Қалжан Бауыржан – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 3 курс студенті

Жетекші - оқытушы Жүсіпова А.Е.

Дүйсенбай Смағұл - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 1 курс студенті

Жетекші - ф.ғ.к. Жүсіпов А.Е.

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана, Қазақстан

 

Қайшы тілдік тұлға:

тұлғалық қайшылықты білдіретін қарапайым құрылымдар

 

Қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі қайшы тілдік тұлғаны түрлі қырынатын танытатын құрылымдар болады. Осы мақалада аталмыш мәселеге байланысты ойымызды ортаға саламыз. 

Тұлғалық қайшылықты білдіретін қарапайым құрылымды талдайық. Алдымен жалпы қасиетін белгілейміз, содан соң жеке, ерекше қасиетіне өтеміз.

Монолог шеңберіндегі салыстырмалы категориялық мағынаның жүзеге асуы негізгі екі топқа бөлінеді. Негізгісі –қайшы тілдік тұлға қайшы жағының семантикалық синтаксистік ерекшелігі, яғни 1-ТТ және 2-ТТ: алғашқы топқа атауыш бірігуімен сипатталатын күрделі ТТ құрайды және оның қайшы сипаттамасы салыстырылатын құрылымдық ортаға бөлінген, басым жағдайда олар синтаксистік симметриялы болады. Бұл топты келесі шартты графикалық бейне сипаттайды:

S1n1 – P1 емес, Р1. Бұл жерде S1 субъект бейнесі ретінде болуы мүмкін қайшы тілдік тұлғамен толтырылатын түрлі синтаксистік позиция ұсынылған. Таратушы/предикат Р бейнесі де тілдік тұлғаның болуы мүмкін түрлі синтаксистік жағдай, актант сипатталған, оның ішіне атрибутив, нысандық, синкреттік және тб. енеді. Бейнелі түрді берілген тек шылауы – шылаусыздықты қосқандағы салыстырмалы семантиканы сипаттаушы тәсілдің нұсқау түрі. Үтір – қандай да бір пунктуациялық белгі бейнесі, сызық синтаксистік байланысты білдіреді. n1 бейнесі тілдік тұлғаның ортақ атауышын көрсетеді.

Екінші топ – күрделі ортақ тілдік тұлға түрліше аталатын, ал оның құрылымдық сипаты салыстырылатын құрылымдық ортаға бөлінген құрылым. Алғашқы қасиеті – атауыштағы өзгешелік – (1) және (2) топтарын айырады, салыстырудың сызбалық семантикасы үшін сипаттамадағы айырмашылық қана емес, сонымен бірге тілдік тұлға атауыш, субъектінің мағыналық реңі де маңызды. Келесі қасиеті – екі құрылымдық орталық бойынша бөлінуі – қарастырылатын екі топты жақындастырады.

Екінші топты шартты графикалық бейне қорытындылайды, онда жоғарыда көрсетілгеннен басқа бір ғана қайшы тілдік тұлғаның n1 және n2 сияқты түрлі атауышы сипатталады.

S1n1 – P1, S1n2 – P1 емес. Осы қарапайым құрылым дискурста бірнеше мәрте қолданыла алады, ал ол оның ішкі ерекшелігін жоймайды. Микромәтіндегі екі топ қасиеті түрліше жұмсала алатындығын да айта кету керек. Салыстыру макросемасы, салыстырылатын екі орталық түрліше тәсілмен сипатталуы мүмкін.

Қайшы тілдік тұлғаның қандай да аспектісіне көңіл бөлетін дискурс ерекшелігін атай келе бөлінген екі топты сиапттаймыз. Екі сызбаның бір бірлігі мен оған байланысты аспектінің сәйкестігі: ҚТТ ұсынудың жеңілдігі мен қиындығы, 1ТТ және 2ТТ арасындағы байланстың тығыздығы, осы құралдың бағыты, 1ТТ және 2ТТ және ортақ ҚТТ референциясының контекстік қолдауы сипатталады.

Монолог шеңберіндегі салыстырмалы категориялық мағынаның жүзеге асатын бірінші тобынан қайшы тілдік тұлға атауышы өзгеше болады. Медиа мәтіннен алынған келесі мысалда белгілі, әйгілі қоғам, мәдениет қайраткері, актердің тілдік тұлғасын автор қайшы деп таниды, оны екінші тілдік тұлғаның пікірі қолдай түседі. Шылаусыз берілген салыстыру арқылы субъектінің қайшы қасиеті шоғырлана, қоюлана түседі [1;54]. Қайшылықты макромәтін де қолдайдыкурсивпен берілген бір-бірін жоққа шығаратын үзіндіге назар аударыңыздар.

