Дина Ахмет – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 3 курс студенті

Жетекші - оқытушы Жүсіпова А.Е.

Ислам Мұратұлы - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 1 курс студенті

Жетекші - ф.ғ.к. Жүсіпов А.Е.

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана, Қазақстан

 

Қайшылық туындауына көзқарас: ғылыми баян

 

Қайшылық идеясын алғаш рет философияда енгізген Гераклит (біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырда). Бүгінгі күнге жеткен еңбегінде «...Жауласқан қосылады, ажырасқаннан тамаша үйлесімдік туындайды, бәріне де күресе отырып қол жеткізуге болады» деген тұжырымы кездеседі. Гераклиттің замандасы Парменид бұл көзқарасты даулы деп таныды. «Государство» атты еңбегінде Платон қандай бір зат бір уақытта қозғалуы әрі тоқтап тұруы мүмкін бе деген сауал қойып, жауап іздейді[1]. Сократ қайшылыққа тыйым салу заңының авторы. Қайшылық туралы оймен қатар қайшылық мүлдем жоқ деген тұжырым қалыпасты[2].

ХVІІІ -ХІХ ғасырда қарсы сөзді әр алуан атаумен белгіледі: «қарсы заттар» (М.Ломоносов); «қарсы мәнді, қарама-қарсы, қарсы атауыш» сөздер (И.Срезневский); «қайшылық, қарама-қарсы» (И.Давыдов) т.б. [3].

Қарама-қарсы үст. (1) Бір-біріне қарсы; ерсілі-қарсылы. Екі жақтан қарсы атылған оқ пен оттың арасында дивизия құрамы өзеннен өтті (ҚМ). (2) Бетпе-бет, жүзбе-жүз. Оқыста сыртқы есік ашылды да, Мағышқа тура қарама-қарсы қарап, үйге кіріп келе жатқан Абай көрінді (М.Ә.). (3) Бір нәрсенің қарсы беті, алды. Еденде де кілем жатыр. Сол жақта, терезеге қарама-қарсы қабырғада, үстіне жасыл барқыт жапқан диван (Қ.И.). (4) Бір-біріне қайшы; қарсы, кереғар. Өткен өмірді жан-жақты зерттеген шебер жазушы Ғ. Мүсірепов біріне-бірі қарама-қарсы бұл екі байдың образын тамаша шығарған (Қ.Н.). (5) Керісінше, кері, сәйкес емес. Жауырынының жалпақтығы мен иығының кеңдігіне қарама-қарсы белі жіп-жіңішке (Қ.И.).

Қарама-қарсылық зат. (1) Қайшылық, сәйкессіздік. Марғау қылығында қарама-қарсылық көп (3.Қ.). (2) Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы. Филос. Даму атаулының негізі және оның қозғаушы күші туралы заң. Қарсылық бірлігі мен күрес заңы қазіргі дәуірдің сансыз тіркесі мен шиеленіскен шымшытырманына дейін түсінуге мүмкіндік береді (А.Қ) [4].

Қарсылық құбылыс пен заттың табиғатында болуы мүмкін емес, себебі «общность антонимов выводится из их собственных семантических свойств, а не из реальных явлении или вещей» деп өткен [5,284]. Осыған орай біз шынайы өмірдегі тілдің нақты-заттылығы туралы көзқарасымызды айтып өтуді жөн көрдік.

«Табиғат диалектикасында»: «Тождество и различие – необходимость и случайность – причина и действие - вот главные противоположности, которые если их рассматривать раздельно, превращаются друг в друга» делінген. Осы пікірді басшылықа ала отырып мынадай тұжырым жасауға болады: (а) нақты қарсылығы бар нәрсе; (ә) қарсылықтың бірі-біріне ауысуына мүмкіндігі барлар; (б) көрсетілген қарсылық бір-біріне ауысуына мүмкіндігі барлар, сондықтан олар жалғыз деуге болмайды. Ал келесі қағида біздің ойымыз дұрыстығын одан әрі дәлелдей түскендей: «…Основной формой всякого движения являются приближение и удаление, сжатие и расширение, - короче говоря, старая полярная противоложность притяжения и отталкивания». Бұл ойды біз мына тілші пікірімен толықтыра түсейік: «В значениях языка отражено представление данного народа о внешнем мире, детереминированное (нақтыланған) этим внешним миром»[6,128]. Нақтылануды біз тілдік дерекпен көрсетуге тырысайық, ол үшін алдымен өмірде бар нақты қарсылықты беретін қарама-қарсы мағына арқылы көрсетейік. «Кішкентай кезімде аула маған үлкен сияқты болып көрінетін, ал қазір ше… - бәрі алдамшы: мен кішкентаймын - аула үлкен, мен есейдім – аула тіптен кішірейіп кеткен сияқты…».

