Назира
Мереке – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
мамандығының 3 курс студенті
Жетекші -
оқытушы Жүсіпова Ә.Р.
Әсел
Ахметқалиева - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
мамандығының 1 курс студенті
Жетекші -
ф.ғ.к. Жүсіпов А.Е.
«С.Сейфуллин атындағы қазақ
агротехникалық университеті» АҚ
Астана, Қазақстан
Қазіргі тіл біліміндегі қарсылық
әрі қайшылықтың тарихи қыры
Қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада
түркі тілдерінде қарсылық пен қайшылыққа
қатысты түрлі көзқарас бар. Қанша пікір,
қанша көзқарас сонша тұжырым туындайды. Біздің
осы мақалада қарастыратынымыз – қарсылық пен
қайшылықтың өзара қатынасы, айырмашылығы
мен ұқса қырлары. Осы мақсатта біз
ғалымдардың жалпы тіл білімінде берген бағаларына байланысты
пікірлерді талдап отырмыз.
Қарсылық зат. (1) Қайшылық,
сәйкессіздік. Марғау қылығында қарама-қарсылық көп
(3.Қ.). (2) Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы. Филос. Даму атаулының негізі және оның қозғаушы
күші туралы заң. Қарсылық
бірлігі мен күрес заңы
қазіргі дәуірдің сансыз тіркесі мен
шиеленіскен шымшытырманына дейін түсінуге мүмкіндік береді
(А.Қ) [1].
В.Комиссаровтың антоним - мағына
жақындығы туралы ойы және соны көрсететін мысалы бір
кезектен дұрыс, дегенмен өзі шығарған тезисін
дәлелдеуге күші аздау. Ал
жоғарыдағы келтірілген ойды Л.Новиковтың мына мысалы
толығымен дәлелдейді: «Об одних и тех же людях, например, можно сказать Рост Петрова 158 см, а
Николаева – 189 см и Петров низкого роста, а Николаев – высокого, однако только
во втором предложении есть оценка качества (свойства) и появляются антонимы
низкий и высокий (ср. Средний рост). Чисто же номинативные «объективные» обозначения (рост 158
см и рост 189 см) антонимов не образуют: оценка растворяется здесь в
констатации фактов»[2;56]. Осы мысал келтірілген қағиданы толығымен
дәлелдеді деуге келмейді, ол үшін мазмұны жағынан
түрлі мысалмен толықтыруымыз керек: сапаны беретін антонимнен (аласа - биік) басқа, сонымен
бірге сан, мөлшерін беретін (қандай да дененің) көбею -
азаюы, кеңістікті білдіретін сөз
(қандай да объектінің) жақындау – алыстауы және
т.б..
Жақындау/алыстау, жақындау/бөліну сияқты қарсылық мағынасын сараптау кезінде диаметрал қарсы
қорытындыға келеміз: қандай да екі (не бірнеше) адамға
осы сөз мағынасын балайтын болсақ (тура не ауыспалы
мағынада), олардың бір-біріне жақындасуы алыстауына қарсы болады. Біздікі тек сол алыс пен жақынның шегіндегі аралық
пікір болып қала бергей (Б.С.); Ағайын алыстаса, табысады, жақындаса,
тартысады (М.м.ж.). Асан мен Беріктің
көзқарасы бір кезде жақындасып, ортақ шаруа істеуге дейін
барып қалған еді, уақыт өте аралары суып, бөліне
бастады (С.Х.). Осылайша кей сөз нақты қарсылық, ал келесілері - «ауыспалы»
қарсылықты береді [3,
53].
Өткен ғасырдың 70 жылына дейін философияда
қарсылық - «қарсылықтың бір жағын
көрсететін категория» /ФС/ деп берілетін. Ал Е.Миллер философиялық
дерекке сүйеніп, қарсылық - «бір
мәннің шегіне дейін дамыған айырмашылығы»[4;41], айырмашылық ең
соңғы деңгейі, кезеңі деп көрсеткен.
Соңғы кезде шыққан философиялық сөздікте
қарсылыққа ғылыми және философиялық тұрғыдан
өзгеріс енгізілген: қарсылық - «қайшылық дамуының бір сатысын
сипаттаушы категория» деген
анықтама берілген.
Қайшылық зат қасиетінде: оның бөлігіне
жақындық, ұқсастық, алшақтық,
қарсылық жатады. «Қарсылық
– айырмашылықтан гөрі, дамыған қайшылық сатысы»
[5]. Сонымен біздің «қарсылық
бір мағынаның шеткі айырмашылы-ғына дейін дамыған»
деген анықтамамыз қазіргі заманғы ғылыми және
философиялық ой-тұжырыммен қайшы емес. Біз
қарсылықты нақты және ауыспалы деп беруіміз
сыртқы және ішкі қарсылықтың болуымен сайма-сай
келеді[6,47]. Мәселен, философтар
екі орындықтың ақ және қара түске боялуын
қарсылық деп қарастырады, ол үстелдің бар
жоқтығымен байланысты емес, бұл сыртқы көрсеткіш,
ал өз кезегінде сыртқы қарсылық ішкі
қарсылықтың болуын меңзейді, қарсы жақ,
зат, үдерістің ішкі бірлігінің керекті байланысы
болмақ. Осылай біз қарсылықты нақты – себебі
олардың қарсылығы ауыспалы емес, сөзсіз, еркін; сонымен
қатар ауыспалы – оның қарсылығы көзқарас,
қандай да бір белгілі коммуникатив жағдайға және т.с.с.