«...Асанәлінің кейіпкеріне сөзсіз сенесің: ол рольді ойнамайды, өзінің сан қырлы тұлғасын айқара ашып береді: Мейірімдіқатігез, адалсатқын, ... батылынжықтау, арлықу, аңқаукірпияз, көңілдімұңайған.... Осы сияқты бір-бірін жоққа шығаратын эпитетті ұзыннан-ұзақ соза бер, соза бер. Соның бәрі де шындық...» (С.Т.). Бір ғана «Транссібір экспресінде» сомдаған жалғыз роліндегі түр-түрлі «сиқы» еш адамды бей-жай қалдыра алмайды. Қайшылыққа толы (бұл жерде, әрине, барлаушылық қызметіне қарай құбылып тұрғанын ескереміз) кейіпкерді сомдауы жоғарыда берілген сипаттамасына толықтай сай келеді.

Дискурста P1 емес, S1n1 – P1 сызбасы алты рет қолданылған. Бойына мол қасиетті шоғырландырған тұлға туралы сөйлеуші бір-бірін жоққа шығарушы сипаттама: предикат пен контрпредикаттың сыйысуын атап өтеді. Нақтырақ айтсақ: S1n1 Асанәлі – P1 мейірімді, P1 қатығез емес (яғни мейірімді емес) және т.с.с..

Тұлға қайшылығына коммуникатив үдерістің басқа да қатысушысы тілдік баға берген, бұл қайшы тілдік тұлға табиғаты. Контекстіде аталған Асанәлі Әшімовтің тілдік тұлға ретіндегі көпқырлылығы тек қайшылық кезінде ғана сыйысады. Тілдік тұлғаның бұл қыры предикат сипаттамамен берілген [4;38]. Қарсылықтың ұлғаюы қайшы тілдік тұлғаның заңды сипатын бекіте түседі.

Қарсылықтың нақты ретіне қайшы жұптардың ашық сипаты әсер етеді, жоғарыдағы мысалдағы ұзыннан-ұзақ соза бер, соза бер келітірлгендей алты жұппен шектеліп қалмайды.

Қалыптасқан қайшылық тұтастық жарқын тұлға туралы көзқарасты бекіте түседі. Ақылды, адал, батыл, көңілді іспетті жағымды: қайшы сөз арқылы ерекше ашыла түседі, қайшы жұбынсыз олар әлемнің тілдік бейнесінде дұрыс қабылдана қоюы екіталай болар еді.

- «Иә, не болып қалды?

- Білмеймін жүрек дейді...

- Бәрі де құдайдың ісі, - деп күрсінді Смайыл, есіне тағы Еркін түсті. – Менен не көмек керек?

- Мен оларға (дәрігерлерге – А.Ж.) сене қоймаймын. Байғұс анада жылап-жылап көз жасы да қалмаған, бірдеңеге ренжулі, дауысы тіпті қатулы шығады. – Болатым қандай асыл еді: не жүрегі, не бүйрегі ауырған емес... Басында нашаны шамадан тыс қолданған деп бір соқты. Қайдағы наша, сортын да көрмеген ауылдың баласынан... соларды қойшы. Дәрігерге дүрсе қоя бергенімде бүйрегінен, содан соң жүрегінен кеткен деп міңгірледі ғой».

Контескстіде бір субъекті, дәрігер, түрлі көзқарас арқылы сипатталады: олар, әрине, бір-біріне қайшы, тіпті сыйыспайтын пікір (ол кейінірек кең контекст кезінде анықталады) және ана сөзі арқылы берілген (бұл жерде әңгіме таратушы) тұжырымы: «басында нашаны шамадан тыс... бүйрегінен, содан соң жүрегінен...».

Жалпы сызбасын былайша беруге болады.

S1n1олар – P1 бүйрегі туралы, Р1 жүрегі туралы (яғни бүйрегі туралы емес).

Бүйрегі туралы, жүрегі туралы деген семантикалық қайшылықпен толыққан таратушының үзіндісі салыстырмалы орталығымыз. Ал негізгі, түпкілікті, (біздің жағдайда түбіне жеткен) қорытынды қайшылықты контекст арқылы түсінеміз. Стандартты нысандық мағына орны мен контекстік, себептік сыйысады: он екіде гүлі ашылмаған, ешқашан ауру дегеннің не екенін білмеген жап-жас баланың өмірден өту себебі осы позицияның толығуымен байланысты (Дәрігерлер себебін біле тұра, бір-біріне қайшы өтірік диагнозды айтуға мәжбүр). Салыстырмалы мағына өзінің категориялық сапасын сақтайды, дәл сол қайшылық шартын қамтамасыз етеді [3;48].

Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз, қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі қайшы тілдік тұлға, тұлғалық қайшылықты білдіретін қарапайым құрылымдар нақты тілдік бірліктер қолданысы әлі де зерттеуді қажет ететін құбылыс.

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.     Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 51-54.

2.     Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 51-54.

3.     Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.