Право”/ 8.Конституционное право.

 

Саниязова Еркемай Қазбекқызы, Абубакирова Гулнур Муратбеккызы

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

АЗАМАТТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Қазақстан өз тəуелсіздігін ресми  түрде бұрынғы кеңестік республикалар арасында ең соңынан, 1991 жылы, 16 желтоқсан күні жариялаған ел. Егемен ел үшін өткеннің тəжірибесімен санасатын, бүгінгі шындықпен келісетін жəне ертеңгі күнге сеніммен бағыт беретін Негізгі Заң қажеттілігі туындады. Конституциялық комиссияның қажырлы да ұзақ еңбегінің нəтижесінде 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі жариялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сəттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тəуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары – Жоғарғы, Конституциялық жəне Жоғары Арбитраждық соттар жəне басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізінде парламенттік республика моделі алынды. Уақыт өте келе бұл Негізгі Заң өзінің əлсіз тұстарын көрсете бастады. 1995 жылы 30 тамызда ҚР Президентінің жарлығына сай Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. 89,14 % сайлаушылардың қолдауымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды [1].

Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. 1998 жəне 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді. Қолданыстағы Конституцияда мемлекет адам құқықтарына шынайы кепілдіктер берген. Олар: əрбір азаматтың еңбек ету жəне кəсіпкерлікпен айналысу еркіндігі; заң бойынша мөлшермен тегін медициналық көмек алуға; тегін орта білім алуға; діни – сенім бостандығы; конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алуға; əлеуметтік қамсыздандыру, қолайлы қоршаған ортада өмір сүру.

Қазақстан Республикасының Конституциямыздың 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». [2]. Адамның ең қымбат құқықтарының бірі - қолайлы қоршаған ортаға құқық, оны Конституцияның 2-бабынан көруге болады: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». Алайда, Қызылорда облысы территориясының өте үлкен бөлігі  әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған: атап айтсақ, «Байқоңыр» ғарыш кешенінен, уран өндіру мен  көптеген мұнай өндіру кәсіпорындарының өндірістік зиянды қалдықтарымен ластануы азаматтардың экологиялық құқықтарына зиян келтіруде.

Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде қоршаған орта мен адамдарға қауіпті жаңа фактор қалыптасты, ол электромагниттік толқындар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған.      Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты тану және құқықтық реттеудің тек адам үшін ғана емес,қоғам және тұтастай алғанда мемлекет табиғатты қорғау іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етсе, екінші жағынан мемлекеттің өзі азаматтардың белсенділігіне мүдделі болуға тиіс.

Осылайша біртіндеп реттеу арқылы экологиялық құқықтар қоршаған қолайлы ортаны қалпына келтіру үшін негіз болатын маңызды құқықтық мәнге ие болады,ол адамнаң қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуге шақырады.

Көптеген конституциялық құқықтар мен  бостандықтардың,  оның ішінде қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтық құқықтар  мен бостандықтардың азаматтық,  еңбек және  әлеуметтік – экономикалық негізін құрайтынын айта кеткен жөн. Көптеген конституциялық құқықтар мен бостандықтарсыз жеке адамның субъективті құқықтары мен бостандықтар  жүйесі  жүзеге асырылады деп есептелінбейді.

Тұтастай алғанда қоршаған қолайлы ортаға деген құқық конституциялық құқық пен бостандықтар жүйесінде маңызды орын алады, бұл құқықтың бұзылуы Қазақстан Республикасының  Конституциясында  бекітілген басқа құқықтармен, бостандықтармен  тығыз қарым – қатынаста болады.

1)            өмір сүруге деген құқықпен (экологиялық  авариялармен, катастрофалармен немесе  өлім қаупі бар созылмалы ластанумен байланысты адам өміріне қауіп  төндірушілік); 

2)            денсаулықты қорғауға деген құқықпен (өмір сүрудің экологиялық қауіпті   шартарының  болуы);

3)            жеке адамның қабілетіне деген құқықпен (түрлі  экологиялық  факторлардың   әсер ету  нәтижесінде  адам денсаулығына  экспременттер қолдану);

4)            демалуға деген құқықпен  (ауа, су, топырақ, азық – түлік  өнімдерінің ластану  деңгейінің  өсуі);

5)            қауіпсіз аймақтарда  еңбекке деген  құқықпен (жұмыс орында қоршаған  ортаға деген қолайлы  жағдайлар мен қамтамасыз ету қажеттілігі);

6)            экологиялық факторларға байланысты мемлекеттік өкіметтік  органдардың  немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз іс әрекетіне  байланысты  мемлекеттен келген  зиянның  орнын  толтыруға  деген құқықпен[3].

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына көрсетілгендей, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, республикамызда әртүрлі улы газдардан зиян шеккен адамдарды емдеп, денсаулықтарын калпына келтіру үшін бірнеше миллиард тенге қаражат керек, дегенмен, бұзылған денсаулықты қайтадан бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоршаған қолайлы ортаны қалпына келтіру үшін негіз болатын, маңызды құқықтық мәнге ие болады, ол адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы- қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың бекітілуі, заң шығарушы үшін барынша тиімді пайдалану мақсатында берілген құқықты дамытады және жетілдіре түсуде мәні мен мазмұнын есепке алу қажеттілігін білдіреді.

Бүгінде осы конституциялық негіздер əрбір Қазақстан азаматының өмірінен берік орын алды. Қазіргі қолданыстағы Конституция адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, еліміздің азаматтарының құқық алдындағы теңдігін қамтамасыз етті. Бұл принциптер мемлекетіміздің экономикалық – əлеуметтік дамуына, іргесі мықты, азат ел құруға негіз болды. Тереземіз тең, босағамыз кең, шаңырағымыз берік, еңсеміз биік азат ел атандық .

Әдебиеттер тізімі:

1.             ҚР Конституциясы.  30.08.1995ж

2.             Елешова Ж.  Конституция елдігімнің тірегі. SMS+ газеті,№6-7, 27.08.2014ж

3.             Жабықбаев Н.Ж Қазақстан Республикасында қолайлы қоршаған ортаға құқығын заңнамалық қамтамасыз ету. Алматы, 2010.

4.             Охрана окружающей среды и устойчивое развитие Казахстана. Статистический сборник /Под ред. К. Абдиева. – Алматы, 2005.