Базаркүл
Оразбайқызы Айлауова
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Жадыра Сламханқызы Шукенова
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кез
келген адамның құқығының реттелуін екі жақты қарастыруға болады. Оның бірі адамның шынайы, туғаннан
бергі ажырамас құқығы болса, келесісі мемлекет
тарапынан шығарылатын заңдар негізіндегі адамның
құқығы мен бостандығының өлшемі.
Құқықтық мемлекеттің
қалыптасуын халықтың құқықтық
мәдениетінің даму процесімен қатар қарастыру
қажет. Қоғамдық санада құқыққа
әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде
өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде
қарау орын алуы тиіс.
Азаматтардың құқықтық
мәдениетінің жай-күйі оның
құқық жүйесі ешуақытта қоғам
назарынан тыс қалмауы қажет. Халықтың құқықтық
мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту
- тәуелсіз, демократиялық және
құқықтық мемлекет құруға
ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың
маңызды өлшемдері [1].
Қоғамның
құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір
азаматты заңды құрметтеуге тәрбиелемей, оның
ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді
қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси
және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес.
Қазақ
елі ақпараттық қоғамға қадам басты. Адам
баласына ауа, су, тамақ қандай қажет болса, күнделікті
өмірде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат та
сондай қажет.
Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туындап,
бірге жасасып келеді. Заңгер, парламент
Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мырзагелді Кемел
өзінің «Ақпарат империясы» атты зерттеу еңбегінде
қазақ халқының бойындағы елден ерек
қонақжайлық қасиетін ақпаратқа деген
қажеттілікпен байланыстырады. «Иен далада қоныстанған
көшпенді халық ақпаратты ауыл-ауылдардың
арасындағы жүргіншілерден алатындығы себепті, үйіне
аялдаған қонаққа, малын сойып, құдайындай
күтетін болған» деп болжам жасайды ол [2].
Келешегіміздің
келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі
жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – «ертеңімізді жасайтын
бүгініміз». Жастарға деген үлкен сенім мен зор
үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен
қозғаушы күші де – осы жастар. Сондықтан да
жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты
болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының
бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев та жастарға, ерекше сенім арта отыратындығын
жыл сайынғы жолдауларынан байқауға болады.
Әрбір
жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп,
жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл ұрпақ
прагматизмді, тиімділікті, жаңалыққа, инновацияға иек
арта келеді. Кешегі күні үлкен бейнетке түсетін, қол
күшімен атқарылатын процестерді енді техника күшімен
атқарады. Қалам-қағазға жүгініп,
қолмен есептеп жататын шаруалар техника үлесіне көшті.
Компьютер арқылы қажетті мәліметтерді таба алады,
алысқа хабарды интернет, ұялы телефон арқылы жібере алады.
Бүгінгі ұрпаққа бұл қиындық
келтірмейді, техника құлағында еркін ойнайды.
Жастар ақпарат
алу мен тарату барысында сақтауға тиісті заңдар бар
екендігінен хабардар болуы тиіс. Олардың құпия ақпарат
және оның түрлерін білу заңдық сауаттылығы
болып табылады. Құпия ақпарат шектеулі ақпарат деп
нақтыланып көрсетілген. Оның біріншісі мемлекеттік
құрылымдардың құқықтарына
арналған. Бұл ақпараттың түріне заңмен қорғалған
бірнеше құпия кіреді. Ең негізгісі қызмет
құпиясы.
Ақпараттың бұл түрі мұқият қорғалады.
Егер ақша төлеп, қорқытып, бопсалау жолы арқылы
бұл ақпаратқа қол жеткізсеңіз ҚР
Азаматтық Кодексінің 126 - бабы бойынша жауапқа
тартылатындығыңызды естен шығармаған абзал.
Құқықтық білім алып
жүрген жастар үшін қылмыстық
оқиғаларға қатысты білуге тиісті тағы бір
маңызды бір мәселе - тергеу
жүргізу құпиясы. Жауап алу немесе алдын ала тергеу
туралы ақпарат заңмен
қорғалады. Тергеуші немесе жауап алушы кез келген адамға
қандай көлемде мәлімет беруді өзі шешеді. Осы салада судьялардың кеңесу
құпиясының бар екендігі де қаперлерінде
болуы тиіс. Сотқа құрмет көрсетпегені үшін ҚР Әкімшілік
құқық бұзушылық Кодексінің 513-бабы
бойынша жауапқа тартылады.
Қызметтік
ақпараттың екінші категориясы коммерциялық
құрылымдар мен белгілі бір мамандықтардың
құқығын қорғайды. Қызмет
құпиясы сияқты, бұл құпияның иелері
де оны таратпауға тырысады. Егер заңсыз жолмен алған
ақпаратының кесірінен коммерциялық құрылым немесе
кәсіпкер зиян шексе, онда
ҚР Азаматтық кодекстің 126 бабы бойынша (шағын
мен моральдық зиянның орнын
толтыру) жауапқа тартылады. Тіпті кей жағдайда ҚР
Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес
қылмыстық жаза да алуы мүмкін.
Экономика саласы
үшін ақпарат алудың тағы бір түріне қатысты
құпияны білулері қажет. Бұл - банк құпиясы. Банктік құпия ҚР
Азаматтық Кодекстің 745-бабымен ҚР «Банк және банк
қызметі туралы» заңының 50-бабымен қорғалады
және кепілдік беріледі. Ондай ақпаратты азамат тек оның иесінен
немесе ақпарат иесінің жазбаша келісімімен банктен ала алады.
