БАТЫР БАУЫРЖАННЫҢ БАТАЛЫ
СӨЗДЕРІ
Ләззат Махайқызы
Әділбекова
Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, филология
ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., Алматы қ.,
Қазақстан
Гүлнар Сабырқызы
Мырзақұлова
Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, филология
магистранты, Алматы қ., Қазақстан
Қанатты
сөздердің ауқымы қанша кең болса, тарихы да сонша
терең. Адамзат тарихында қанатты сөздер - өз
дәуірі тудырған замана таңбасын арқалайтындығын,
оған қатысты барлық проблемаларды көтеретіндігін, кейде
тарихи оқиғаларға нақты әсер ететіндігін
ғылыми дәлелдеп шығуға болады. Өмір туралы ,
оның негізгі тірегі «Homo sapiens» - ой иесі, сөз иесі адам туралы
жанр болып табылатын қанатты сөздер әдебиеттің бір
қарағанда көне түріне жатқанмен де, интеллектуалдық
өнердің теңдессіз түрі ретінде бүгінгі
қоғамда нағыз ғұмырлы жанрға жатады.
Бүгінгідей ақпараттар ағымы айрықша ағылған
заманда , қашанда «тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін» бере білетін «оймақтай ой» - афоризимдердің
мәні артуда десек қателеспейміз.
Ағылшын,
неміс, француз, орыс әдебиеттеріне сүйенсек, қанатты
сөздерге берілген нақты тұжырым әзірге жоқ. Ой
тереңдігі мен кемелдігіне қатысты философтар, тілдік бірлік ретінде
лингвистер, поэтикалық сұлу, әрі ықшам көркем
сөз тіркесі ретінде әдебиетшілер афоризмдерді өз аясына
тартып, өз тұрғысынан бағалауға тырысып келген,
әрі бұл үрдіс жалғасуда. Әйтсе де, орыс
филологтары тұжырымына сүйенсек, афоризм, ең алдымен әдеби
жанр екендігін мойындауымыз керек.
* Афоризмнің
бірінші ерекшелігі ақиқатқа ұмтылған терең
ой.
* Афоризмнің
екінші ерекшелігі олардың қысқалығы, «тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні» екендігі.
* Афоризмнің
үшінші ерекшелігі қосымша түсініктемені қажет
етпейтіндей, аяқталған ой екендігі.
Афоризмдер туралы
анықтамаларға бір мақала аясында шолу жасау мүмкін
еместігін ескере отырып, 1998 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан
Әдебиеттану терминдер сөздігіндегі[1] анықтаманы келтірейік.
«Қанатты сөз жанрлық белгісі жағынан мақал-мәтелдерге
өте ұқсас. Айырмашылығы, мақал
мәтелдердің авторы белгісіз, шыққан тегі белгісіз,
халық шығармашылығына жатса, қанатты сөз авторы
бар не нақты болмаған күнде аңыз күйінде ауызша
болса да бүгінгі күнге жеткен қанатты сөздің мол
болуы сол тілдің сөз байлығын, тіл орамдылығын
және ұлттық бейнелік ерекшеліктерін байқатады».
Бұл
анықтамадан фольклор мен афоризмдер арсындағы
ұқсастық нақты көрсетілген. Әйтсе де
«ауызша болса да бүгінгі күнге жеткен» деген пікірдің себебін
әдебиетіміздегі бұл жанрдың арнайы
қарастырылмағандығына, афоризмдердің
өміршең жанр ретінде күннен күнге толығып келе
жатқандығының ғылыми түсініктемесі
қазақ әдебиетінде әлі жасалмағандығынан деп
білуіміз керек. Ауыз әдебиетіндегі мақал- мәтелдердің
қысқалығына, ритмділігіне, мағыналығына
қарап орыс ғылымының бір топ ғалымдары оларды
афоризмдерден мүлдем ара жігін ажыратып қараса, екінші бір
ғалымдар тобы, керісінше, мақал-мәтелдерді афоризмдермен
бірге қарастыруды ұсынады. Ал әдебиеттің кейбір
жанрлық түріне арналған сөздіктерде афоризмдерді тек
тақырып аясына қатысты ғана алып, анықтама беруге тырысады.
