МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮЛГІЛЕРІ  ЖӘНЕ САБАҚ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

Әбділлаев Әбдіқалық Көшербайұлы, ХҚТУ профессоры

Қойшыбаев Арман, магистр-оқытушысы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

Ясли бақшаларындағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары: 1/ Дене жаттығуларының жекелей сеанстары және массаж (2 айлық кезінен басталады). Ауа ваннасы кезінде тәрбиені нәрестемен қозғалысты массажбен кезектесіп жасатады. Бұл жаттығулар қан айналысын жақсартады. Жиырылғыш бұлшық еттердің тонусын төмендетеді. Белсенді рефлекторлы қозғалыс ретінде үлкендердің көру, есіту, тактилді тітіргендіргіштерді (үлкендер ойыншықпен, тарсылдағышпен нәрестенің жауап беру қозғалысын жасауға әрекет жасайды ; нәрестені жайсыз жағына қарай жатқызып, өзіне бейімді жағына ауысуын күтеді), сол сияқты сылбыр (қолды, аяқты, кеудені бүгу және жазу) рефлекторлы қозғалысты пайдаланады. Сеанс 10 минутқа созылады, оған шамамен 12-15 жаттығу және массаж әдістері кіреді. 2/ Топтық шұғылдану (5-6 баладан көп емес, спорт залда ойыншықтарымен еркін орналасып, тәрбиені белгілі бір қимылға үйретуге қызықтырып соған сәйкес ойыншық береді : кубиктерді шашып, жинап, арбаны сүйреу, биікке шығу және т.б.) Арнайы сабақ формасынан басқа белсенді қозғалыс әрекеті серуенге шыққандағы ойындарда орындалады.

1. Сабақ үлгісіндегі дене жаттығуларымен шұғылдану оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі болып табылады.

Бұл сабақ аптасына 2 рет 20 минуттан майда топтар үшін және 2 рет 30 минуттан дайындық топтары үшін өтеді. Тәрбиеші қимыл әрекетіне үйретуді, қозғалыс сапаларын бағдарламаға сәйкес дамытуды жоспарлайды (мысалы, шеңбер жасап сапқа тұруды үйретеді ; ги мнастикалық-сақинамен жүгіруде әбжілдікті дамыту; “Торғайлар” ойынында екі аяқпен жеңіл, жұмсақ секіру) және сәйкес келетін жаттығуларды іріктейді. Әрбір сабақтың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері балалардың мүмкіндіктеріне сәйкес келеді ; олардың назар салуының тұрақсыздығы, біркелкі қимыл әрекеттерді орындағанда тез шалдығуы ескеріліп, осыған байланысты қатаң белгіленген жаттығулар еркін ойын жаттығуларымен ауыстырылып тыныш жұмылдырылып орындауды талап ететін тапсырма үлкен қозғалысқа есептелген тапсырмамен кезектесіп алмасады; Топтық әрекет жеке әрекетпен үйлестіріледі. Балалар бақшасында, сонымен бірге музыкалық сабақ та жүргізіледі. Бұл дене тәрбиесінің арнайы формасы болып табылмайды, яғни ол эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған. Бірақ, бұл музыка сабақтарында әртүрлі қозғалыстарды орындау қарастырылған, яғни олар музыканы жақсы қабылдап және ұғынуға есептелінген. Ал, бұл бір уақытта сол қозғалыстың жетілуіне жәрдемдеседі, яғни дәлдікке, ырғақтылыққа, мәнерлілікке баулиды.

2. Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика жүйелі ағзаға сауықтыру әсерін қамтамасыз етеді және күнделікті дене жаттығуларын орындауды қалыптастырады. Таңертеңгілік ас алдында кіші топтарда 5 минут бұрын, ал үлкен балалар тобында 10-12 минут бұрын жалпы дамыту жаттығулары орындалады және олардың сезімін дұрыс ояту үшін, ойын тапсырмалары беріледі, бірақ жаттығулармен, үлкен күрделі қимылмен сезімдерін қоздырып жіберуге болмайды. Неғұрлым топтың жасы үлкейген сайын солғұрлым жаттығулардың дәл орындалуы талабы жоғары болады, яғни ағзаның барынша пайдалы әсерін қамтамасыз етеді және қозғалысты дұрыс орындауды бекітеді.

3. Денені шынықтыру, сергіту минуттары үлкен жастағы балалар тобында міндетті сабақ кезінде өткізіліп, олардың назарын аударып және статикалық қалпын сақтауына байланыстырады.

4. Қимыл-қозғалыс ойындары топтарда және оның бөлімшелерінде күнделікті міндетті түрде өткізетін сергіп, қыдыру минуттарында ұйымдастырылады. Балалар жаңа ойынды үйренгенде және таныс ойынды қайталағанда алдын ала тәрбиешімен жоспарланып немесе қыдырып, сергу кезіндегі қажеттіліктен өткізіледі.

5. Спорттық көңіл көтеруді спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген алаңда ұйымдасқан түрде өткізу (биіктен сырғанау, велосипед айдау шомылу, жүзуге дайындық) қажет. Міндетті сабақтарға қарағанда мұнда балаларды ұйымдастыру барынша еркін орындалады.

6. Сергіп, қыдыру және саяхатқа шығу үлкен балалар тобы үшін алдын ала жоспарланған бағыт бойынша жаяу немесе шаңғымен және балалардың дүние танымын кеңейтуге, сонымен бірге төзімділігін арттыруға бағытталып жүргізіледі.

