Физика –информатика пәнінің  оқытушысы –

Турлыбаева  Алия  Бердыкожаевна,

магистр Нурбекова Шынар Курмашевна

 

Гуманитарлы-экономикалық колледж,

У.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы

 

Физика  пәнінен  сабақтан  тыс   іс – шараларды  ұйымдастыру

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол,  мектеп пен ұстаздарға байланысты. Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру. Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында  жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу  және белсенді әрекетке келтіру жолында  тынымсыз ізденіс жолында болу керек. [1]

     Қазіргі  заман  талабы  әр  мұғалімнің  алдына  оқушылармен  шығармашылық  жұмыс  жасап  білім  сапасын  арттыруды  қойып  отыр. Осы  мақсатта  мұғалім  шеберлігін  үнемі  арттырып ,  қоғамдық  өмірге  еніп  отырған. Әр  түрлі  жаңалықтарды   тиімді  пайдаланып , оқушылардың   пәнге  деген  қызығушылығын   арттыру  арқылы  жете  алады. Соның  бірі  сабақтан  тыс  іс – шаралар .

     Сабақтан  тыс  іс – шараларды  өткізу  - оқу тәрбие   үрдісінің   ажырамайтын  бөлігі. Сабақтан  тыс  жұмыстарды   ұйымдастырудың  мағынасының   оқушылардың  білімдері мен біліктіліктерін  дамытудың  басты  құралы  болып  саналады , яғни ;

    - пәнге  деген    қызығушылығын  арттырады ;

    - шығармашылық  , іздену , белсенділік  қабілеттерін ;

    - ой  еркін  жеткізу сөйлеу  мәдениеті ;

    - жаңа  білімдерді  қабылдау  қабілеттерін ;

    - ұжыммен  бірлесіп  жұмыс  істеу  қабілеттерін   дамытады ;

Сабақтан  тыс   жұмыстардың   түрлері  өте  көп және  олардың  екі  үлкен  бөлімге  бөлуге  болады .[2]

     Мұғалімнің  басты  мақсаты  физика  пәнін  басқа  да  пәндермен  байланыстыру .

   Оқу  шаралары  - оқушылардың   білімдерін   тереңдетуге   және  кеңейтуге , біліктілігін  дамытуға , болашаққа  қызықтыруға  бағытталады.  

     Сабақтан   тыс   жұмыстардың   ішінде  көп   кезеңінде  әстафета  өткізу:  біріншіден , оқушыларға  жұмыстың  әр  түрлі  әдісін   ұсыну   нәтижесінде    тапқырлығы  бойынша   білімдері  мен  біліктіліктерін    жинақтылығын   қамтиды . [3]

Еіншіден , ұжымдағы   біртұтастықты   сақтауға ;

Үшіншіден , әркім  өзі  үшін   күресу   деген  пікірлерін   өзгертуге   мүмкіндік  береді.

Тағыды  бір  маңызды  түрі  күрделі  және  олимпиада   есептерін  шешу  үшін   мектепаралық   үйірме  ұйымдастыру. Бұл  әр  түрлі    мектептегі   физикаға  қызығатын , есептерді  шешуді  үйренуге  тырысатын  оқушыларды  біріктіреді.  Осы  әдістің   ерекшелігі   физика  пәнін  терең  меңгеретін  оқушыларға  арналған.

     Сабақтан   тыс  өткізілетін  шаралардың   тақырыптарын  үш  түрге  бөлуге  болады :

   1. Қоғамдық  тақырыпқа  «Физика  және  қоршаған   ортаны  қорғау» , «Ғылым  және  құлықтылық», «Ғылыми – техникалық  прогресс – бұл  ізгілікке жол» т.б.

    2. Физикалық  тақырыптар – физика  курсының  қандай  да  бір  немесе   бірнеше  сұрақтарына   арналған  шаралар. Мысалы: «Жай  механизмдер»,«Электр  тізбегі», «Электормагниттік  индукция» т.б.

   3. Пәнаралыққа – ғылым , техника , әдебиет   салаларына  физикамен   байланыстыратын  тақырыптар  жатады.  Мысалы : «Физика  және  ғарыш  зерттеулері» , «Физика  және  суасты  аппараттары », «Физика  қысым  және  оның  тірі  мен  өлі  табиғаттағы  ролі» т.б.[4]

    Өткізілетін  шараларға  мазмұны  әр  түрлі  теориялық   зерттеу, аспаптар  туралы , ғылым  техника  тарихы , ұлы адамдар  өмірі  мен  еңбектері, жетістіктердің  қолданбалы  сипаттамасын , компьютерлік  моделдеу  материалдарын  енгізу  қажет.  Бұл  оқушылардың   ой - өрісі  мен  қызығушылығын  дамыту  үшін  пайдалы. 

   Сабақтан  тыс  іс – шараларды  өткізу  жеткіншектерді  жаман  әдеттен  аулақ  болуға, көшеде   босқа  жүрмеуге, ұйымшылдыққа  көпшілікке   тәрбиелейді, білімдері  мен  шығармашылық  ізденіске  өз  бетімен  жұмыс  жасауға , ойлау  қабілетін , белсенділігін  дамытады.            

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан – 2030» жолдауы.

2.     «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 ж. 27шілде

3.     Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

4.     Қоянбаев Педагогика. Алматы: Мектеп, 2000.-110 б.

5.     Бекмагамбетова Р.К. Роль педагогических техникумов в подготовке учителей начальных классов в Казахстане: учебно – методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 65 с.