Психология / Социальная  психология

ПжП магистрі,  аға оқытушы Джаксынкаева Ж.Т.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Қоғамдағы өсіп келе жатқан компьютеризация және «Интернетизациямен» байланысты шетелде 1980 жылдарда бастау алған Интернетті патологиялық пайдалану проблемесы өзекті бола бастады. Яғни «Интернет-тәуелділік» туралы айтылып отыр (синонимдері: интернет-аддикция, нетаголизм, виртуалды аддикция, Интернет әрекет-қылықтық тәуелділік, Интернетті артық (патологиялық) қолдану). Griffiths,1995 көсетуі бойынша Жоғары технологиялармен байланысты бейхимиялық (әрекет-қылықтық) аддикцияның жаңа формаларын белгілеу үшін М.Грифитс  «технологиялық тәуелділіктер» терминің ұсынды, ол оны пассивті (Мысалы, теледидардан тәуелділік) және активті (Интернет-ойындар) деп бөлді.

Соңғы екі онжылдық ондаған миллион адамдардың кәсіби әрі күнделікті өмірінде Интернеттің кең түрде таралуымен ерекшеленеді. Интернет арқылы өмірдің барлық аспектілері жайлы ақпарат алынады, сауда, қарым-қатынас,  сексуалдық және ойындық құмарлықтар жүзеге асырылады. Y.Amichai-Hambuger, E.Ben-Artzi (2003) мәліметтерінде израильдік психологтар  «өмір аспектілерінің ішінде Интернет тимей өткені жоқ» деп дәл айтқан болатын.

Интернет-тәуелділігі феномені көптеген ғалымдарды алаңдатуда және осы мәселе төңірегінде медицина, әлеуметтану, физиология, педагогика, экология және т.б. көптеген ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстары үлкен алаңдатушылықты атап көрсетеді.

Қазіргі шақта компьютер біздің өмірдің таптырмас бөлігі, алайда кей кезде біз осы түсті металдың қымбат бөліктерінің еңбекке қабілеттілігінен тәуелді болатындығымызды әрқашан да мойындамаймыз. Қазіргі кезден  компьютерлік желілер қызметтің банкілік іс, қауіпсіздік жүйесі, медицина, өндіріс, ғылым сияқты және тағы басқа маңызды салаларға ендірілген. Мұндай сфераларда қателіктер жіберілмейді, ал жіберіліп қойса, қымбат бағамен түзетіледі. Адамның компьютерден тәуелділігі мұнымен шектелмейді.

Сонымен компьютер, бұл зат біздің өмірге салыстырмалы жақында еніп, онда мәңгіге бекітілді. Ендігі бір де бір кәсіпорын, бір де бір оқу орны компьютерлік технологияларсыз өз ісін жүргізбейді. Бір жағынан компьютер өмірді айтарлықтай жеңілдетті, екінші жағынан адамзат компьютерлік ойындар мен Интернеттен тәуелділіктің қалыптасуы сияқты глобальды проблемалармен ұштасып отыр.

Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік Интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.

Өркениеттілік компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады. Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана Интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», Интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т.б.).

Сондықтан да аталған тақырып қазіргі таңда еліміздің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу мәселелері арасындағы ең өзекті мәселелер қатарына жатады деп толық сеніммен айта аламын.

«Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады[1].

Бүгінгі адамдарға, әсіресе жастарға қауіп төндіріп тұрған ең үлкен әдеттердің бірі интенет-тәуелділік болып табылады.  Қазіргі таңда технология және оның нәтижелерін пайдаланатын адамдар байланыс құралдарын жақсы меңгеріп алған. Әрине, адамның өмірін жеңілдететін технонологияларын пайдалану керек. Бірақ, технология дамуының жемісі болып табылатын атом бомбасының адамзатқа тигізген зияндарын айтып жеткізу қиын.

 Осындай технологияның зиянды жемістерінің бірі интернет болып табылады. Интернет дүние жүзінің қай жерінде не болып жатқанын білу, қажетті мағлұматты керек уақытта алу және біздің қолымыздағы мағлұматтың басқа жерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл шынымен де үлкен жеңілдік және бұл жеңілдікті адамдар барынша көп пайдалануда.

