Әбділлаев Әбдіқалық Көшербайұлы

ХҚТУ профессоры

Исаев Абдінабі Исаұлы

аға оқытушы

 

 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        

         Жоғары оқу орындарында оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастыру  студенттерді оқытып, үйрету және тәрбиелеудің тиімділігін қалыптастыратын белгілі бір басқару тәсілдерін пайдалану болып, табылады. Оқу-тәрбие үдерісі  әртүрлі ұйымдастыру  үлгілері бойынша іске асырылады. Бұған оқу сабақтарын өткізу, спорт түрлері бойынша  секциялардағы оқу-жаттығу  сабақтары, спорттық-көпшілік жұмыстары, жарыстар және т.б. жатады. Жоғары оқу орындарындағы  дене мәдинетінің әртүрлі үлгілерін ұйымдастырудың жалпы және өзгеше басқару ерекшеліктері болады.

         Жалпы ерекшеліктері: жоспарлау; мамандармен, материалдық-техникалық, қаржылық және медициналық қамтамасыздандыру; бақылау, студенттердің дайындық деңгейін тексеру және бағалау; ғылыми-зерттеу жұмыстары.

         Жоспарлау студенттердің оқытып,үйрету үдерісінің  келешектігін көруге,, олардың дене және психологиялық даярлығын мақсатты бағытта жүргізуге, бұл жұмыстардың құралдары мен үлгілеріп барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту үдерісі оқу жоспары мен оқу  сағаттарының есебі, басшылықтың ұйымдастыру нұсқаулары негізінде жүзеге асырылады.

         Жоспарлау негізінде ғылыми әдістер жатыр, яғни оларды іске асыру үшін келесі талаптар қойылады: дене мәдениетіне оқытып, үйретуді ЖОО білім беру жүйесінің жалпы міндеттерімен үзіліссіз, жүйелі байланыста қарастыру; дене мәдениетіне оқытып, үйретудің жүйелілігі; дене мәдениетінің әртүрлі үлгілерінің үйлестірілуі; оқу аптасы барысында жалпы дене жүктемелерін бірдей етіп бөлу; жергілікті жердің жағдайын есепке алу.

         Дене мәдениетіне оқытып, үйретудің ЖОО білім беру жүйелерінің жалпы міндеттерімен байланыстылығы студенттердің кәсіби деңгейі мен жұмыс қабілеттілігі деңгейін арттыруға, олардың оқу пәнін дұрыс меңгеруіне қызмет етеді. Оқу сабақтарын жоспарлау оқу үдерісінің жалпы және арнайы міндеттері есепке алынып жүзеге асырылады. Бұған сабақтарға, жарыстарға, жаттығуларға бөлінетін оқу уақытының үйлесімді сәйкестік болуымен қол жеткізіледі, яғни соның нәтижесінде негізгі дене мүмкіндіктері, арнайы  сапалары мен қолданбалы дағдыларын дамытуды жандандыруға болады.

         Жоспарлау міндеті спорт құрылыстарының санына және олардың сыйымдылық көлеміне сәйкес барлық топтарда сабақ өткізуді жүйелі, үйлесімді және бірдей етіп бөлуден тұрады; әрбіір оқу сағаты барысында сабақ өтілетін орынды шұғылданушылардың барынша тиімді пайдалануына қол жеткізу.

         Жеркілікті жердің жағдайы дене мәдениетінің жеке спорт түрлері бойынша бөлімдерін (суға жүзу,  жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы немесе кросстық дайындық) жыл мезгілдерінің барынша қолайлы кезеңдеріне жоспарлау кезінде ескеріледі. Ауа райы жағдайына байланысты шаңғы дайындығы бойынша сабақ өткізу, қажеттілік туындағанда (Республиканың оңтүстік өңірінде) оны кросстық дайындықпен, ұзақ және орта қашықтыққа жүгірумен өзгертуге болады. Студенттерді оқытып, үйрету бағдарламасына арттырылған күрделіліктегі жаттығулар ендіріледі.

         Оларды сабақ барысында жаттығуларды қарқынды, дене және психикалық жүктемелер көлемін арттыру арқылы өткізеді. Мұндай кезде қажетті техникалық қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етіледі. Студенттердің дене жүктемесіне сәйкес келмейтін реакциясы немесе жарақат алу жағдайында жағымсыз, негативті жағдайларды болдырмау үшін педагог қажетті шараларды қолданады.

