Нұрлыбек Шолпан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты

 

ҚР заңнамасы бойынша банк және банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері

 

Жалпы азаматтық айналымда банктік мәмілелер маңызды ролі атқарады. ҚР АК 739 – баптың 1 тармағына сәйкес, Банктiк қызмет көрсету шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша банктiк қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетiлген қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.

Е.Б. Осиповтың белгілегеніндей, АК Ерекше бөлімін қабылдағанға дейін банктік тәжірибеде - банктік шот жүргізу бойынша клиент пен банктің арасындағы қатынастарды рәсімдеу үшін біратаулық – банктік қызмет көрсету шарты кңінен қолданды. Кей жағдайларды ол банктік шот шарты немесе кассалық –есептесу қызметін көрсету шарты деп аталды. Сол уақытта банктік қызмет көрсету шарты (кассалық –есептесу қызметін көрсету шарты, банктік шот шарты) заңнамада жеке міндеттеме ретінде бекітілмеген еді, заң әдебиеттерінде осы шарттың құқықтық табиғатының мәселелері кеңінен талқыланып, жалпыға мәлім азаматтық –құқықтық міндеттемелердің осы банктік қызмет көрсету шартымен реттелетін нормаларға және осы норманы қатынастарда қолдануға байланысты қабылданды. АК Ерекше бөлімі банктік қызмет көрсетуді жекелеген азаматтық –құқықтық міндеттеме ретінде белгілеп, аталған мәселелерді заң жүзінде тәртіпке келтірді [1, 607б.].

ҚР АК 739 –бабының 2-тарманда былай делінеді, банктiк қызмет көрсету шарты: 1) банктiк шот шарты; 2) ақша аудару шарты; 3) банк салымы шарты; 4)заңдарда немесе тараптардың келiсiмiндекөзделген өзге де шарт түрлері болып бөлінеді.

Банктік қызмет көрсету шартында  А.А. Айылчева өзгеше қөзқарасты ұстанады, оның ойынша, банктің қатысуымен  жасалатын шарт (банктік шарт) субъекттік құрам бойынша жіктелетін, яғни мұндай шарттың бір тарапы банк болуы тиіс шарттың бір түрі болып табылады. Сондықтан автор, банктік шарттарды субъекттік құрамға, шарттың пәні мен мәміленің лицензиялануына назау аударуды ұсынады. Тек банктер кәсіпкерлік қызметті ақшаны тауар ретінде, оны пайданғаны үшін пайыз түрінде белгілі төлем алып, сонымен қатар басқа субъекттер заем ретінде ақшадан пайыз алуы шектелу негізіне ғана заңды жұмыс істей алады. Олай болса, банктің ерекше құқықсубектілігінің мәні – ақша сияқты мүлікпен мәміле жасау, оны қайтару, мерзімділік және ақылы сипатында жүргізуге құқылылығы болып табылады [2, 25б.].

Осылайша, банк ақша айналымына байланысты мәмілелерді жүргізетін мамандандырылған ұйым ретінде құрылғандығын анық көруге болады.

Г.Н. Шершеневич жазғандай, банк сыйақы үшін өзіне қызмет көзсетеді.

1. Банк бағалы қағаздарды алу және сатуда, ақшалай құжаттарды төлеуде, вексель бойынша өндіріп алуда, бір жерден басқа жерге ақша аудару кезінде тапсырмаларында комиссия алады.

2. Банктер мемлекеттік, қоғамдық және жекелік (мысалы, акционерлік серіктестіктердің облигациялары) заемдарды орындау үшін өзіне қабылдайды. Бұл істе банктердің әрекеті бағалы қағаздардарға сұранысты ұсынушы тұлғалардың топтарының жақын жанасуына себепші болады.

3. Банк акционерлік кәсіпорынның басымдығы бар жаңа құрылтайшылыққа қатысады. Жаңа үлкен кәсіпорын құра отырып, банк сол уақытта өзіне маңызды клиент табады, егер номиналдан жоғары баға қоя алатын болса онда банк соның атынан акция шығарып, аз емес мөлшерде пайда табады [3, .78 б].

Г.Ф. Шершенович жүргізген банктер туралы зерттеуде, банктер кредитте делдалдық қызметті міндеті етіп алатын кәсіпорын екендігі көрсетіледі. Олардың негізгі кәсібі – заемды капиталға пайызбен беру. Осыған көптеген ақшалай және кредитпен жүгінген басқа да операциялар қосылады. Бұл кредиттік кәсіпорындар бірнеше түрлерге бөлінеді: 1) Кәсіпорын субъектілері бойынша банктер: а) мемлекеттік; б) қоғамдық; в) жеке болып бөлінеді. 2) субъекттерінің ұйымдастыруы бойынша банкирлік кәсіпорындар: а) банктер, егер кредиттік ұйым акциоенерлік сиаптта және бекітілген жарғысы болса және в) банктік конторалар, бірғана кәсіпкерге немесе серіктестіктің иелігінде болу, немесе жай ғана банктік үй; соңғы түрдегі банкирлік орындар қаржы министі мен өзгелеодің тарапынан ерекше қадағалауға ұшырап отыр. 3) беріліп отырған несиенің тағайындалыуына байланысты бөлінеді: а) ипотекалық және жер өңдеу банктері, жылжымайтын мүлік иелеріне берілетін несие, б) тауда-өндірістік банктер, сауда және өндірістік кәсіпорындарға берілетін несие. 4) несиенің мерзіміне байланысы: а) ұзақмерзімді несие банктері, ауылшаруашылығы үшін ұзақ кезең көрсетілетін ұзақтық, б) қысқа мерзімді несие банктері, жылдам өндірістік сауда айналымына есептелген банктер болып бөлінеді [3].

