Қырықбаева Ж.М. –
Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау
мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы
Мемлекеттік тіл және инновациялық әдістеме
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның білім беру
жүйесінде тілдерді үйрету мен үйренудің жаңаша
бағыттары, инновациялық оқытудың психологиялық,
әдістемелік жобалары, инноватика- қазақ тілін оқыту
әдістемесінің тірегі,тетігі, оқытудың жаңа
мазмұндағы түрі екендігі қарастырылады.
Негізгі сөздер:
Білім модельдері, әлемдік білім беру кеңістігі,білім берудің
халықаралық стандарттары,жаңа үрдістің
мақсаты,білімділік пен мінез-құлық мәдениетінің
бірлігі,жаһандық проблема, ақпараттандыру, ғаламдық
коммуникациялық желілер, инновациялық оқыту, толыққанды
дара тұлға,инновациялық әдіс-тәсілдер, инновациялық
әдістеме, инновациялық технология,деңгейлеп оқыту
технологиясы, әдіснамалық негізі, психологиялық дамыта
оқыту ұстанымдары, инновациялық өзгертулер,педагогикалық
шарттар,білім беруді ізгілендіру технологиясы,саралап-деңгейлеп,дамыта
оқыту технологиясы, дербес оқыту технологиясы, коммуникативтік-бағдарлық
тұжырымдар, коммуникативтік, жобалау, жеделдету және
іс-әрекеттік әдістемелер, іс-әрекеттік концепция, компьютерлік
телекоммуникациялық технологиялар, интерактивтік оқыту,
қашықтықтан оқыту
Қазақ
елінің Тәуелсіздігінің бір тұғыры –
қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Тіл достық пен түсіністік орнатудың
алтын көпірі, елшісі. Бүкіл халықтың
әдет-ғұрпын, салт-санасын, мәдениетін, тарихын,
әдебиетін игеру – тіл арқылы жүзеге асады. Қазақ
тілі – әлемдік деңгейдегі дамығын тілдердің
қатарында десек артық емес. Оның себебі –
Қазақстан деген мемлекет,тарихи отаны бар, сол тілде
сөйлейтін қазақ деген
ұлты бар, осы тілде зерттелетін ғылымы мен мәдениеті, тарихы
бар тіл дамыған тілдердің қатарына жатады.
Елбасы республикадағы
тілдер мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді.Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбевтың
жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында осынау рухани
қазынаға қатысты тамаша ой-тұжырымдар айтылады. Еліміз
егемендік алғаннан бері білім беру саласы да жаңаша
талпыныстарға ие болды. ҚР Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев
қол қойған ҚР «Білім туралы» Заңы тарихи
мәні ерекше айтулы оқиға болып табылады. Білім жүйесін
реформалау үрдісінің басталуы Қазақстандық білім
беруді әлемдік стандарттарға барынша жақындатып, әрі
қарай серпінді дамуының оңтайлы ықпал етері анық.
Негізі, «Жалпыға арналған білім» моделінен «таңдау бойынша
берілетін білім» моделіне өтуге
бағдарланған реформалау жүйесі Қазақстан
үшін өте маңызды.Қазіргі таңда жүзеге
асырылып жатқан реформада білім жүйесінің барлық
деңгейі және бүгінгі күннің талаптары
жан-жақты қарастырылған», – деп көрсеткен. Білім сапасы
– жаһандық проблема. XXI ғасырдың жан-жақты,
дарынды, талантты, білімді адамын қалыптастыру мақсатындағы
білім беру мәселесі мемлекеттің назарында. Білім беру ісіндегі
жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты
Қазақстан Республикасының білім беру ісін әлемдік білім
беру жүйесіне көтеру қажеттігімен тығыз байланысты. XXI
ғасыр – білім ғасыры болып табылады. «Білім туралы» Заңда
қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 1997
жылғы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне
сәйкестендірілген. Осы заңның 8-бабы білім беру
жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру,
халықаралық, ғаламдық, комуникациялық желілеріне
асығу деп аталып отыр. Әлемдік білім беру кеңестігіне ену
педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде елеулі
өзгерістерге әкелді:
● білім беру парадигмасы өзгерді;
● білім берудің мазмұны жаңарды;
● жаңа көзқарас, басқаша
қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болды;
● педагогикалық технологияның кеңінен қолдануына
және рөліне мән берілді.