         Болашақ дене мәдениеті оқытушыларын дайындауда олардың кәсіби шеберлігін үнемі арттыру, оның негізінде психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жетілдіру алдын - ала қарастырылады. Оқытушы оқу-тәрбие қызметі барысында студенттерді олардың кәсіби маңызды сапаларын дамыту мақсатында психологиялық - педагогикалық міндеттерін шешудің мына әдістері мен идея жүйелерін байытады: өз ойын айта білу, байқағыштық, басқа адамдарды түсіне білу қабілеті, олардың жеке мүдделерін сыйлау және олармен ықласпен, қайрымдылықпен қатынас жасау.

         Оқытушы студенттермен әртүрлі жағдайларда сабақ өткізеді, яғни  оның кәсіби мамандығының шығармашылық сипаты бар, сондықтан өз қызметінде ол әртүрлі оқу құралдарына, ғылыми және арнайы әдебиеттерге, басқа оқытушылардың іс тәжірибелеріне сүйенеді. Оқытушының жақсы біліктілігі студенттердің жоғары дене дайындығы деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл үшін оған оқытып, үйрету әдістемелерін үнемі жетілдіру, іс жүзіндегі қызметі барысында ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту қажет. Оқытушы өзінің педагогикалық шеберлігін өзбетінше тәжірибелік және ғылыми жұмыстары кезіндегі практикалық, теориялық, нұсқау беру, әдістемелік сабақтарында, біліктілігін көтеру курстарында артырады.

         Оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру курстары теориялық, практикалық, нұсқаушылық, әдістемелік және ашық көрнекілік сабақтары түрінде жүргізіледі.

         Теориялық сабақтар жаңа теориялық және практикалық өңделіп дайындалған материалдарды оқып, зерттеу, жаңа педагогикалық және арнайы технологиялармен, оқытып, үйрету және тәрбиелеу құралдары мен әдістерін пайдалану сияқты дене мәдениеті мен спорт саласындағы соңғы жылдарда жарық көрген басты құжаттармен мамандарды (оқытушы, жаттықтырушы) таныстыру мақсатында жүргізіледі.

         Практикалық сабақтар оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін жетілдірудің практикалық тәжірибесін меңгеру, сол сияқты оқытып, үйрету барысында пайдаланылатын әдістер мен әрекеттерді, жаттығуларды үлгі түрінде дұрыс көрсетуіне әсерін тигізетін оқытушының жақсы дене даярлығы деңгейін сүйемелдеу және арттыру міндеттерін атқарады.

         Нұсқаушылық-әдістемелік сабақтар оқытушыларды даярлауда маңызды рөл ойнайды және негізінен оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша соңғы әдістемелік нұсқаулармен таныстыру және оларды меңгерумен тұжырымдалады.

         Көрнекілік сабақтары оқу сабақтарын, командалармен және спорт секцияларындағы спорт түрлері бойынша жаттығуларды озық тәжірибе үлгісімен өткізуді оқытушыларға (жаттықтырушыларға) таныстыруға бағытталған. Оқу-тәрбие жұмыстарында жоғары нәтижелерге жеткен оқытушылар (жаттықтырушылар) ашық көрнекілік сабақтарында жаттығуларды, әдістерді және әрекеттердің тәсілдерін, оқытып, үйретудің барынша тиімді әдістері мен әдістемелік тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың ұтымды жолдарын дұрыс орындау және спорт қондырғылары мен құрал жабдықтарды дұрыс пайдалануды көрсетеді.

         Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру- дене мәдениеті мен спорт үдерісін ұйымдастырудың маңызды элементі болып табылады. Сабақпен спорттық шараларды өткізудің жоғары деңгейі мен жақсы спорттық база болғанда ғана іске асатындығын уақыт тәжірибесі дәлелдеп отыр.

         Қаржылай қамтамасыздандыру, спорттық қондырғылар мен құрал-жабдықтар алу, оқу-спорттық базаны жөндеу және арендалау, қызмет көрсететін қызметшілердің еңбек ақысын төлеу үшін қажетті қаражат көзін бөлуді қарастырады.