Сонымен қатар, нарықтық экономика өмірімізге
дендеп енгеннен бастап түсінігімізге де мықтап орныққан
- сақтандыру құпиясы.
Азаматтық Кодекстің 994-бабы бойынша пайдалы модель,
өнеркәсіптік үлгіні ойлап тапқан адам
авторлыққа құқыққа ие, олай болса, ол
жаңалықтар туралы ақпаратты оның өзінен
ғана алуға құқылы. Ал, адвокаттық құпияны «Адвокаттық қызмет
туралы» заң қорғайды. Денсаулық сақтау саласы
бойынша медициналық
құпияның да бар екендігін ескеру қажет.
Адамның ауруы туралы мәліметтерді тек аурудың өзі бере
алады. Егер ондай ақпарат ауру адамның рұқсатынсыз
тарайтын болса, онда құпияны ашып қойғаны үшін
медициналық қызметкер жауапты болады. Тағы да нотариалдық құпияның
да ҚР «Нотариус туралы» заңымен
қорғалатындығын білу керек. Оған-нотариус
өзінің кәсіби қызметімен айналысқан кезде белгілі
болған мәліметтер жатады. Белгілі азаматтың
рұқсатынсыз нотариалдық құпия жария етілсе, ол
үшін нотариус жауапты болып табылады.
Шектеулі
ақпаратың үшінші категориясы - әркімнің жеке құқықтарын қорғауға
қатысты. Бұл маңызды ақпарат болып табылады. Жеке
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына
қатысты ақпараттар шектеледі. Мысалы, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта және басқа да
байланыстар құпиясы. Бұл құпия
Қазақстан Республика Конституциясының 18-бабының 2
тармағымен қорғалады. Бұл талапты орындамаған
жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 143-бабы бойынша
жауап беруге дайындала беруіңіз қажет. Кез келген жеке және отбасылық
құпияның да болатыны шындық. Бұл
құпия ҚР Конституциясының 18-бабы 1 тармағымен
қорғалады. Егер біреудің жеке өмірі мен отбасына
қатысты мәліметтерді оның рұқсатынсыз жинап
(мысалы, ұрлап), оны таратса, ҚР Қылмыстық
Кодексінің 142-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке
тартылады. Бірақ сол арқылы ол адамның
құқықтары мен мүдделеріне зиян тигізсе ғана
қылмыстық жазаға тартылады.
Жеке пікір
құқығы – барлық демократиялық
мемлекеттердегі сияқты, біздің елде де, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен
бостандықтарының бірі болып саналады. Өз пікірін білдіру, я
болмаса білдірмеу - азаматтың өз еркінде. Қылмыстық
және Азаматтық Кодекстер бойынша, біреудің ар-намасына тиетін
пікір, мәлімет таратқаныңыз үшін ғана
жауапқа тартыласыз.
Заңды
тұлғалардың қызметі туралы ақпарат. Мемлекттік органдар,
қоғамдық және басқа да ұйымдар қандай
меншік формасына жататынына қарамастан, сол сияқты лауазымды
адамдар, өз қызметі жайында БАҚ-қа ақпарат беруге
міндетті екендігін де біле жүргеніңіз абзал.
Кез келген
заңсыз іс әрекетіңіз үшін ҚР
Қылмыстық Кодексінің 129(жала жабу), 130(қорлау) баптары бойынша да жазаға
тартылуыңыздың мүмкін екендігін де естен
шығармаған жөн.
Құқықтық мәдениетті
қалыптастыру, азаматтарды құқықтық
оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыстар оң
нәтиже беріп келеді. Оны осындай жұмысты үйлестіру
қажет деген түсініктің қалыптасқандығынан
байқауңһға болады. Осы бағыттағы
тәжірибе зерделеніп, жастарға түсіндіру барысында іс-шаралар
кешені жасалды.
Республика аймақтарындағы
тұрғындар үшін құқықтық
түсіндіру жұмысының әртүрлі қырлары
бойынша: «Конституция - мемлекеттің тұрақтылығы мен
дамуының кепілі», «Адам саудасы - өркениеттің кері кетуі»,
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын
түсіндіру бойынша, «Мүлікті жария етуде өз
мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз», «Әділет
органдарының, прокуратураның, құқық
қорғау органдарының жұмысы туралы»,
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы»,
«Жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу» және
басқа тақырыптарда дәрістер топтамасы ұйымдастырылып
келеді.
Құқықтық тәрбие беру
жастардың жеке тұлңасын қалыптастырып, олардың
бойына жоғары идеялық пен көзқарасты дарытудың
асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға
құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі
маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына
құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз
сақтау, орындау ұзақ уақыт тәрбие
жұмысының жемісі екендігі де анық. Әр жастың
санасына құқықтық сауаттылық пен сананы
жеткізу, қылмыстың алдын алу құқықтық
тәрбиенің міндеті болып табылады.
1.
Құқықтық
түсіндіру жұмысы, құқықтық
мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды
құқықтық оқыту мен тәрбиелеу
жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама
Астана қ, 2008 ж, 29
қарашадағы №1116
2.
Кемел М. Ақпарат империясы. – Алматы, 2000. – 41-б.
3.
ҚР Конститутциясы. – Алматы, 1995 ж 30 тамыз
4.
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі, 1997ж. 16 шілде