Ерлан Мақсатов – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 3 курс студенті

Жетекші - оқытушы Жүсіпова А.Е.

Иса Бисенбаев - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 1 курс студенті

Жетекші - ф.ғ.к. Жүсіпов А.Е.

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана, Қазақстан

 

Салыстырмалы категориялық мағынаны жүзеге асырушы

қайшы тілдік тұлға

 

Қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі қайшы тілдік тұлғаның орны турасында жазылған зерттеулердің арасынан салыстырмалы мағынаны үстеуші категорияларға қатысты ойлары өте сирек кездеседі. Осы мақалада біз аталмыш мәселені түрлі қырынан сипаттамақпыз. Дегенмен, бір мақалада жан-жақты талдауға мүмкіндік азын ескере отырып, негізгі қырына басты назар аудардық.

Салыстырмалы категориялық мағынаны жүзеге асырушы алғашқы топты жалпылама сипаттаймыз. P1 емес,S1n1 – P1 сызбасы еркін коммуникация кезінде де, қалыптық жағдайда да өзіне тән қасиетін сақтайды. Егер жоғарыда берілген Асанәлі туралы еркін коммуникация кезінде ҚТТ көрініс реті ауқымдық, көлем, қайталанумен берілсе, келесі мысалда осы рет санын қорытынды растайды. Экстримал жағдайға түскенге арналған ғылыми-әдістемелік ұсыныстан (мәселен, тұтқынға алынған кезде) үзінді: «Саналы түрде тұлғаның екіге бөлінуімен айналысыңыз. Шизофрения салдарынан екіге бөлінгенін тоспаңыз. Нұсқасы көп: МЕН – бірбеткеймін, белсендімін; МЕН – арсыз, ұятсыз, араммын және тағы басқадай.

Осы типтес мысалдың үш қыры бар. (1) біріншіден, ол тілден тыс және тілдік қайшылықты – екі саланың тұтасуын атап өтеді. Құтылудың қайшылық ұстанымы, оның орындалуы тіл саласымен шектелмеуі тиіс, дегенмен тек «тілге көшкенде» ғана жүзеге асады, ол үшін қатал грамматикалық ая, оны толтыратын нақты семантика қажет. (2) екіншіден, екіге бөліну жағымды әлеуметтік психологиялық ұстаныммен анықталатын және жүйелік қалыптық тілдік жағдайды меңзейтін нормативтік модуста қажеттілік ретінде анықталады. Сәйкес синтаксистік қолданыста бірлік қайшы жағдайға қатысушы ретінде сипатталуы тиіс. (3) үшіншісі қатар ашықтығымен алдыңғы түрмен бірігуі керек. Бұл жерде байланыстың ашық сипатын «тағы басқадай» деген тіркес ашып тұр. Ұсынылған МЕН – бірбеткеймін, белсендімін; МЕН – арсыз, ұятсыз, араммын сияқты ұстанымды – мен ұстамдымын, мен ұстамсызбын т.с.с. тіркес жалғастыруы мүмкін. Ашық қатар турасындағы В.Белошапкова пікірін қолдай отырып осы типтес тіркес қайшы бірліктің қолданылу аясын кеңейтуге септігін тигізеді.

Құрамында болса көмекші етістігі бар синтаксистік контекстіні талдайық. «Ішкі дауысы соңғы кезде жиі-жиі қайталайтын болып жүр: сұрап, жалынып-жалбарынғанша, үндемеген мың жақсы. Ал басқа дауысы болса қайшы шықты... ұрлау – тағы да абақты. Бірінші дауыс, екіншісін бөгеп жыланша ысылдап: «Не, абақтыдан шошыдың ба? ... Бар, бүгінгі күнгі олжаңа кенел. Не күтетіні бар...»(С.Б.).

Қайшылықты туындатып тұрған, қос дауысты қайшы тұлғаны ашып беретін сол баяғы сызба. Оның дәстүрлі сипаты мен дәстүрлі лексикалық толығуын көрелік: Ішкі дауысы соңғы кезде жиі-жиі қайталайтын болып жүр: сұрап, жалынып-жалбарынғанша, үндемеген мың жақсы. Ал басқа дауысы болса қайшы шықты... ұрлау – тағы да абақты. Бірінші дауыс, екіншісін бөгеп....

Бұл жердегі жағдай қалыптан ауытқушылыққа (девианттыққа) байланысты. Тұлғаның жармақталуы, «полюс сыйысуын» қалыптан ауытқушылық, яғни девианттықпен байланыстырады [1,55], [2,22-23], [3]. Шек бірлігін, яғни осы байланысты қалыпты тілдік тұлғаның тілдік көрінісінен ап-анық байқауымызға болады [4,39]. Ақпараттық, әлеуметтік мәдени кеңістікте давианттыққа (қалыптан ауытқушылыққа) жол ашатын тілдік жағдай анықталады. Осы аспектіге орай әлемнің тілдік бейнесінде манипуляциялық (билеуші) топтар анықталды, олардың түрлі ақпараттық коммуникативтік жағдайда (бұқара алдында сөйлейтін сөз, митингі мен шерудегі әңгіме, бұқаралық құрал арқылы қатынасу, топаралық және тұлғааралық дау-дамай) қолданылатын манипуляциялық технологияда кездесу жиілігі жоғары. Олар адам психикасына күшті әсер етеді, және те девианттық ұстанымды насихаттауда жиі қолданылады. Қайшы тілдік тұлғада расында девианттық қасиет туындайы мүмкін [5,17].

