Ф.ғ.к. Жүсіпов А.Е.

Аға оқытушы Төлеужанова Ж.М.

Аға оқытушы Қабиева А.Ш.

Оқытушы Жүсіпова А.Е.

Оқытушы Ақажанова А.А.

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

 

Қазіргі тіл білімі бағалауыш сөздің семантикалық прагматикалық сипатының теориялық негіздері

 

Қазіргі заманғы семантиканы зерттеуге бағытталған еңбектердің басым көпшілігі көрсетіп отырғандай, тілдік бірлікті зерттеудің басты міндеті лексикалық семантика шеңберінде ғана қалып қоймай, күрделі де сапалы зерттеу жүргізудің қажеттілігі туындап отыр. Тілдік бірлікке нақты тілдік жағдайда ғана сипаттама беруге болатындығымен түсіндіруге болады, сондықтан қазіргі уақытта ғалымдардың басым бөлігі тілдің семантикасы мен прагматикасы арасындағы байланысқа молынан көңіл бөле бастады. Осы тұста түрлі деңгейдегі тілдік бірліктің қалыптасуы мен қызметіне ұлттық әлемдік тілдің әсері де шеткері қалып отырған жоқ [1; 2; 3].

Адам, оның қызметін тілді оқу үрдісіне енгізу: психолингвис-тикалық, этнолингвистикалық және басқа да жаңашыл ғылыми байланыстарға қол жеткізеді. Тілдің әсерінен ойдың қалыптасу үрдісі ғылыми зерттеуге жарап отыр. Түрлі ғылым ұсынып отырған осы бағыттың біріне қарай жылжымастан бұрын бар мүмкіндігінше тілден бар мәліметті мейлінше мол алуымыз қажет, оған қол жеткізетін әрине, лингвистика.

Адам санасындағы қоршаған ортаның сипаты әркез субъективтік сипатқа ие екені белгілі, себебі адам қоршаған әлемді сол әлемнен тысқары етіп алу нәтижесінде көруге ұмтылады.

Қарапайым дүние мен адам арасындағы қатынасты көрсету, сипаттаушы аспекті ретінде біз әркез бағалауды ала аламыз. Дүниені танып білу кезінде адам өмірі өтіп жатқан табиғи дерек, тәрбие, білім алу, тарихи кезеңге деген адам талғамы, көзқарасы нәтижесінде барлығына да баға береді. Баға адам категориясының нақтысына жатады. Ол адамның өзіндік және психикалық табиғатына сай жаратылған, ол осылайша өнер және те басқа да құбылыс пен заттарға өзіндік баға береді.

Тіл білімінде бағалауыш категория түрліше (фонетикалық, лексикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксис-тік) деңгейде берілген. Осы деңгейдегі тілдік құрал бай семантикалық және прагматикалық мазмұнды жүйені құрып отыр [4].

Зерттеуіміздің өзегі болған объектіні семантикалық прагматикалық тұрғыдан сипаттау зерттеудің таңдап алынған бағыттың ілімдік (теориялық) алғышартын сиапттауды қажет ететіндігі түсінікті.

Тілдің семантикасы мен прагматикасы шекарасын анықтау түрліше ғылыми пікірді туындатқаны баршамызға да белгілі. Тілдің семантикасы мен прагматикасын қарсы қойып талдауын Ч.Моррис үш оппозицияға негіздеді:

Семантика – «белгілердің объектіге қатысы»; Прагматика – «белгілердің оларды сипаттауға қатысушыға деген қатысы»; Синтактика – «белгілердің бір-біріне деген қатысы»;

Ғалымның берген осындай сипаттамасын кейбір әріптесі өте қарапайым, жеңілдетілген деген пікір айтады [5; 6].

Қазіргі таңдағы тілдік бірлікті семантикалық сараптауда кең тараған және әсерлі әдістің ішінен комопненттік талдауды алсақ болады – «тілдік бірлікті ұсақ құрастырушыға бөлудегі зерттеу мен сипаттау тәсілі. Компонеттік талдау бүтін элементтің парадигматикалық және синтагматикалық қатарларының түйісуін, жеткізу өресі мен мазмұн өресінің өзара әрекетін анықтауды көздейді» [7,186]. Оның практикалық тиімділігін ескерген тілші ғалымдар компонентті сараптауды семантиканың жалпы теориялық мәселесін шешуде де таптырмайтын әдіс деп тануда [8,9,10]. Бұл әдісті қазақ, кең мағынада түркі, тіліндегі бағалауыш етістіктің семантикалық қасиеті, жалпы және жеке жақын анықтауда тиімді қолданамыз.

Қазақ, кең мағынада түркі, тіліндегі бағалауыш етістіктің лексикалық семантикалық топтары бағалауыш қызметтік семантикалық өрісіне енеді және оның маңызды бөлігі (құраушысы, компоненті) болады.

Сөздің семантикалық құрылымындағы ең шағын мағыналық, мәндік бірлікті (семаны) сұрыптап алу арқылы компоненттік талдау жасалады. Біз зерттеуімізде семаға берілген келесі анықтаманы ұстанамыз: «Сема (грек. sema - белгі) - мазмұн өресінің ең кіші единицасы» [7,323]. «Сема (грек. sema – белгі) – мағынаның ең кіші бөлігі. Сема – белгіленетін зат, болмыс құбылыстарының әртүрлі қыры мен қасиетінің тілдегі қарапайым көрінісі. Сөздердің мағыналық өрісін және лексикалық семантикалық вариантын зерттеу негізінде қолданылатын компонентті талдаудың бірлігі болып есептеледі» [11,181]. Жоғарыда айтып өткеніміздей, компоненттік талдауда біз семаға жүгінеміз.