Ал қазіргі кездегі «банк» терминине келетін болса, онда нақ түсінік әлі берілмегендігін айта кету керек. Бірақ осы тақырыпқа арналған жұмыстар өте көп. Сонымен, 1995ж 31 тамызында қабылданған «ҚР банк және банктік қызмет туралы» Заңының 1 – бабының 1-тарамғында, банк – осы Заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыратын, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға деп бекітілген [4]. Осылайша, бұл түсінік қайталанатындығын көруге болады.

Әдебиеттерде кездесетін банктің түсінігін беретін анықтамаларды мысалыға келтіре кетсек. Е.Б. Осипов белгілегендей, банк (екінші деңгейлі банк) –мамандандырылған коммерциялық қаржылық ұйым, банктік қызметті жүзеге асыру үшін және жүзеге асыратын ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде құрылатын заңды тұлға болып табылады [5, 92б.].

Э.М. Омурчиеваның пікірі бойынша, коммерциялық банкті – өзіне ғана берілеген функцияларды, несиелеу, депозиттерді орналастыру мен есептесу, сондай-ақ Қырғызстан заңнамасына сәйкес өзге де банктік операцияларды Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі берген лицензия шегінде жүзеге асыратын, тартылған капиталдың есебінен, қызметі кәсіпкерлік тәуекелінің жоғарғы сатысын иеленетін, ұйым ретінде анықтауға болады [6, 74б.].

Автормен құрастырылған бұл түсінікте, «коммерциялық банктің» түсінігі банктік жүйенің екі деңгейіне байланысты бөлгенін көреміз.

К.Т. Трофимованың тұжырымдамасы өте қызық, себебі ол банктің құқықтық табиғатын түсіну үшін оның басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерден айыратын белгілерін ерекшелеп алу керек дейді. Заңды тұлғаның мәртебесі, ұйымдық –құқықтық нысан, комерциялық қызметтің сипаты бек қана банктің лицензия алуына қатеттілік емес. алынып тасталған қызметтердің сиапты және олардың тек қана қаржы нарығында және нарықтың өзге қазметтерінде қолданылған. Банк өзге қаржылық және кәсіпкерлік қызметке түсушілерден айырмашылығы оның экономикалық табиғаты, оған рұқсат етілген операциялардың аясы замен бекітілгендігі: салымға тарту (сатып алу), ақшаларды орналастыру (сату), шоттарды жүргізу (ақша айналымындағы делдалдық) [7, 54б.].

Бұл көзқарас толығымен мақұлданған, бірақ та айта кететін жәйт,  біріншіден, бұл жағдайда автор банктің мүліктік қатынастарды субъект ретіндегі экономикалық табиғатын көрсетеді,ал екіншіден, аталған мәмілелерді банк болып табылмайтын өзге де ұйымдармен жасауға болады. Мысалы, ҚР заңнамасында, банктік қызметтерді банктерден өзгелермен жүргізу мүмкіндігі көрсетілген. АК 743 бабына сәйкес, банктiк қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiн банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы. Мұндай ұйымдардың банктік қызметтің жекелеген түрлерін көрсетуi АК және Қазақстан Республикасыныңзаңнамалық актілерiмен белгіленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 5-бабында Уәкiлеттi органныңлицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады деп көрсетіледі.

Біздің ойымызша, банк ақша қаражаттарын тартып сол қаражаттар негізінде қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік жағдайларыда өзіне орналастырып, және сонымен қатар банктік қызметке сәйкес өзге де әрекеттерді жүргізетін кредиттік ұйым болып табылады.

Осылайша, «банктің» унифициарлы түсінігін анықтау теорияда да тәжірибеде де маңызды рол атқарады, себебі бұл түсініктер банктік қызметтің, банк болып табылмайтын, субъектілерінің құқықтық табиғатын анықтауға, мүмкіндік беретін еді. Сондай –ақ «банк» терминін дұрыс түсіну «банктік қызмет», «банктік операциялар» және «банктік мәмілелер» түсініктерін құрастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда нарықтық экономиканың дамуына барлық жағдайлар жасалған, сондықтан көптеген қағидалар түбегейлі түрде қайта қаралған. Әдетте, бұны Қазастандағы банк жүйесінің жеткілікті түрде тұрақты және коммерциялық банктер үшін  әсерлі жағдай жасалған, банктік жүйенің екі деңгейлі болуы дәлелдейді. Қазіргі кезде де кейбір ғалымдар банктік шот шартының кейбір белгілерін азаматтық құқықтың өзге шарттарымен жақыпдастыратынын да айта кету керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий (постатейный): В двух книгах. Книга 1 / Отв. ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2006. – 712 с.

2 Айылчиева А.А. Банки как субъекты имущественных отношений: автореф. ... канд. юрид. наук:.12.00.14, 12.00.03. – Бишкек: КНУ им. Ж. Баласагына, 2003. – 29 с.

3 Шершеневич Г.Ф. Учебник торгового права.

4 Закон «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 г. // Справочная правовая система «ЮРИСТ».

5 Осипов Е.Б. Правовая природа банковских договоров. – Алматы: АдилетПресс, 1997. -  187 с.

6 Омурчиева Э.М. Правовое регулирование расчетных отношений по законодательству Кыргызской Республики: дисс. ... канд. юрид. наук:.12.00.03. – Алматы: НИИ частного права КазГЮУ, 2008. - 159 с.

7 Трофимов К.Т. Кредитные организации в банковской системе России // Закон и право. – 2004. - № 11. – С. 51-55.