Халықаралық талаптарға сай жаңа білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері айқындалды:
1) білім беруді халықаралық стандарттар сапасымен;
бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету;
2) білім жүйесінің инновациялығын ұлттық және
халықаралық мойындалған білім моделдерінің өзара
ықпалдастығы негізінде қамтамасыз ету;
3) болашақтың сапалық деңгейін озық
бағдарлылықпен қамтамасыз ету т.б.
Қазіргі кезде білім берудің барлық сатыларында күрделі өзгерістер
болып жатқаны баршаға мәлім.
Қоғамның бет-бейнесін белгілейтін
білім мен ғылым. Оның
негізі – тіл. Оқудың
мазмұны мен әдістерін қазіргі білім беру жағдайына сай бейімдеу,
өзге ұлт аудиторияларында қазақ тілін оқытудың әдістемесін, оның тарихы
мен негізгі даму үрдістерін зерттеу
және зерделеу мәселесі өзекті деп танылуда.
Әлемдік білім кеңістігіне енудің негізгі жолдары Білім
жүйесінің Тұжырымдамасында
көрсетілген. Соның бір саласы - мемлекеттік тіл.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде қоғамның,
өзгетілді ұлт өкілдерінің қажеттілігін,
сұранысын өтейтін тіл дәрежесіне жеткізу. Ғаламдану
үрдісінде бәсекелестікке төтеп бере алатын
қоғамның мүддесі мен мақсатына қызмет
ететін қазақ тілін сол деңгейге жеткізу және
басымдылық беру, халықаралық беделін
нығайтуға жағдайлар жасау, барлық білім беру
жүйесінде мемлекеттік тілді оқытудың бірізділік жүйесін
жасап, саннан сапаға көшіріп, оқулықтарды
халықаралық стандартқа сай деңгейлік –
көпдеңгейлік жүйеге сәйкестендіру -білім
кеңістігінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік тілді
оқытудың реформалық сипаты.
Мемлекеттік тілдің пән ретінде қалыптасып, оған
деген қажеттіліктің өріс ала бастағанына көп
уақыт бола қойған жоқ. Жоғары, орта арнайы білім
беру орындарында «Кәсіби қазақ тілі», «Іс
қағаздарын жүргізу» пәндерінің оқытыла
бастауы, мемлекеттік қызметкерлер, ересектер үшін жеделдете
оқыту курстары,тілді оқыту орталықтарының ашылуы тек
соңғы кездерде ғана нақты іске аса бастады. Өзге
ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі
- мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің ғылыми
және теориялық негіздерін жан-жақты терең зерттеуді,
жүйелеуді қажет етіп отыр.
Бұл бағытта мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне
оқытудың мәдениаралық коммуникация, тілдік
мәдени, психолингвистикалық және психофизиологиялық,
дидактикалық, андрогогикалық, аксиологиялық, акмеологиялық,
антропоцентристік, әлеуметтік және оқытуды қазіргі
жаңа технологиялар тұрғысынан ұйымдастырудың
педагогикалық негіздерін зерделеу маңызды болып табылады.Бүгінде көптеген зерттеулердің нысанына
айналып үлгерген мемлекеттік
тілді өзге ұлт өкілдеріне
оқыту
әдістеменің жеке
саласы ретінде ғылымда нық
бекіді деп айта аламыз. Әдістеме сипаттамалы теориялық тіл білімінің практикалық қосымшасы болып
есептеледі, сондықтан ол тіл ғылымының дамуымен бірге дамып, жетіліп отырады. Соның ішінде мемлекеттік
тілді оқыту мәселесі
қазақ тілі
әдістемесінің үлкен бір арнасын құрайды
және жалпы әдістеменің
бір саласы ретінде
теориялық та, практикалық
тұрғыдан да бүгінде
даму, қалыптасу
үстінде.
