Ю.Г. Ханы и князья.
–Москва:Вега,2005 –336 с.
8. Греков Б.Д,Якубовский А.Золотая Орда и ее
падение.-М.-Л:Наука,1950.-473 с.
9. Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960
– 276 б.
10. Идәгә. – Казан: Татарстан китап
нәшрияты, 1988. – 254 б.
11.Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – Москва:
Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 2001. – 752 с.
12.Башкорт халық ижады. 5-т. – Өфе: Китап,
2000. – 392 б.