Бұл құралдарды мағлұмат алу және ойын-сауық  үшін қолдану да тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін. Тәуелді адамдардың интернетке кіру немесе компьютер ойындарын ойнау әдеті күнделікті өмірін ұмыттыратындай дәрежеге дейін жетеді. Адам көп уақытын компьютермен өткізіп, компьютер қолданбаған кезде мазасызданады, оны сағынып, бұл істі тастау немесе азайту шаралары нәтижесіз болып шығады. Бір мезгіл ойын ойнамаса, немесе аз ойнаса, бәрібір ойнауды арттырады[2].

Егер де адам пайдалана алатын кәсіби немесе басқа бір қажеттіліктерін қамтамасыз ететін істерімен айналыспай ұзақ уақыт отырса, «электрондық поштамды қарап шығамын» деп  интернеттен сағаттар бойы шықпай қойса, демек ол адам интернет-тәуелділігіне шалдыққан болу керек. Егер де бұл адам интернетте аз уақыт отырдым деп уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей, кеш жатып, кеш тұрса, сабаққа немесе жұмысқа кешіксе, өзін тоқтату үшін интернетті жаптырып тастап, кейін шыдамай қайтадан аштырса, бұл туралы басқа адамдардың айтқан сөздеріне ашуланса, интернетке тәуелді болды деген сөз.

 Тәуелділік,  жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Адамды қоғамдық өмірден басқа белсенділіктен алыстатып, шын өмірді ұмыттырады. Интернет пен компьютерге тәуелді адамдар интернет қолданбайтын адамдардың қасында өздерін мазасыз сезіне бастайды. Қоғамға жабайы тұлға болу көбінесе компьютермен көп уақыт өткізетін балаларда байқалады. Мысалға, мектеп немесе достарының ұйымдастырған саяхат, пикник және әртүрлі іс-шараларға қатыспайтын балалардың ең жақсы досы компьютер болып табылады. [3]

Ол балалар әрдайым интернетті немесе компьютер ойынын ойлап, проблемаларды ұмыту үшін немесе көңіл-күйлері  нашар болғанда компьютердің басына отырады. Бұл үшін көп ақша жұмсаулары да мүмкін. Ұйқылары бұзылып күндіз бен түні ауысып кетеді. Ұйқысыздықтан денсаулық проблемалары, ұмытшақтық пайда болады. Интернет тәуелділігінің карта ойындарындағы құмарлыққа ұқсас жақтары көп болады. Бір ғана маңызды айырмашылығы материалдық шығының болмауы. Сонымен қатар, интернет арқылы, материалдық зиянға ұшыраған адамдар да баршылық.

Аддиктивті әрекет–қылықтың белгілі бір түрі бола отырып, интернет тәуелділік өз эмоционалды–психикалық көңіл–күйін трансформациялау әдісі арқылы күнделікті өмірден кетуге деген бағыттылықпен сипатталады. Бұл сәтте адам тек өз жұмыстарын артқа қарай итермей, сондай–ақ оның психикасының жұмысы бәсеңдейді, кейде дербес жеке тұлғалық дамуы тоқтатылады. Адамдар өз өмірінің түрлі проблемаларын шешуден құтылғандай болады.

Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жеткіншектер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. [4]

Бұл жаңа шындықта оны ешкім ренжітпейді, ол әрқашанда өзін–өзі қорғай алады, ол күшті әрі жеңімпаз болады. Оның «өмірлерінің» саны ештеңемен шектелмеген, ал егерде дұрыс болмай кеткеннің өзінде–ақ ол кез–келген сәтте ойынды басынан бастай алады[5].

Балалар ата–анасы жұмыста болған кезде компьютер алдында отырады, достарымен диск алмасады, музыка суреттер жүктейді, интернеттен үй тапсырмасын, баяндамаларды көшіреді.

Психолог М.Гриффитс тәуелді ойыншыларды екі категорияға бөліп қарастырады. Алғашқылары желіде топтасып ойнауды ұнатады. Бұл рольдік ойындар. Олар үшін бастысы жеңіс алған жағдайда топтың оны мақтауы болып табылады. Екіншілері компьютерді белгілі бір проблемалардан қашу мақсатында пайдаланады. Басқаша айтқанда, компьютерлік тәуелділіктің қалыптасуына психоактивті заттарға тәуелділік қалыптасуындағы сияқты психологиялық факторлар қатысады[6].