Әрине үлкен-кіші тіл білімінде дау туғызбайтын қайшы жұп, десек те күнделікті өмірде бұл абсолютті қарсы көрсеткіш емес. Мәселен, мысық, маса, ит - үлкен, піл, кит, сиыр - кіші болуы мүмкін, себебі ең кішкентай піл ең үлкен масаның миллионындай болады және т.с.с.. Бірдей зат, мәселен қала, ауыл, орындық және т.б. сөз әртүрлі адамның берген бағасына орай үлкен де кіші да болуы мүмкін. Бірдей зат бір адамның берген сипаттамасына сай әр уақытта бірде үлкен, ал кейде кіші болуы мүмкін: осы кезде зат қасиетінің қарсылығы түрлі қырынан көрінеді. Десек те үлкен және кіші сөзі дүниеде бар, объективтік қарсылық. Кез келген адам бір зат, нәрсені үлкен не басқа затпен салыстырылып кіші екеніне көзі жетуі мүмкін. Әрине ең үлкен қоян ең кіші пілден әлдеқайда кіші, дегенмен үлкен/кіші қоян арасында, сол сияқты үлкен/кіші пілдің арасында айырмашылық бары және олар қатынастың екі шегі екені даусыз, объективті түрде қарсы сөздер. Бір объектіге байланысты қолданылады. Бұндай қарсылық абсолют емес, ол релятив, себебі нақты, белгілі шектеулі кезеңде ғана орын алады. Осы типтес қайшы сөздер тілде көптеп кездеседі, мысалы: алыс – жақын (келесі көше, не келесі планетаға дейін), терең - таяз (бұлақ, мұхит), қатты - ақырын (масаның ызыңы, оркестр дыбысы), тез – баяу (жаяу жүру, ұшақпен ұшу), ұзын - қысқа (қалам – жол). Мысалы: Алыс пенен жақынды жортқан білер, ащы менен тұщыны татқан білер және т.с.с..

Бірақ әр кез осылай болады деуге болмас. Тілде абсолют антонимдік жұп құрайтын қарсы мағыналы сөздер де бар. «Сұйықтың газға, буға айналу процесін – газдану, булану, кері құбылысты – сулану деп атаймыз». Осы сөйлемдегі булану мен сулану деген сөз физика ғылымында қоданылады, ол өз кезегінде бір-біріне антоним болады. Бұл сөздер алдында көрсетілген үлкен-кіші сөзіне қарағанда абсолют қарсылықты білдіреді.

В.Комиссаров қарсы құбылыс пен заттың барына күмән туғызады: «Противоположность значений слов-антонимов не связана непосредственно с какими бы то ни было особенностями отражаемых ими явлений...» [7,49-56]. «Ыстық»/«суық» температуралық құбылыс, «биік»/«аласа» заттың тік мөлшерін көрсететін сөз. Бұл пікірге А.Исаев қатты сын айтады, ол антоним «слова противоположные вещи, явления и т.д.» дей келе, антонимнің көп жағдайда белгіленген объектінің берілумен анықталатынын айтады [8,49-56].

Осы берілген мысал ретінде қасақана санаулы сөз алынған сияқты. Автор егер өзінің мысалына бөліну-синтез, жылыту-суыту, ақырындау-жылдамдату сияқты сөзді алатын болса тезисін дәлелдеу қиын не мүмкін болмас та еді. Жоғарыда айтылғандай, қасақана мысалдың берілуі қисындық қателік, «асығып топтастыру» деп аталады. «...Когда некоторые свойство, обнаруженное только у небольшой части предметов данного класса, переносят на все предметы класса только на том основании, что не встречалось предметов, у которых нет этого свойства» [9,314]. В.Комиссаров айтып өткен мысалдағы ақ пен қара сөзіндегі қарсылық ультрафиолетовый және инфракрасныйға қарағанда әлсіздеу, не жер мен аспан, аспан мен судың қашықтығынан әлдеқайда алыс деуге болмас. Сол берілген төрт-бес мысал негізінде антонимия туралы қорытынды шығарып сөйлеу қисынсыз. Қандай да бір құбылыстың бар не жоғын дәлелдеу үшін әртүрлі мысалдың болғаны шарт.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.                 Жүсіпов А., Қайшылық: семантикалық лингвистикалық табиғаты. //Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 17-19.

2.                 Жүсіпов А.Е. Қайшылықтың мәдениеттанымдық қыры мен тынысы. //Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 54-57.

3.                 Жүсіпов А., Паремиялық қайшылықтың тіл тілдегі қолданысы //Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 39-41.

4.                 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. 1986.

5.                 Кондаков Н., Логический словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.

6.                 Солнцев В., Язык как системно-структурное образование М., 1977

7.                 Комиссаров В., Проблема определения антонимов. Вопросы языкознания 1957г. N2.

8.                 Исаев А., К вопросу о соотношении лингвистического и логического в учении об антонимах//Научные доклады высшей школы. Филологические науки. 1972. 1. С49-56).

9.                 Новиков Л., Антонимия в русском языке: Семантический анализ про-тивоположности в лексике. М., 1973г.