Елбасы Жолдауында мемлекеттік
тілге қатысты өз ой-пікірін халыққа жақсы
жеткізді. «Үкімет «Тілдердің үш
тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды
жеделдетуге тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру
қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді. Халықаралық
тәжірибеге сүйене отырып қазақ тілін
оқытудың қазіргі заманғы озық
бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет.
Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік,
инновациялық әдістемелік, тәжірибелік
оқу-құралдарын, аудио-бейне материалдарды әзірлеу
керек».
Қазақстан
білім жүйесінің әлемдік кеңістікке өтуіне орай жоғары
оқу орындарының өзгетілді аудиторияларында мемлекеттік тілді
оқыту кредиттік жүйеге көшіріліп, жаңа
халықаралық стандарттық оқу нұсқаларынан
бастау алды.Бүгінде Қазақстандық жоғары оқу
орындарының өзгетілді аудиторияларында Қазақстан
Республикасы білім беру саласында қабылданған Стандарттармен «Шет тілдерді
меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттері:
«оқу, оқыту, бағалау» (Страсбург-2001)
халықаралық стандарттардың әдіснамалық
нұсқаларын басшылыққа ала отырып, осы бағдарламалық ұстанымдардың негізінде жасалған қазақ
тілінің практикалық курсының деңгейлік типтік бағдарламасын,силлабус үлгілерін, және жаңа типтегі оқу-әдістемелік кешендерді, сабақ үрдістеріне қатысты әдістемелік нұсқауларын
қолданып жүрміз.Сондықтан
білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
арқылы оқыту, халықаралық стандарттар бойынша тілдерді
оқыту ұстанымдары мемлекеттік тілді үйрету мен
үйренудің сипатын өзгертіп, жаңаша
бетбұрыстарға жол ашты. Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытудың
көпдеңгейлік халықаралық стандарттық жүйесіне көшу тіл
мамандарын, әдіскерлерін, ғалымдарын ойландырып
толғандыратыны сөзсіз. Осы орайда атап өтетін
жәйт, профессор Ф.Ш.Оразбаеваның басқаруымен даярланған
жаңа типтегі көпдеңгейлік ОӘК республика бойынша мектеп
және жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасы
бойынша жоғары оқу орындарында мамандықтарды
жетілдіруде мамандарды дайындау үрдісінде инновациялық даму
стратегиясын жүзеге асыру ісі
қолға
алынып, білім игертудің тиімді, ұтымды жолдары табылып,
жаңашыл технологиялар арқылы білім жүйесі бірізділікке,
жүйелілікке, тұтастыққа негізделді. Елімізде білім
жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай
отырып, жаңаша дамыту жолдары да қарастырылуда. Әрине,
оңтайлы білім жүйесін таңдаған ел ғана
өзінің ғылыми, рухани, интеллектуалдық,
технологиялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алады
және әлемдік қауымдастықта көшбасшылық орын
иеленеді. Инноватика - қазақ тілін оқыту
әдістемесінің тірегі, тетігі.
Инновация – педагогикалық
категория ретінде жаңғырту,
жаңарту түсінігін береді, яғни оқу-тәрбие
үрдісінде жаңа идеяларды енгізу немесе оқу үрдісін
жаңаша ұйымдастыру болып табылады. «Инновация» сөзі (латынның in – в, novus – новый)
нақты аудармасы жаңа емес, жаңартуда
дегенді білдіреді.
Инновация – жаңаша ойлаудың жолы. Соңғы жылдары оқу
үрдісін ұйымдастыруда инновациялық оқытуға
көп көңіл аударылуда. Инновациялық
оқытудың жан-жақты дидактикалық, психологиялық
және әдістемелік жағынан жобалары дайындалып, оқу-тәрбие
үрдісінінің бағытын өзгертуде білімді
меңгертудің негізгі стилі ретінде қарастырылуда. Сонымен
қатар, оқытудың дамыта оқыту, проблемалық
оқыту, шығармашылықпен оқыту үрдісінде
инновациялық оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен
мүмкіндіктері ашылып, әдістеме саласын жаңартудағы орны
мен қызметі анықталып, ғылым ретінде ғылыми
тұрғыдан өзекті нысана болып қарастырылуда.