Қазіргі балаға бір нәрсе үйрету үшін онымен жақын қарым-қатынас жасау керек. Баланың табиғи тілі болып табылатын ойын арқылы жақын байланысты құруға болады. Ойындарды пайдалы түрде қолдануға тырысайық.

1.        компьютер ойындары балаларды тыныштандырады. Шығыс Вирджиния университетінің медициналық бөлімінің психиатрия профессоры Олафур Палссонл және NASA зерттеу орталығынан Алан Поп зейінсіз балаларды компьютер ойындарымен емдеді. Зейінсіз балалардың  ми толқындары мониторда сақталады. Мидың зейін орталығында бейберекет толқындар пайда болғанға дейін компьютер ойыны ойнатылады. 40 сеанста мидың төмен жиілікпен жұмыс істейтін бөлігі жоғары жиілікпен жұмыс істей бастайды. Балада өзін қадағалау және үстемдік сезімі пайда болады. Зейінділік дәрежесі артып, бала тынышталады.

2.        салмақты болу үшін; баланың не жеткіншектің маңызды проблемаларының бірі асығыстық және сабырсыздық болып табылады. Күйзеліс кезінде бұл проблема бұдан бетер тереңдейді. Компьютер ойындары көбіне жылдам ойналады. Адамдар бұндай кездерде ашушаң болады. Осындай қиын сәттерде салмақты бола білу өте маңызды. Ең қиын сәттерде де салмақты бола білу тұлғалық дамуда маңызды бір элемент болып табылады. Сондықтан компьютер ойындары емдеу техникасы ретінде қолданылса, жақсы нәтижелерге жету әбден мүмкін.

3.        қатал болған жағдайда, қаталдыққа жол ашатын фильм немесе ойындарды көрген кезде баланың шындықты бағалау қабілетінің бұзылмауына көңіл бөліңіз. Бұның бір ойын екендігін, тек қана ойын-сауық құралы екендігін, адамды тынықтыратындығын және кейбір нәрселерді үйрететіндігін балаңызға айтыңыз.

4.        қатал қаһармандарға еліктемеулері үшін фильмді балаңызбен бірге көріңіз немесе онымен фильм, ойын туралы сөйлесіңіз, оның не ойлайтындығын сұраңыз.

5.        жағдайға қарай әрекет жасаңыз және жоспар құрыңыз: бала ұнататын теледидар бағдарламасын тамашалап отырған кезде немесе компьютер ойнап отырған кезде «Тұр, сабақ оқы!» десеңіз, бала сабақты дұшпаны ретінде қабылдайды. Бұндай кезде баланың санасы сабақты түсінетін дәрежеде болмайды. Сабақты оқыса да, психологиялық тұрғыдан оны қабылдауға дайын емес.

Балаға мектеп уақытында мектепке бару керек, сабақ уақытында сабақ оқу керек, ойын уақытында ойнау керек деген ойды жеткізу керек. Күнделікті жоспары бар бала ойын уақытында қалағанынша, ойнасын. Сабақ оқу уақыты келгенде, сабағын оқысын. Ережелерді бірге белгіліңіздер және күнде осы ережелерді орындасын. Бала өзін қадағалауды осылайша үйренеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь справочник по психологии. – СПб.: Питер,1999. – 498с. 

2. Құдышева Н. Мінез-құлық қиындығының кейбір себептері//Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту.-2006.-№6.-2-3б.

3. Дуйсебаева Л. Эффективные технологии в профилактике и реабилитации несовершеннолетних//Мектептегі психология. Психология в школе.-2007.-№1-с.28

4. Социально-психологические осбенности переживания сексуального опыта в подростковом возрасте/Собкин В.С., баранова Е.В.//Вопросы психологии.-2006.-№3.-с.49-55

5. Егоров А.Ю. Нейропсихология девиантного поведения.-СПб.:Речь, 2006.-224 с.

6. Тұрдалиева Ш. Жасөспірімдер дамуындағы қарым-қатынастың маңызы//Мектептегі психология.-2006.-№3.-9б.