Қазақстан Республикасы
Т.Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық
өнер
академиясының профессоры
Үдербаева А.Ө
Бүгінгі қоғамдағы
дубляж өнерінің алатын орны
Дубляж жасау шеберлікті қажет ететін үлкен сала.
Дубляж өз алдына бір
дүние. Оның техникалық және шығармашылық
бөлімдері бар. Шығармашылық бөлімнің ішіндегі
аударма саласының өзі бір төбе. Былайша айтқанда,
аудармашылар тобы, артистер тобы және техникалық мамандар тобы
жұмыс істейтін, көпқырлы арнайы бөлім. Аудармашы
мәтінді аударып береді, ал редакторлар өңдейді, режиссерлар
болса емеурінге келтіру жағын реттейді. Техникалық
жағы өте маңызды. Қосанжар дауыстар (интершум) деген
бар, мәселен, табиғаттың дыбыстары, желдің
соққаны, шөптің сыбдыры, сиырдың мөңіреуі,
адамның жүрген дыбыстары т.б. бұларды да үйлестіре білу
керек. Барлығының өз өлшемі бар, соның
барлығын өз орнымен үйлестіргенде ғана жаксы
аударылған кино шығады.
Дыбыс
табиғаты. Дыбыс ырғағы, дыбыстың күші, дыбыс
әуені. Дыбыс туралы ұғым.
Жаратылыстағы серпінді (сығылмалы)
мүшенің, нәрсенің белгілі бір ортада теңселіп,
қозғалуының нәтижесінде пайда болған,
құлаққа естілетін әр алуан үн,
сыбыс-сылдырдың бәрі – дыбыс деп аталады. Ол бізді
қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту
мүшемізге сезіліп, әсер етеді. Дыбыс өтетін орта – ауа
кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда
болуы мүмкін емес
Дыбыстың
акустикалық мінездемесі.
Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика (грек тілінің
akustikos - «естілу» деген сөзінен алынған) деп аталатын саласы
қарастырады. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді
ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені,
дыбыстың созылыңқылығы.
Дыбыс
ырғағы белгілі бір
уақыт мөлшері (1 сек.) ішіндегі жиілік (16 Гц. - 20000 Гц.
аралығында) саны. Жиілік саны неғүрлым көбейе берсе,
дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе
береді. Керісінше, жиілік саны азайған сайын дыбыстың
ырғағы солғындап әлсірей береді. Сөйлеу тілінде
айтылатын дыбыстардың ырғағы фразалардың
түрлеріне және олардың эмоциялық бояуы мен экспрессивті
қызметіне қарай өзгеріп отырады. Дыбыс
ырғағының өзгеруі екпінге қатысты
құбылыстарда (интонация, мелодика т.б.) айрықша маңызды
қызмет атқарады.
Дыбыс
күші дірілдің
қарқынынан шығады. Егер дірілдің амплитудасы (амплитуда
– латын тілінің amplitude «кеңдік», «көлемділік» деген
мағынадағы сөзінен алынған), яғни
қарқыны неғұрлым көбейе түссе, дыбыс
күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді.
Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен
қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің
динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы, атқаратын
қызметі басым болады.
Дыбыс
әуені. Дыбыс
толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы негізгі тон мен
бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады. Көмекші
тон – обертон (неміс тілінің oberton - «жоғары тон» деген
сөзінен алынған) деп аталады. Дыбыстың әуені осы
аталған обертондардың санына және олардың дыбыс
ырғағы, дыбыс күші жағынан негізгі тонмен
арақатысына байланысты болады.
Дубляж жасаудағы
кейіпкердің ішкі толқымалы көңіл күйін,
тербелісі, сырттан берілетін дауыспен айтпай жеткізудің жолдары.
Жалпы дубляж тілі қарапайым тіл.
Аудармашылар түрлі жанрдағы фильмдер мағынасындағы
бояуын бере отырып аударуы, ал дыбыс актері окы түсініп айтуы керек.
Мынадай бір «Жақсы әртіс жаман сөзге жан кіргізеді, жаман
әртіс жаман сөздің жанын алады» деген сөз бар.
Яғни, әдемі маржандай сөздің мағынасын
дұрыстап түсініп, алдын ала дайындау керек. Қай жерінде
күледі, қай жерінде жылайды, қай жерінде тыныс алады,
соның бәрін алдын ала біліп тұруы керек. Мәселен,
Шыңғысханның дауысын дыбыстауым керек болса, ол үшін
мен алдын ала Шыңғысхан қалай сөйлейді, соны біліп
алуға міндеттімін және артистің түріне қарай
дауысымды бейімдеуім керек. Мысалы, ол денесі үлкен адам болса,
жіңішке дауыспен іңкілдеп тұрсаң болмайды. Тойға
барсаң киініп баратының секілді, дыбыс берер алдында дауысыңды
дұрыстап, сахналық түрге келтіріп алу қажет.
