Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,
Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың доценті
(Алматы,
Қазақстан)
Ұлпан Сқақова,
Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың магистранты
Мақал-мәтелдердің
зерттелуі
(ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер)
Жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау
жұмыстары ағылшын тілінде көне ғасырда
қалыптасып, осы уақытқа дейін жалғасып келеді.
Тарихи
деректерге сүйенер болсақ, V-ғасырда-ақ өте
көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын
алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты
топтама жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне
айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген
оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты.
Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 мақал-мәтел),
1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 мақал-мәтел) деген
атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында
толықтырылып қайта басылып шықты.
"A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in
the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555,
1560 жылдары жарыққа шығарып, артына өшпес тарихи із
қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood)
болатын.
Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар
мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы
ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica
Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious
Proverbes", 1639 жылы пастор Дж.Клардың (John Clarke)
"Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж.Хербергтің
"Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж.Хауэльдің
"Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж.Рэйдің 'English
Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Кейіннен
бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта
бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе
ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу
үрдісімен шектелгенін көреміз. Ғылыми тұрғыдан арнайы,
жан-жақты қарастырылған ағылшын тілі
мақал-мәтелдерін зерттеу жұмыстарына төмендегі
еңбектерді жатқызуға болады, мысалы:
·
Л.И.Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер
«клише» деген атаумен бір
топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген;
·
С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік
тұрғысынан;
·
Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері
тұрғысынан талдауға арналған.
Ағылшын
тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары А.В.Кунин
есімімен де тығыз байланысты. Ол өзінің «Курс английского
языка», «Курс фразеологии современного английского языка» тәрізді
көлемді ғылыми еңбектері мен «Англо-русский фразеологический
словарь» сөздігі, т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының
кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл
ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы
негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді.
Мақал-мәтелдердің
басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік
ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін
айқын көрсететін тұстардың бірі – аударма жұмысы. Кейбір
жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін
есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден
екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу
барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы
сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес
эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық,
жинақылық, нөлдік қажет.
Т.Баймаханова,
Н.Өтешева, Н.Байтөлеевалардың құрастыруымен
жарық көрген «Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в
русском и казахском языках» атты еңбек – осы мақсатка негізделген,
практикалық мәні бар жұмыстардың бірі.
Дегенмен, ағылшын мақал-мәтелдерінің
қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған
тұстары да бар. Ағылшын тіліндегі
мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап
інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен
таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің
ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес
тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді
белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке
айналған. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn
(сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға
бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath
(сөзбе-сөз аудармасы: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды
қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын
мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске
ұшыраған түрлері де кездеседі. Ақын-жазушы,
саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған
қысқа, әрі нұсқа, айшықты
сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын
байытуға айталықтай үлес қосқан. Мысалы:
Тһе customer is always right (сөзбе-сөз аудармасы: Әрқашан тұтынушынікі
дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда
орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s)
ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Өйткені,
оның барлық дүкендерінде "Тһе сustоmег іs аlways
гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі
дұрыс" деген қатаң қағида
қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы
сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі
қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді
қолдануға даяр, астарлы «авторлық» тіркестердің қоры бар.
Сонымен,
ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды
бөлігі қасиетті кітап інжілден, көрнекті саясаткерлер
сөздерінен, халыққа танымал ақын-жазушылардың
туындыларынан, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды көркемсөз
шеберлерінің сөздерінен бастау алғандықтары
байқалады.
Қазақ және
ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі
айырма: қазақ мақал-мәтелдерінің ауқымды
тобы жеке тұлғаға (би, шешен, ақылғөй, дана
қариялар т.б.) байланысты қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал
ағылшын мақал-мәтелдерінің негізгі бұлағы
діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты
сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы
тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері
ерекше орын алады.
Ағылшын
зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай
келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін
ескертеді және оның алғашқы қолданысын
біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус
(Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады. "Тһеге іs а timе
оf еvегуthing (сөзбе-сөз аудармасы: Әр нәрсенің
өз уақыты бар).
Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен.
Бұл
ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің «То еvегуthing
tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе
һеаvеn». (Аспан астында әр нәрсенің, әр
мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет,
өнегелерінен ықтималдық, тұрақты
қалыпқа енген.