Инновациялық
оқыту – оқу-тәрбие жүйесінде білім
алушының жағымды қасиеттерін жетілдіруге,
толыққанды дара тұлға болып қалыптастыруға,
жаңа типтегі педагогтердің педагогикалық шеберлігін
танытуға, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
пәнаралық байланысты дамытуға бағытталған
нәтижесі бар, оқытудың жаңаша формалары мен тетіктеріне негізделген
ізденімпаздықпен байланысты оқытудың жаңа мазмұндағы
түрі.
Инновациялық
тәсіл – білімді өз күшімен игеруге
ұмтылдыру, оқушының интелектуалдық қабілетіне
қарай іздену жолына түсіру, жаңа ситуацияда жол табуда
өз бетінше тұжырым жасауға, іскерлік қабілеттерін
арттыруға бағытталған жол. Білім беруді жаңа
мазмұнға көшіруде, қолдануда және оқытушы
оқу үрдісінде оны жүзеге асыру үшін, оқыту
моделдерін технологиялық
және ізденімпаздыққа негіздей
алады. Әр оқыту моделінің жаңаша бағыттары бар.
Инновациялық
әдістеме – бұл әдістеме
инновациялық әдіс-тәсілдер мен дидактикалық
құралдарды қолдану арқылы оқу үрдісінде
білім игертудің сипатын жаңашыл технологиялармен өзгертуге
негізделген. Бұл әдістеменің міндеті – тіл үйренушіге білім игертуде қазақ
тілінің әдістемелік жүйесіне (мақсат, мазмұн,
әдіс, құрал, форма) жаңа инновациялық
өзгертулер енгізу және ғылыми тұрғыдан да
дәйектемелермен жаңарту.
Инновациялық әдістеменің негізгі құрамдас
бөліктері:
● оқу үрдісін ұйымдастырудың
психологиялық және дамыта
оқыту ұстанымдары;
● білім игертудің педагогикалық және дидактикалық
негіздері;
● қазіргі кездегі тіл үйренушілердің танымдық
белсенділіктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары;
● тіл үйренушінің қадамдық
ақыл-ой, іс-әрекеттерін қалыптастырудың
теориялық негіздері, әдіснамалық ұстанымдары, білім
беру технологияларының шығармашылық сипаты. Жаңашыл
әдістеме – қазақ тілі оқыту әдістемесін
шығармашылықпен, ізденімпаздықпен ғылыми
тұрғыдан жаңа қағидалармен,
тұжырымдамалармен дамыту болып табылады. Сондықтан да білім
берудің жаңашыл технологияларының қазақ тілін
оқытуда алатын орны ерекше. Белгілі ғалым М.Махмутов «Современный
урок» деп аталатын еңбегінде ұстаз оқытуда
оқушының бойындағы табиғи талантын өзінің
түрлі әдіс-тәсілдері арқылы шешу керек деп
көрсеткен. Олай болса, бүгінгі күннің ұстазынан
қоғам ізденімпаздықты, педагогикалық шеберлікті,
біліктілікті талап етеді.
Инновациялық
әдістемесінің мазмұнында:
· оқытудың жаңаша стилі мен жаңаша ойлау арқылы
қабілетіне қарай қолдана алуы;
· білім беруде педагогикалық және оқыту технологияларды
оқытушының өзгерте алуы;Тіл үйренуші оқыту
іс-әрекеттеріне белсенді субъект ретінде қатысады. Оқытушымен
бірге алған білімнің нәтижесіне де өзіндік болжам жасай
алады.Білім беру үрдісі – оқыту үрдісін дұрыс
айқын жолмен ұйымдастырып, белгілі бір мақсатқа дейін
жеткізіліп, күтілетін нәтижелер қамтылады.
Технология – сабақ үрдісінің қадамдарын (этап) бірізділікпен,
жүйелілікпен іске асырудың айқындалған белгілі бір
тәсілі, яғни сабақты дұрыс ұйымдастырудың
шешуші жолы.