Мысалы А.Квятковскийдің «Поэтикалық сөздігін»
алайық[2]. Афоризм (греч.) изречение, выражающее с предельной
лаконичностью в отточенной форме какую-либо оригинальную мысль. Афористические
строки нередки в стихах русских поэтов. Привычка свыше нам дана, Замена счастию
она. (А. Пушкин); Поэтом можешь ты не быть, Но гражданином быть обязан. (Н.
Некрасов); ысль изреченная есть ложь. (Ф.Тютчев); Ненавижу всяческую
мертвечину, Обожаю всяческую жизнь. (В.Маяковский); Чем продолжительный
молчанье, ем удивительнее речь. (Н.Ушаков); мелого пуля боится, Смелого штык не
берет. (А.Сурков); Афоризмами насыщена комедия А. Грибоедова «Горе от ума»,
например «...Счастливые часов не наблюдают;
...Служить бы рад,
прислуживаться тошно; ... Блажен, кто верует тепло ему на свете.»
Сонау
Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштері мен көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі, бертін келе жыраулар поэзиясы мен қазақ
әдебиетінің ХІХ, ХХ ғасырлардағы мол мұрасында
кездесетін қанатты сөздер қазақ әдебиетіндегі
бұл жанрдың тамырының тереңдігін, ауқымының
кеңдігін көрсетеді. Қазақ халқының
қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының
қанатты сөздері халық арасында кең тарағаны
белгілі. Бұл туралы ізденушінің бірнеше мақалалары
жарық көрді. Оқырман қауымға Құлмат
Өмірәлиевтің «Абайдың афоризмі» [3], Әбділхамит
Нарымбетов дайындаған «Ғабит Мүсіреповтің
күнделігі» [4] жинақтары кеңінен таныс. Бұл
тұрғыда баспасөз бетінде кезінде осы жанрда жиі
көрінген Қадыр Мырзалиев, Мұзафар Әлімбаев
қаламынан туған қанатты сөздерді айту орынды. 2006 жылы
ұлттық «Ана тілі» газеті арамыздан озған ұстазымыз,
сөз өнерінің жүйрігі Зейнолла Қабдоловтың
біраз қанатты сөздерін келтіре отырып, редакция атынан оқырманнан
ел арасына кең тараған басқа да ғалымның
қанатты сөздерін білетіндердің хабарласуын сұрайды.
Міне бұл үрдіс негізінен кемеліне келген әдебиеттерде
қалыптасатын өнегелі үрдіс. Келесі кезекте Қабдолов
айтқан қанатты сөздерге тоқталады: «Әдебиет ардың
ісі; Жазушы талант, тағдыр; Жазушы ұлттың ұяты, иманы,
намысы; Жазушы өз дәуірінің ұлы, өз
ғасырының үні; Махамбеттің әр сөзі
құйылған құрыш, қорытылған
қорғасын. Оны өңдеп жөндеймін деп жасытпақ
керек; Махамбет пен Абайға редакция жүрмейді; Бүгінде
Толстойды оқымай орысты, Бальзакты оқымай французды білдім деу
қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты
білдім деу сондай қиын; Жазушының ең жақсы
шығармасы жазылмаған яки жазатын шығармасы; Жаза білу,
жазғаныңды сыза білу шеберлік. Шеберліктен туатын шедевр осы әрекеттің
астында жатыр; Ұлтсыздық имансыздық; Тамыры жоқ
ағаш, тарихы жоқ халық болмайды; Мүсіреповті
мадақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану
керек; Талант деген қыран секілді қанатты нәрсе; Ұстаз
болу өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын
аялау» [5, 6].