Біз қарастырып отырған бірінші топ басқа да жағдайда маңызды болады. Жоғарыда айтылған аспектіге тоқталайық, ол бірінші сызбамен: ҚТТ түсіндірудің жеңілдігі мен қиындығы, 1ТТ мен 2 ТТ арасындағы байланыс тығыздығы, сәйкес құралдардың бағытталуымен байланысты.

 «Зере келесі баспалдаққа аттағалы тұрып, райынан қайтты. Шындығында ол Ермектің ескертпесін есіне түсірді: «Бір жерден қателік жіберсең – мен де осы жерде қаламын, сен де өміріңмен қоштаса бер. Олар («байыпты батыр» бұзықтар, жаңа қазақтардың қол балалары А.Ж.) сырт көзге ғана адам, ал негізі - нағыз жыртқыш. Ішінде жабайысы да, қолға үйретілгені де бар, бірақ айырмашылығы шамалы -әсіресе үйретушісі алыста болғанда...» (Т.А.).

1ТТ және 2 ТТ арасындағы адам-жыртқыш байланысты сипаттау кезінде ал шылауы мен сырт көзге – негізі таратушылары арқылы берілген. Олар екі референттің: сыртқы, ішкі – терең, негізгінің соқтығысын білдіреді. Төрт предикат бірліктің заңды жалғасы ретінде төрт өзара байланысқан сәйкес семантикалық терең пропозиция - 2ТТ референциясы қолдайды. Себебі жалпы жағдаяттық мән мен одан шығатын қасиетті ашу үшін 2ТТ (жыртқыш) өте маңызды.

Осы, яғни бір қосымша референцияны контекстпен қолдайтын заңдылықты күрделі контекст мысалы арқылы да көрсетуге болады [6,55]. Уақытша жұмысынан ысырылған және участковыйға (участок бастығы) дейін «түсірілген» қайшы тілдік тұлға адал, өте сауатты ізкесер капитан өзінің ішкі тілдесуі және «автор дауысы» арқылы ашылады[7,39]:

«Сабырдың (атына сай сабырлы ғой) орнында басқа біреу болса баяғыда ішіп кетер ме еді, не жолы болмағаны үшін бүкіл ғаламды кінәлар ма еді, ол шыдап бақты, учаскеліктер де адам емес пе, мүмкін милициядағы ең маңыздылары да шығар... Бір қырынан, учаскеліксіз бір де іс «ашылмайды», екінші жағынан іс ашылмай жатса бар кінәны соған аса салуға да болады. Әрбірдесін адамға ең жақыны да учаскелік қой....

Иә, жанын жегідей жеген ашу мен ызаны сыртқа шығармау үшін капитан солай деп ойлады, дегенмен бар жан тәнімен бар шындықты: мол тәжірибесі бар (айтқандай ол Свердловск юрфагын бітірген) оперативникті учаскелік етіп қою, микроскоппен шеге қаққанмен бірдей екенін түсінетін...» (А.К.).

Осы мысал да (алдыңғы сияқты) сыртқы мен тереңдегі, сыртқы мен негізгі арасындағы қайшылықты анықтайды. 2ТТ контекспен қолдауы бар жан тәнімен бар шындықты түсінетін арқылы берілген. Алайда бұл мысалдағы кейіпкер қайшылығы субъектінің өзінің ішкі тілдесу арқылы берілген (алдыңғы мысалда ол үшінші бір кісінің берген бағасы арқылы танылды).

«Басында бас кейіпкер ештеңені уайымдамай... өмір сүреді деп қаласыз. Алғашқы әсерің, әрине, алдамшы. Жанын жаралаған қайшы сезім... осы азап оны еш жіберер емес...» (Б.А.).

Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз, қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі қайшы тілдік тұлға диалог, полилогтан да тыс монологта да тамаша көрініс табады. Монологтағы қайшы тілдік тұлғаның сипаты, қолданыс аясы жоғарыда берілген мысалдан байқалады. Қайшы тілдік тұлғаның қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі орны әлі де талай талдау, зерттеуді қажет ететін құбылыс.

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.                 Ковтунова И., Поэтический синтаксис. М.: Наука, 1986. -206с.

2.                 Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.

3.                 Жүсіпов А., Фразеологиялық және паремиялық қайшылық Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 36-39.

4.                 Ишханова Д., Противительные отношения на различных ярусах синтаксиса: автореф. дисс....канд. филол. н. Ставрополь, 2007. -22с.

5.                 Доценко Е., Психология манипуляции. М.: София, 2000. -353с.

6.                 Ермакова Ю., Манипуляция личностью: Смысл, приемы, последствия. Екатеринбург: УрГУ, 2001. -212С.

7.                 Солнцев В., Язык как системно-структурное образование М., 1977