Қабул О. Қ.
аға оқытушы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай қ.
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӨЗІНДІК ТАРИХЫ
Басқа
да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің
де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік
әлем тарихымен ұштасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу
дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған
халықтардың тұрмыс-тіршілігіне,
әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына,
көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің
бар екенін аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні –
дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш
шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII
ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы
қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға
көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде
дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы
Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты.
Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим,
Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын
жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты
Араб феодалдары жер иелері боуымен бірге, құл жұмсаудан,
құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. Сонымен қатар,
Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің
орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның
жанындағы Әулиелі қағатас Қаабы Храмы
көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.
Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық
құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның
маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында
Қааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен
оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.
Меккенің
орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де
айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына,
қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай
Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда
алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп,
тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті.
Нық қуаттайтын көп құдайға сенудің
орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек
болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін –
ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген
топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол
уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы
күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына
тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады.
Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де
қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке
қарсы күреске шыққан араб қоғамының
жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын
көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше
анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл
дүниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады.
Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм
езілгендер мен қаналғандар
арасында тарай алмады.
Бірақ,
Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай,
жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында
жіберген өкілі (рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді
уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік
орта саудагер Мұхаммед атқарды. Құдайдың
пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда,
Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа
дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның
серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен
ұғымдарына өзгеріс енгіземіз деген ойлары Меккеде
сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа
басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622
жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман
жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің
жаңа жыл санауын бастайды.
Ислам дінін
уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке
ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей
әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық
құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір
өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге
көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа
дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге
ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның
алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл
мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы
Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады;
2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ
болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге
келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай
– алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2)
Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Қааба
болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған
уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін
сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен себептердің
нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа
айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.
632 жылы
Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр
(632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары.
Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы
адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің,
Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина
әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII
ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы,
Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы
ислам діні болды. Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің
бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен,
қарудың күшімен
арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған
болар еді.
Қазақстанда
Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен
Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам
діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын
одақтасын іздеу негізінде таралды.
Араб тілі,
сондай-ақ біртұтастықтың басқа да түрін
қалыптастырды: ІХ ғасырдың өн бойында барлық
ислам дінін қабылдаған халықтардың жақындасуына
және «араб мұсылман мәдениеті» деп аталатын туысқан
мәдениеттер кешенінің пайда болуына ықпал етті.
Қоғамдық деңгейлеріндегі айтарлықтай
айырмашылыққа, жергілікті халықтардың
дәстүрлері мен тарихи тағдырына қарамастан, ұзаққа
созылған күрделі өзара ықпалдастық процесі
нәтижесінде, ал соңғы нәтижеде ислам иіріміне
тартылған халықтардың мәдениеттерінің синтезі
нәтижесінде Араб халифатына кірген елдерде біртұтас жалпымұсылмандық
мәдениет қалыптасты. Бұл мәдениет оны
тұтынған халықтардың дүниетанымын, психологиясын,
қоғамдық мекемелері мен өмір сүру үлгісін
алдын-ала анықтап берді. Араб-мұсылман мәдениеті,
әсіресе ислам дінін ұстанған халықтардың даму жолын
белгіледі және әлі күнге дейін олардың өміріне
айтарлықтай ықпал етті.
Айталық,
араб мәдениетінің ықпалына түскен
аймақтардың бірі – Орталық Азия. Біздің заманымыздың
І-мыңжылдығының орта тұсынан бастап Орталық Азия
аймағын, Қытай шекарасынан Иран мен Византия шекараларына дейінгі
созылып жатқан ұлан ғайыр даланы негізінен түркі
тайпалары мекен еткен.
«Түрік»
сөзі тұңғыш рет қытай және соғды
жазбаларында, атап айтқанда, Монғолиядан табылған
Бұғыты жазбаларында (582-583 жж.) кездеседі. Бұдан кейін
көп ұзамай-ақ бұл термин византиялықтардың,
арабтар мен сириялықтардың жазбаларына, сондай-ақ, санскритке,
әр түрлі иран тіліндегі және тибет тілдеріндегі жазбаларға
түседі .
Қарастырып
отырған дәуірдегі түріктер бұл ұланғайыр Еуразия
даласын мекен еткен түркі тілдес, түркі тектес халықтар болып
табылады. Түркілердің қатарына бұл дәуірде оғыздар,
тоғыз-оғыздар (ұйғырлар), телестер, тардуштар, түргештер,
қарлұқтар, қырғыздар, қимақтар,
қыпшақтар, яғмалар, басмылдар, шығылдар және т.б.
кірді.
Əлемдік діннің бірі Ислам діні салауатты
өмірге шығаратын мейірімді дін. Оның қоғам мен
жастар тəрбиесі, жалпы адам тəрбиесіндегі орны өте
маңызды жəне құнды. Дін ілімі ой тазалығы, рух
тазалығын насихаттаумен келеді.