Қадыр
Мырзалиевтың афоризмдер туралы ақтарыла айтқан мына бір
пікірі қашанда ақиқатқа ұмтылған
қанатты сөздің шығу табиғатынан оқушысын
хабардар ететіндей: «Афоризм дегеніміз - белгілі бір күні басталып,
белгілі бір күні біте қалатын шығарма емес. Ол
ғұмыр бойы айтылып, ғұмыр бойы
қағазға түсіп, өмірдің соңғы
сәтіне шейін созыла беретін дүние. Афоризм қызық жанр.
Ол негізінен, ауыз әдебиетіне жатады. Ауызша тарайды. Біреу айтады, біреу
қағып әкетеді. Содан кейін қағазға
түседі. Өкінішке орай, ауыздан шыққанның
бәрі қағазға түсе бермейді.
Қағазға түскеннің бәрі бірдей кітапқа
кірмейді. Кіргеннің бәрі бірдей тарихта қалмайды. Олар да
екшеледі... қанатты сөз болуға лайық, татымды тіркес
менің аузымнан бірінші рет қашан шықты. Ол жағы
маған беймәлім. Есімде жоқ. Адам өз сөзін
өзі бағалай бермейді. Сөзді қадірлеу қасиеті
кейін, біраз кейін келді»[6, 4].
Ойының
тереңдігімен, құрылымының көркемдігімен
ерекшеленетін қанатты сөздер қай әдебиеттің
болмасын қаймағы болып табылады, әрі ол жеке жанр ретінде
сындарлы зерттеуді қажет етеді. Ал түркі тілдерінің ішінде
тереңдігімен де, кемелділігімен де топ бастайтын қазақ
әдебиетіндегі құнарлы қанатты сөздер ғылыми
саралау мен бағалаудан кейін өз кезегінде орнын тауып,
қазақ әдебиеттану ғылымының деңгейін
әлемдік биік белестерге көтеруге өз үлесін
қосатыны анық. Бұл жұмыстың ең алдымен
қазақ қанатты сөздерінің толық антологиясын
жасап, жинақтаудан басталатыны анық. Ал қанатты
сөздерге қалам тартқан қазақ
ақын-жазушыларының алып бәйтерегі болып майдангер жазушы Бауыржан
Момышұлы тұрғандығы белгілі. Қан майданда
қысқа да нұсқа бұйрықтарымен жауынгерлерін
аман алып шығуға, ерлікке шақыруға, қас
қағым сәттерде дұрыс шешім қабылдауға
дағдыланған білімді де білгір, тәжірибелі басшының
әр солдаттың жүрегіне жол табатын қанатты сөздері
қаныңмен сіңген ана тіліңнің ұлағатты
мақал-мәтелдеріндей қабылданып отырды. "Ерді ел
үшін, жігітті жұрт үшін мақта. Именіп жүріп
көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет
артық. Орынды мысқыл оқтан да өткір. Опасызда Отан
жоқ. Арлы адам ардақты. Ар – ардақтың анасы.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе
ақылыңды жолдас ет. Әдіссіздік – әлсіздік. Ептілік те –
ерлік. Елсіз ер болмайды. Командир – аға, солдат – іні. Үміт
өрге тартады,Үмітсіздік көрге тартады. Ел дегенде еміреніп,
Жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін» - сынды Бауыржан
Момышұлының өнегелі сөздері
ұрпақтарға аманат
болып, адамзат ақыл-ойының інжу-маржанына айналғандығын
бүгінде дана уақыт дәлелдеп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Әдебиеттану. Терминдер
сөздігі. Құрастырушылар З.Ахметов, Т.Шаңбаев –Алматы:
Ана тілі. 1998. -384 б.
2. Поэтический словарь. А.Квятковский. -
Москва:Советская энциклопедия, 1996. -376 б.
3. Абай афоризмі. Құлмат
Өмірәлиев -Алматы: Қазақстан баспасы, 1993, 124 б.
4. Ғабит Мүсіреповтің
күнделігі. Әбділхамит Нарымбетов дайындаған -Алматы: Ана тілі
баспасы. 1997, 288б.
5. Ана тілі газеті. №50. желтоқсанның
14-і, 2006 ж., 6-бетте.
6. Егемен Қазақстан газеті.
2005 жыл, 6 қаңтар, 4-бетте.