Инновациялық
технология – «инноватика» - жаңаны
тану (грек тілінен аударғанда искусство
учения) оқыту өнері
дегенді білдіреді. Жаңаны тану ғылымы – біруақытта
ұйымдастырушылық,материалдық, дидактикалық және
құрылымдық жағынан оқу үрдісінің
сапасын арттыру үшін кешенді технология жасауды қарастырады.Қазіргі
уақытта оқу үрдісіне еніп,қолданылып жүрген
технологиялар: деңгейлеп оқыту, программалап оқыту,
модульдік, блоктық жүйе негізінде оқыту, қашықтан
оқыту, дамыта оқыту, саралап оқыту, жекелеп оқыту,
ұжымдық оқыту т.б.
Қазақ тіліне деген соңғы уақытта
қалыптасқан қоғамдық көзқарас, оны
оқу, оқыту ісінің түпкілікті өзгеруі түрлі
әдістемелік ізденістерге жетелеуде. И.Л.Бим, Е.И.Пассовтың шет
тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту,
Г.А.Китайгородскаяның жеделдете оқыту, Ильясованың
іс-әрекеттік оқыту т.б. тұжырымдамалары осы
бағыттағы ізденістердің ұсынған нәтижелері
болып табылады [1;2].
Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің бүгінге дейін
жинақтаған тәжірибелерін
технологияландыру арқылы оқыту процесіне енгізу тілді оқыту процесін
жеделдетуге, тиімділігін
арттыруға негіз болатыны анық. Осы тұста жоғары
мектептің өзге ұлт
аудиторияларында қазақ тілін оқытуда коммникативтік
әдістемені қолдану алға қойған мақсат пен нәтижеге қол
жеткізудің тиімді жолы
болмақ.
Жаңашыл технологиялардың қазақ тілін оқытуда
өзіндік ерекшеліктерін айқын танытқан, технология негізін
қалаушы ғалымдарды да жинақтап көрсеткен ғалым
А.Қалниязова. Ойын, тірек нүктелері арқылы ойлау
белсенділігін ояту арқылы ізгілендіру мен жариялық технологиясын
қалыптастырған Ш.А.Амоношвили, Е.Н. Ильин болса, проблемалық
оқытуды қатысым құралдары арқылы
меңгертудің негізін қалаған ғалымдар ретінде В.Ф.Шаталов, Е.И.Пассов,
Ф.Ш.Оразбаева, бағдарламалық оқытуды Ю.А.Самарин, модульдік
оқытуды К.Б.Жақсылықова, деңгейлеп оқытуды
Е.Қадашева, блоктық оқытуды Н.Жанпейісова,
қашықтан оқытуды Г.К.Нұрғалиева,
Д.Н.Жүсібалиева болып саналады.
Педагогикалық технологияны тиімді, ұтымды ұйымдастыру мен
басқаруға негіздеп қалыптастырған ғалымдар да
бар. Олар В.Ф.Фирсов, Н.П.Гузик. Бағдарламалық оқыту,
жекешелендіріп, даралап оқыту әр субъектінің деңгейіне
лайықты тапсырмалар құрастырудың негізін
қалаған А.С.Границская. Педагогикалық технологияны дидактикалық
меңгертудің әдіснамалық негізін, олардың
бірліктегі бөліктерін шоғырландырудың қағидасы
қаланды (Т.М.Эрдниев, В.С.Библер). Оқытуды ізгілікті
мазмұнға ыңғайлаудың негізін жетілдірген
М.П.Шетинин, оқу үрдісін технологиямен жобалаудың негізін
қалаған – В.М.Малахов болып саналады, ал тұлғалық
даралық келбетке өзін-өзі бағалаудың негізін
Г.К.Селевко қалыптастырды. Оқыту технологияларын жетілдірудің
психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі
ой-тұжырымдарды қазақ ағартушылары А.Байтұрсынұлы,
Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. дәлелдеп
ұсынған.
Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген
жаңаша оқыту үш бағытты қамтиды. Олар:
а) білім беруді ізгілендіру технологиясы;
ә) саралап-деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясы
б) дербес оқыту технологиясы, коммуникативтік бағдарлық
әдіс.