Өйткені бұл фильмді миллиондаған көрермендер
көреді. Сенің сөзің әрбір адамның
құлағына нақты әрі жағымды естілуі тиіс.
Әдетте кинодағы барлық әдістердің
әрқайсысына бір-бір адамнан дыбыс беру мүмкін емес.
Сондықтан да бір адам бірнеше дауысты дыбыстай білуі керек. Сонда
ғана ол нағыз дубляж маманы бола алады.
Сөйленетін
сөздердің ұзын-қысқалығы, айтылған
сөздің ауыз қимылымен, ерін жыбырымен бірдей шығуы.
Кезең. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
Қысқа кезеңдерде тематикалық
қарама-қарсылықтар (контраст) кездеседі, бірақ ол
қатты дыбыс ретінде сирек кездеседі. Үлкен кезеңде жылдам
темп пайда болғанның өзінде-ақ, ол жеткіліксіз болады,
сондықтан кей жағдайда тематикалық білім енгізіледі. Ол бастапқы
дыбыстан анағұрлым өзгеше болып айқындалады.
Бұдан басқа да мынандай кезеңдер бар, мұндағы
әр дыбыс өз еркімен өмір сүруі керек, сондықтан
олар күрделі деп аталады. Олар қарапайым кезеңге
ұқсас болады.
Сөздің
тура және ауыспалы мағынасы. Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым,
түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы тура
мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы,
тура мағынасында колданылмайды. Мысалы, Құрман
ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа
үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер
өздерінің бастапқы тура мағыналарында
қолданылған.
Тілдегі
бір сөз, негізінде, бір мағынаға ие болады. Әр
сөзді сөйлемде өз орнына, өз мағынсында
дұрыс қолдану үшін сөздің негізі мағынасын
білу өте қажет. Сөздердің мағынасы сөйлем
ішінде белгілі бір контексте ғана
Айқындалады.
Тілдегі сөздердің барлығы бірдей дербес ұғымды,
бір мағыналы болып келмейді. Кейде бір сөздің әр
сөйлемде әр түрлі сөздердің тіркесіне қарай
беретін мағыналары құбылып, көп мағыналы болып та
келеді.
Дубляж режиссерінің жұмыс жасау ерекшеліктері.
Эвфемизм-бірмәнділік, тұлғалылық,
тіркесімділік, ықпалдылық,
түрлендірімділік,
сапалық.
келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай
шарттар
бар:
-
бірмәнділік - тіл
дыбыстарының бірмәнді анықталатындығын талап
етеді;
-
тұлғалылық -
артикуляциялық орында пайда болу сапасының табиғи
тұрақтылығын, әрі баламасыз жеке даралығын
байқатады;
-
тіркесімділік - тіл дыбыстарының
тіркесе алатындығын, әрі тіркесе келе үздікті тізбек
құрайтындығынкөрсетеді;
-
ықпалдылық - туынды
мәннің пайда болу ықтималдығын қамтамасыз етеді;
-
түрлендірімділік - туынды
мәннің пайда болуы сөз тұлғасын
түрлендіруге ықпал ететіндігін көрсетеді;
-
сапалылық - тіл
дыбыстарының лингвистикалық қолданбалылығын
кәрсетеді.
Қорыта айтқанда, дубляж
өте күрделі сала. Оның қаншалықты қиын,
машақаты мол екенін көрермен көп біле бермейді. Оны тек сол
қазанда қайнап, сол өмірмен бірге қайнасып кеткен
дубляж шеберлері ғана біледі. Мүның өзі кинодағы
кейіпкер мінезін дыбыс әуені арқылы ашатын өнер, ең
әуелі дыбыстаушы мен кейіпкердің үні барынша сай болуы шарт
екендігіне көз жеткіземіз.
Ол
үшін дубляж режиссері актерлерге бағыт бере отырып жұмыс
істеуі керек. Қосанжар дыбыстың бәрін беріп,
актерлердің дауыс ерекшеліктеріне қарай дыбыстарды бөлу
қажет болады.
Дубляж,
аудармадан басталады. Аударманың тілін көркем етіп, шұрайлы
тілмен аударса жақсы нәтиже шығады. Киноның
өзінің қаппы, сөйлеу тілі, стилі болады. Бұл
жерде дәрігердің сөзі, лауазымды тұлғаның
сөзі, қарақшының сөзі бар. Аудармашы осының
бәрін мағынасындағы бояуын бере отырып аударады, ал актер оны
түсініп айту керек. Осы жұмыстардың бәрін бір
арнаға түсіріп, актер таңдау, оның дауыс ерекшеліктерін
білу, музыка, косанжар дыбыстарды таңдау, дыбыс режиссерімен қоян
қолтық жүмыс жасай алатын білікті дубляж режиссері
қажет. Әр жүмысты өз маманы істеу керек. "Алтынды
зергер соқсын" дегендей дубляжды дубляж режиссері істесі абзал.
Сонда ғана ол керерменнің де көңілінен шығады.