         Студенттерді оқыту және тәрбиелеу барысын бақылау мыналарға бағытталған: дене мәдениеті мен спорт бойынша әдістемелік, дене мәдениеті мен спорт бойынша мемлекеттік білім беру стандарты талаптарын бұзбай сақтау, әдістемелік ережелер талаптарын орындау, мақсатында оқу, жаттығу және жарыстық шараларды ұйымдастыру тәртібін сақтау;

• дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің сапасын одан әрі жетілдіру бойынша нұсқаулар дайындау және медициналық бақылаулардың нәтижелерін талдап қорыту, дене мәдениеті мен спорттың адамның денсаулығы жағдайына әсерін зерттеу;

• дене мәдениетімен шұғылдану сабақтары барысында дене жүктемелерінің студенттерге әсер етуінің сәйкестігін талдау және сабақ өтілетін орынның санитарлық-гигиеналық жағдайы;

• дене мәдениетіне оқытып, үйрету үдерісінде студенттердің дене және адамгершілік, өнегелілік-психологиялық даярлығы деңгейін тексеру.

         Бақылаудың негізгі мәні оқу бағдарламасын, әдістемелік және нормативтік құжаттар талаптарын шүбәсіз орындау болып табылады.

         Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үдерістерін басқару міндеттері мына үш деңгейде шешіледі: мемлекеттік, аймақтық және жергілікті (ЖОО).

         Бақылаудың мемлекеттік деңгейіне мыналар жатады, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР дене мәдениеті және спорт министрлігі, ҚР ұлттық олимпиадалық комитеті.

         Аймақтық басқару деңгейіне заң шығару және нормативтік құжаттарға сәйкес құқығы мен міндеттері айқындалған республиканың тиісті салалық әкімгершілік құрылымдары жатады.

         ЖОО (жергілікті) басқару деңгейіне оқыту және тәрбиелеу, білікті мамандар дайындау мәселелерін шешетін білім беру мекемелерінің әкімгершілік органдары жатады.

         Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше маңыз беріледі. ЖОО - ның ең маңызды әдістерінің бірі студенттерге құқықтық тәрбие беру болып табылады. Оның мақсаты дене мәдениеті мен спорттағы құқықтық қатынас аясында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін дене мәдениетін қоғамдық қатынасқа кіргізумен қорытындыланады.

         Қазіргі заманда құқықтық тәрбие Қазақстанның Егемендік алынып, құқықтық мемлекет болуына байланысты заң практикасының ерекше әртүрлілігі ретінде қарастырылады. Ол студенттердің жалпы құқықтық мәдениетін қалыптастырады. Құқықтық мәдениетті мыналар құрайды: құқықтық сауаттылық, құқықтық ойлау және құқықтық біліктілік.

         Құқықтық сауаттылық студенттерді құқықтық ұғымдар мен (заң, конституция, заң шығару, нормативтік актылар, құқық нормалары, құқық), халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі дене мәдениеті мен спорт бойынша заң шығару құжаттарымен таныстырудан тұрады.

         Дене мәдениеті мен спорттың құқықтық негіздері курсын ЖОО студенттеріне оқыту барысындағы құқықтық тәрбиенің нәтижесі дене мәдениеті мен спорттан құқықтық минимумды, «ЕТS №135 допингті қолдануға қарсы конвенциясы» сияқты ҚР контитуциясы, «Білім туралы», «ҚР дене мәдениеті мен спорт туралы» заңдарын білу болып табылады. Құқықтық тәрбие жүйесін іске асырудағы басты принциптер адамгершілік, шыншылдық және заңдылық принциптері болып табылады. Адамгершілік, шыншылдық принципі адамды жоғары құндылық ретінде мойындау, оның мәртебесін және азаматтық құқығын қорғау, жеке тұлғаның қабілеттерін еркін және жан-жақты көрсетуіне жағдай жасауды алдын ала қарастырады.

         Заңдылық принципі барлық мемлекеттік органдардың, қызметтегі жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың заңдар мен негізгі құқықтық актыларды қатаң орындауын қарастырады. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты дене мәдениеті мен спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қызмет етуден тұрады.

         Құқықтық тәрбиені жүзеге асыру және құқықтық мәдениетті дамыту дене мәдениеті мен спорт саласындағы мамандарды кәсіби даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

         Сонымен, дене мәдениеті білім беру саласының бөлінбейтін бөлігі, яғни ең маңыздысы, оны ұйымдастырудың құралдары, әдістері мен үлгерімінің білімді табысты меңгеруге мүмкіндік туғызатыны болып саналады.

 

 

Әдебиеттер

 

1.Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. – 368 б.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қояенбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы, 2002-384 б.

3.Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениеті  және спорт педагогикасы (лекциялық жинақ). Түркістан., 2014ж,

4.Лихачев Б. Педагогика (курс лекция) Москва. 2006г.

5.Каинова Э.Б. Общая педагогика физической культуры и спорта. Москва. 2007г.