Бір топ шеңберінде топтастыруда қажет жалпы сема ішіндегі маңыздыларын атау үшін біз «архисема» терминін қолданамыз.

«Архисема (грек. Archi – басқы + sema – таңба) ағылшынның archiseme – белгілі бір топтың бар бірлігіне тән және олардың жалпы категориялық қасиеті мен белгілерін көрсететін, тектік жақындастыратын Сема» [7,49].

Отандық, шетелдік ғалым еңбектерінде тілдік бірлікті семантикалық тұрғыдан зерттеуге қатысты теориялық және практикалық талдау мол, сондықтан бұл тіл біліміндегі қалыптасқан, толыққанды сала деп қарауымызға болады. Ал талдауға кейінірек түсіп отырған прагматиканың зерттелу шеңбері толықтай анықтала қойған жоқ. Соңғы кезде жарық көріп жүрген бірлі-жарым еңбек осы мәселенің анық-қанығына жеткізе қойған жоқ. «Прагматика (грек. pragma - іс, әрекет) – тілдік таңбалардың қолданылуын зерттейтін семиотика және тіл білімінің бір саласы» [7,286]. «Прагматика (грек. Pragma – барыс септік, pragmatos – іс-әрекет) – лингвистика және семиотика саласы. Лингвистикалық прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, оған сөйлеуші субъект пен адресаттың (тыңдаушының) арақатынасынан туындайтын мәселе кіреді» [11,165].

«Можно сомневаться в том, что лингвистическая прагматика существует в настоящее время в качестве самостоятельного и целостного направления с четкой очерченной и принимаемой всеми программой исследования; скорее речь может идти о нескольких различных, возникающих независимо друг от друга течениях (часто пересекающихся, иногда сливающихся, но нередко и сталкивающихся друг с другом), объединенных лишь самым общим представлением относительно необходимости учитывать в лингвистическом исследовании человеческий фактор» [5,23]. Алайда лингвистикалық прагматика көтеріп отырған мәселені шешу тілдік бірліктің сөйлесім кезіндегі қалыптасу табиғаты мен қызметін түсінуге мол мүмкіндік ашып отыр. Прагматика сөйлесім субъектісі (айтушы), адресат (тыңдаушы), сөйлесу әрекетінің стратегиясы мен тактикасы, сонымен қатар тілдесу қатынасының формалары, коммуникант (тілдік қатынасқа түсуші) қатынасы, тілдесуді түрліше түсіндіру және перформатив (лат. performo - әрекет істеймін) (әрекеттендіруші) тіркесті қарастырады. «Перформатив бірлік /тіркес/ қоғамда қабылданған норма жүйесіне сүйенеді. Бұндай іс-әрекет белгілі бір салдарға әкеліп соғады» [7,271].

«Прагматика» (грек. Прагматос - іс-әрекет) – семиотика мен лингвистиканың саласы, яғни тілдегі белгі қызметін зерттейді. Бұл терминнің лингвистикаға енуі У.Моррис еңбектерінен басталады, ал қазіргі прагматика терминін түсінуде Л. Витгенштейн философиялық таным қағидасын ұстанамыз. Прагматиканың басты өзегі баяншы (сөйлеуші), (субъект) пен тыңдаушы (оқырман) арақатынасы, өзара байланысы [12]. Сонымен қатар, бұған прагматикалық пресуппозиция, яғни тыңдаушының жалпы білімі, оның зейіні, көзқарасы, түсіну қабілеті, психологиялық ерекшелігі, тағы басқа деңгейін айтушының ескеруі, бағалауы кіреді. Прагматиканың басты мақсаты – сөздің қолданыс ерекшелігіндегі өзіндік ережелерді ұғындыру.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

1.       Бондаренко А., К проблеме соотношения универсальных идиоэтнических аспектов семантики: интерпретационный компонент грамматических знаний // Вопросы языкознания. – 1993. №3. –С.5-11.

2.       Тарасова И., Структура смысла и структура личности коммуниканта // Вопросы языкознания. – 1992. №4. –С.103-111.

3.       Руденко Д., Когнитивная наука, лингвофилософские парадигмы и границы культуры // Вопросы языкознания. – 1992. №6. –С.92-98.

4.       Жүсіпова А., Бағалауыш сөздердің ғаламның тілдік бейнесіндегі орны// «Қазақстанның саяси және экономикалық жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.362-365.

5.       Шмелев А., О границах и содержании прагматики // Изв. АН СССР. -1981.

6.       Вежбицкая В., Восприятие: семантика абстрактного словаря. – М.: 1985.

7.       Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған проф. Э.Сүлейменова – Алматы: - 1988- 544б.

8.       Васильев Л., Современная лингвистическая семантика. – М.: Высшая школа.1990. – 175с.

9.       Бабенко Л., Лексические средства обозначения эмоций в русском языке –Свердловск: -1989. 184с.

10.   Комарова З., Семантическая структура специального слова и ее лексикографическое описание. – Саратов: 1991. – 253с.

11.   Салқынбай А., Абақан Е., Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь. -1998. – 305б.

12.   Жүсіпова А., Бағалауыш сөздердің прагматикалық қызметі// «Қазақстанның саяси және экономикалық жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.449-452.