Қазақ-ағылшын
тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер кездеседі. Мысалы, "Таке саrе оf реnсе апd
the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs" (Пэнсті үнемдеп
ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы
құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.
Ағылшын
тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан
денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты
мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Англияда мәдениеттіліктің
негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне ХІV
ғасырда баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік,
ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла
бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың
бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып,
кеңінен қолданыс тапты.
Қазақтың әдет-ғұрпына, өмір
салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара
қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген
адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса,
әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне
карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата
дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас
қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге
тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының
негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі
шыққан кедейлігі, не жетім қыздың
жалғыздығы екендігін дәлелдейді.
Мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне
көнген арулардың қайғы-қасіреті көптеген
мақал-мәтелдердің шығуына себеп болған.
Ағылшын-казақ
тілдерінде наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, ағылшын тіліндегі "Gоd hеlрs thоsе WHO hеlр thеmself"
(Өзіне өзі көмектескендерге құдай да
жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің
жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған "Геракл және
күймеші" атты Эзоптың (Аезор) аңыз
әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің
жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпақка батып
тұрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс
жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шақырады.
Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл:
"күйменің доңғалағының артына
иығынды тіреп итер де, өгізінді алға айда" дейді
және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан
өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой
түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі
жолдармен берілген. Мысалы, Дж.Барэт (Jоһn Вагеі) "Аn Аtуеагіе"
(1580) атты еңбегінде: "Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which
aге іndustrious" (Құдай
еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт (G.
Herbert) "Jасulа Рtudеntum" деген шығармасында "Неlр
tһуsеlf, аnd Gоt will һеlр tһее" (Өзіңе өзің көмектес, сонда құдай
да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре
қолданған.
Б.Франклиннің
(В.Frаnкlіn) алғаш рет 1736 жылы "Рооr Rісһагd's
Аlmаnаск" атты еңбегінде қолданылған мақалы
"Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf" қазіргі
уақытта тұрақты қолданысқа ие.
Қазақ
және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде,
жаратқан ие, алла тағалаға қатысты мақал-мәтелдерді
салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан
өзара сәйкес келетіндігі анықталды. Мақал-мәтелдер
арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу
себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір
сабағының, ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп,
көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының
ұқсастығымен ұштастырамыз. Ағылшын тілінің
фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті
тұжырым, пайымдауларымен танымал ғалым А.В.Кунин де жоғарыда
аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанды.
Дегенмен, аталмыш тұрақты тұлғалардың
құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып,
оларды «коммуникативтік-фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке
қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор
құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін
мақалдар тобын яғни, "all is well that ends well"
(сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі
жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз
ауд.: келбет – алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз
ауд.: ештен кеш жақсы) сияқты оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық
емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді
ұстанушы белгілі ғалымдар – Н.Н.Амосова, А.М.Бабкин, В.П.Жухов,
М.Нагиев, М.А.Филипповская, А.Н.Кожин т.б.
Мақал-мәтелдерді
фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың
көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны
қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді
зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н.Амосова «мақал-мәтелдерді
фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны
жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі
тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне
жауап бермейді» деген пікір ұсынады. Мақал-мәтелдерді
жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік
бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор
еңбек сіңірген ғалым Г.Л.Пермяков аталмыш тұрақты
тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да,
әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді. Осы
келтірілген ой-пікірлерге және зерттеу нәтижелеріне сүйенер
болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға
тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына
тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді
сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада
зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Мақал-мәтелдерді ағылшын сабағына
қолдану.// Иностранные языки в школе, 2005.
2. Кунин А.В. Мақал-мәтелдердің құрылымдық-мағыналық
ерекшеліктеріндегі коммуникативтік фразеологиялық бірліктер. // М., 1981.
3. Адамбаев Б. Ағылшын және
қазақ мақал-мәтелдерінің
құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары.
//Алматы. – 1996, 17 б.
4. Пермяков
Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. Москва: Наука, 1979. – 671 с.
5.
Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық
құрылымдар: канд. дисс. Алматы,
2001. – 114 б.
6. Ағылшын-қазақ тілдеріндегі сөздіктер. 2001.