Оқытуда өзге
тілдің мәдениетіне үйретудің мақсат етілуі
оған қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілейтін жаңа
әдістемені талап етті. Осы орайда коммуникативтік әдістеме ұстанымдарының
маңыздылығы мен қажеттілігі айқындалып, оның
логикасы тілді оқытуда өзге тілдің мәдениетіне
оқытуға құрылды. Ал мұндай жүйе тек
коммуникативтік негізде ғана жүзеге аса алады.
Коммуникативтік-бағдарлық
әдістемелер тіл үйренушілердің шығармашылық
әрекетіне және қатысым әрекетіне негізделген. Бұл
бағытта бүгінде белгілі болған оқыту әдістерін
салыстырып отыру маңызды, себебі жаңадан пайда болатын
әдістемеге нақты әдіс негіз болады. Сонымен қатар,
әдістерді салыстырып, олардың артықшылық, кемшілік
сипатына талдау жасау оқытушы жұмысын дұрыс жоспарлауға, ұйымдастыруға
бастама болады. Әр әдістің өзіндік ерекшеліктерін
білмей тұрып, олардың ішінен тиімдісін таңдап алу
мүмкін емес. Тілді оқытуда әдісті дұрыс таңдау
үшін ұжымның ерекшелігін, тіл үйренуші
тұлғалық қасиет-сапаларын, жасы мен
қызуғышылығын, дайындық деңгейін, оқу
мерзімін, процестің техникалық жабдықталуын
басшылыққа алу өте маңызды.
Тілді оқытудың
әлемдік тәжірибесінде коммуникативтік-бағдарлық
тұжырымдарды негізге ала оқыту әбден қалыптасты.
Мұндай әдістемелердің қатарында коммуникативтік,
жобалау, жеделдету (интенсивті) және іс-әрекеттік әдістемелер
кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, қазір
әлемдік әдістемелік тәжірибе дәлелдеп отырғандай,
коммуникативтік әдістеме тілді қарым-қатынас
құралы ретінде меңгертіп қана қоймайды, тіл
үйренушінің жеке тұлғасын жан-жақты дамытуды да
қамтамасыз ете алады. Соңғы жылдары білім беруді жобалау
тенденциясы қалыптаса бастады. Бұл әдістеме білім
берудің гуманитарлық-көркемдік және ғылыми-техникалық
бағыттарының бірігу нәтижесінде пайда болған жобалау
мәдениетімен тығыз және жабдықтау өнерінің
жалпы формуласы болып табылады. Жобалау әдістемесі де дәл осындай
іс-әрекет мәдениетіне үйретуді мақсат етеді.Жобалау
мәдениетін игеру арқылы үйренуші шығармашылық
ойлауға, өз әрекетін өзі құруға,
нәтижесін болжауға, алдында тұрған міндеттерге
қол жеткізудің нақты әдістері мен жолдарын
меңгеруіне мүмкіндік алады. Жобалау мәдениеті қазіргі
кезде білім беру практикасының барлық салаларында жобалау
әдісі және оқытудың жобалау әдістемесі деген
атаумен кеңінен қолданылып жүр. Бұл әдіс тілді
оқытуда да белсенді түрде қолданылады.Ғылым мен
техниканың қарқынды өріс алып, жетілген заманында
дамудың интенсивті жолдарын анықтау және оны қолдану
күрделі мәселе болып отыр. Бұл бағыттағы ізденістер
өткен ғасырдың 60-70-жылдарында қарқынды
түрде жүргізіліп, нәтижесінде үйренушіге суггестивті
ықпал етуге негізделген жаңа әдістер пайда болды.