байланысты болады.
Бірінші топқа қарсылықтың
екі түрін жатқызамыз. Материалдық өмір, тіршілікте бар
құбылыс, үдеріс, қасиеттің қарсы
мағынасын көрсететін сөздер, мысалы: шығару-жұту
(жылу энергиясын), қату-еру (жер қыртысы, қабатының),
көтерілу-төмендеу (дене ыстығының) және т.с.с..
Неліктен бұл мысал бір топқа
бөлініп жіктелген деген сұрақ тууы мүмкін.
Қазақ тілін білетін кез-келген адам осы жұптың
қарсы екендігін айтып бере алады, алайда қалыпты өмірдегі
құбылыс, үдеріс, қасиетіне қатысына орай жылы-суық,
жақындау-алыстау жұбының антоним екендігін айта алмас,
бұларға қарсы мағынадағы сөз деген
анықтама берумен шектеулі мүмкін. Жылы–суық жұбына
тоқталайық. Осы сөздер қарсы мағынасының
арасынан «айырмашылық екі шегін беретін» қандай да бір
қарсылықтың басталу сапасы, белгісі, қасиетін
көрсететін бейтарап (не суық, не жылы емес) нүкте,
сызық, белгіні алсақ. Адам ойлау өрісіне қарай,
әртүрлі жағдайға қарай осы нүктені қабылдау
деңгей, қасиет, сапасы өзгеріске түсе ала ма?
Әрине! Ендеше жылы және суық сөздерін
түрлі зат, құбылыс, нәрсе, үдеріспен байланыста
қолдану осындай өзгеріс туғызады. Жақындау
және алыстау жұбына келетін болсақ. «Жақындамау
және алыстамау» белгісін алайық, онда не (аумағы, сапасы,
қасиеті және т.б.) өзгереді? Қандай да бір зат,
құбылыс не нәрсемен қатынаста алатын болсақ
«бастапқы» нүктесі (белгісі, т.с.с.) сол қалпында
қалады. Сондықтан бұл жақындау және алыстау
жұбын нақты элементі бар қатарына жатқызамыз [7,37].
Қоғамдағы барлық
құбылыс, өзгеріс, факті, үдеріс, қасиеттегі
қарсылықты білдіретін антоним деп екінші түрге сипаттама бере
аламыз. Оларға, мысалы: сұрақ - жауап (сөйлесу
формасы), есіне сақтау - ұмыту, қарсы алу – шығарып
салу (қонақты), кіру – шығу, беру – алу, байлау – шешу, дос –
дұшпан, дос - қас және т.б.. Бұндай мысал көркем
шығармада жиі ұшырасады. Досыңмен досың болып
көрісем, дұшпаныңмен дұшпан болып өлісем!
Мұндай күнді болмасын деп тілейсің, досың түгіл
айтулы дұшпаныңа (М.М.). Бекболат бір кіреді, бір шығады,
тағат ете алмайды.(Ж.А.). Мен сенімен қас емеспін, өмір
бақи дос болып қаламыз (С.М.).
Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз,
қазіргі тіл білімі, қазақ тілі, кең мағынада
түркі тіліндегі қайшылық пен қарсылықтың
айырмашылығы да, ұқсастығы да жеткілікті. Нақты
тілдік материалға байланысты, сонымен қатар жазушы
шығармасында қойыған мақсатына сай
қарсылықтың да қайшылықтың да бір
мәтін бойында табылауына жол бары анықталды. Қайшылықтың
сонау ерте заманда туындауының философиялық тамырына да белгілі
көлемде баға беруге тырыстық. Қайшылық пен
қарсылықтың тарихи қырын іріктеп зерттеудің
әлі де сан түрі ашылары түсінікті.
Пайдаланылған
әдебиет тізімі:
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы.
1986.
2. Философский
словарь /Под
редакцией И.Фролова. М., 1987 /ФС/.
3. Жүсіпов А.Е. Қайшылық
туралы ойшылдар көзқарасына шолу //Материалы ІХ
Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15
lipca 2013 roku, Praga. рр. 51-54.
4. Миллер Е.,
Вопросы лексики и фразеологии современного русского языка. Ростов-на-Дону,
1968, С.68-74.
5. Исаев А., К
вопросу о соотношении лингвистического и логического в учении об
антонимах//Научные доклады высшей школы. Филологи-ческие науки. 1972. 1. С - 49-56.
6. Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің
тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарасы//Материалы
ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy
-2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 46-49.
7. Жүсіпов А., Фразеологиялық және паремиялық қайшылық//Материалы
ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan»,
07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 36-39.