Суггестивтік бағыт болгардың психотерапевт-ғалымы
Г.Лозановтың суггестияны оқыту
процесінде тіл үйренушінің психикалық
мүмкіншіліктерінің белсенділігін арттыру құралы ретінде
пайдалану барысында пайда болды.Г.Лозановтың идеялары тілді жеделдете
оқытудың бірқатар әдістемелік жүйелерін
қалыптастыруға тірек болды. Жеделдете оқыту моделі
алғашқыда қысқа мерзімді курстарда ересектерді
жеделдете оқыту үшін қолданылды, бірақ кейін оның
барлық жас үшін тиімділігі дәлелденді. Г.Лозановтың пайымдаулары
кейінірек Г.А.Китайгородская, Н.В.Смирнов, И.Ю.Шектердің зарттеулерінде
жалғасын тауып, дамытылды. Бүгінде тілді жеделдете оқыту
көптеген әдістемелік жүйелерде қолданылып жүр.
Олардың қатарында Г.А.Китайгородскаяның жеке
тұлға мен ұжымның мүмкіншіліктерінің
белсенділігін арттыру әдісі көпшілікке мәлім.Тілді
оқытудың іс-әрекеттік әдістемесі оқудың
іс-әрекеттік концепциясына суйенеді. Іс-әрекеттік
концепцияға
П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру
теориясы негіз болды. Осы теория бойынша нақты оқытудың технологиялары
іске асып, іс-әрекеттік әдістеме деген атау алды. Түптеп
келгенде, іс-әрекеттік оқыту оқытудың
іс-әрекеттік аспектісімен сәйкес келеді. Оқытудың
іс-әрекеттік аспектісі таным нысанын белсендіру, оқуды белсенді,
саналы, шығармашылық әрекет ретінде ұғыну идеясын
ұстанады. Аталмыш әдістеме қарым-қатынастың
регулятивтік, танымдық,
құндылықтық-бағдарлық және
этикалық қызмет түрлерінің барлығына үйретуді
көздейді. Бұл әдістеме тілді ересектерге де,
оқушыларға да оқыту барысында қолданылады. Қазіргі
кезде айтылып жүрген оқытудың жаңа бір түрі –
қашықтықтан оқыту болып табылады. Қашықтықтан
оқыту – үйренуші мен үйретуші арасындағы тікелей емес,
қашықтықтан жанама байланысына негізделген оқу
түрі. Әдетте сырттай оқу деген атау алған
оқытудың бұл түрі тілді оқыту әдістемесінде
басқа салалардағыдай кең тарала алған жоқ, себебі
тілді үйретушісіз оқудың нәтижесі болмайды деп
есептелінді.
Дегенмен, қашықтықтан оқытудың тілді
үйретуде қолдану тетіктерін жетілдіру бағытында
көптеген ізденіс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде
тілді қашықтықтан үйретуде компьютерлік телекоммуникациялық технологиялардың
мүмкіншілігін пайдалануға айрықша мән беріле бастады.
Мемлекеттік тілді өзгетілді аудиторияда оқыту жүйесі
деңгейлеп оқыту технологиясына негізделген. Білім жүйесінде
деңгейлеп оқыту технологиясы заманалық озық
технологиялардың қатарына жатады. Қазіргі уақытта
оқыту үрдісінде қолданылып жүрген деңгейлеп оқытудың жобасы
төмендегідей үлгілерде көрсетілген.
Қазақ тілін деңгейлеп оқытудың лингвистикалық-коммуникативтік
жүйесі


Қазақстанның білім жүйесін реформалау
үдерісіндегі бұл кезең оның даму эволюциясының жаңа
сипаттағы кезеңі болып табылады. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістер
мен толықтырулар Қазақстанның білім жүйесін
халықаралық білімдік кеңістікте тұрақты әрі
орнықты дамытуды мақсат етіп отыр. Жаңа заң –
Қазақстан азаматтарының сапасын арттыра отырып, әлемдік
білім кеңістігіндегі тарихи міндеттерді жүзеге асырудың
кепілі болмақ. ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы
Ж.Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер», – деген екен. Жаңаны танып,
жаңашыл технологияларды оқып үйрену – оқытушы қауымына
үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Резюме
В этой статье рассматривается
проблема реализации реформы в системе образования РК, определяется место и
функции инновационных технологий в методике обучения государственному языку.
Summary
The article deals with the realization of reforms in the education
system of the Republic of Kazakhstan,
the place and functions of innovative technologies in the methodology of
training state language are defined.