7. Денешынықтыру жаттығуларымен балалардың өз беттерінше шұғылдануы сергіп, қыдыру кезінде де және спорт залда тәрбиешінің қатаң басшылығымен де өткізу күн режіміндегі қозғалыс белсенділігінің маңызды формасы болып табылады. Тәрбиеші балаларға ойын түрін үйретуге, ұсынуға даяр болуы және ойыншық, құрал жабдықпен қамтамасыз етуге (доп, сақина, скакалкалар), белсенділігін реттеуге, аз қозғалатындарды ойынға тартуға, рөльдерді бөлуге жәрдемдесіп, балалардың ынтасын сүйемелдеуге тиіс.

8. Спорттық мерекелер жылына 2-3 рет өткізіледі. Бұл балалардың қызығушылығын арттыратын, көңіл күйін көтеретін, эстетикалық толқуын басуға есептелінген тәрбие формасы. Балалар бұрын дайындаған затпен әртүрлі жаттығулар орындайды, билейді, ән айтады. Ойындар кезінде жылдамдық, әбжілдікке сайысады. Балаларды қызықтыратын ойындар, нәтиженің қорытынды үйрету көрінісі, қорытындылау, марапаттау т.б. ұйымдастырылады [1,2].

         Дене жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас ерекшелік топтарында қолданылады. “Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының”  “Дене мәдениетіне тәрбиелеу” бөлімінде барлық топтар үшін міндеттері және дене жаттығуларының негізгі түрлері берілген. Емшектегі жастағы 2 айлық кезінен бастап сылбыр және сылбыр-белсенді жаттығулар үлкендердің жәрдемімен орындалып массаж жасау, ауа ваннасы, ал кешірек – еңбектеу, жүруге дайындық жаттығулары, сырғанау және доп лақтыру, сонымен бірге басқа да ойыншықтармен, “Алақан соғу ойыны” типтес ырғақты жаттығулармен үйлестіріледі [3].

Мектепке дейінгі 3-7 жасар балалар үшін мыналар қолданылады :

1/ Гимнастикалық жаттығулар мына түрде : а/ Негізгі қозғалыс әрекеттерін үйретуге арналған жаттығулар ; жүру және жүгірудің әр түрі оның ішінде жіңішке тар жолақпен ; түзу екпінмен келіп тереңге, ұзындыққа, биіктікке секіру; кішкене құм толтырылған қапшықты, допты бір және екі қолмен лақтыру; еңбектеу, гимнастикалық сатымен және қиялап қойылған жазықтықпен өрмелеу; би жаттығулары ; ә/ Әртүрлі құрал-заттармен және оларсыз жалпы дамыту жаттығулары, басында имитациялық, үлкен балалар (6-7 жас) топтарында абстракталы ; б/ Жұбымен сапқа тұрғызу, қайта тұрғызу, шеңберге, қысқа лекке (колонналарға) және қатарға (шеренгаға) ;

2/ Негізінен мазмұнға әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдаланып құрылған қимыл-қозғалыс ойындары; мектепке дейінгі үлкен (6-7 жастағылар) балаларға - ойыншыларды командаларға бөлу (мысалы, “Барлығы өз жалауларына”) ;

3/ Спорттық көңіл көтеру - шанамен, шаңғымен, велосипедпен, мұз жолағымен сырғанау, ал үлкендер (6-7 жастағылар) конькимен сырғанау, жүзу, спорт ойындарының элементтері. Өмірдің гигиеналық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған күн режіміндегі ұйқы, тамақтану, серуендеу, жас өскен сайын белсенді қызмет әрекетімен барынша қанығады. Күн режімінің бұзылмай сақталуы сыртқы өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделуді, қамтамасыз етіп, мақсатты бағытталған өзін жақсы сезінуді қамтамасыз етеді. Табиғаттың сауықтыру күштері арнайы шынығу процедурасы ретінде пайдаланылады. Сол сияқты, дұрыс ұйымдастырылған сыртқы орта қозғаушы күштері, яғни таза ауа, тазартылған жарық бөлме, сол сияқты режімге сәйкес және жыл мезгілдерінде таза ауада жүру, серуендеу

 Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу әдістемесінің ерекшеліктері. Ауызша түсіндіру әдісі белгілі бір тіршілік бейнесінің қозғалысымен салыстырмалы түрде (тышқан сияқты тысырын білдірмей жүгіру), таным ұғымын кеңейтуге (мысалы, қимыл-қозғалыс ойынының мағынасын, қысқаша мазмұнын ашып), бағытталып қолданылады.

         Мазмұны және формасы жағынан сөзбенен ауызша мазмұндап, жеткізе ұғындырып, түсіндіріп, жаттығудың орындалуы көрсетіліп бір мезгілде түсіндіріледі және тәрбиеші қимыл әрекеттің мәнін, орындалу әдісі мен ережесін ұқтыруға қол жеткізіп, қызығушылығын арттырып, балаларды белсенділікке ынталандырады. Жаттығулар мектеп жасына дейінгі балаларға тапсырма түрінде шегіне дейінгі нақты формасында ұсынылады. Гимнастикалық сақинаның ішіне кіру; кубоктердің арасымен оларды құлатпай өту; шалшық судан секіріп өту т.б. Бағдар нысандары және шектегіштер қимыл әрекетті нақтылайды, мысалы: жүгіруде тура жолдың бағытын қамтамасыз ететін жіп тартып, жүгіру жолағын (коридорша)  жасайды; лақтыру үшін нысана алға жоғары ұшатындай биіктікке ілінеді. Спорт құралдарымен (заттарымен) орындалатын жаттығулар кең ауқымда қолданылады. Доппен, гимнастикалық сақинамен, жалаушамен, лентамен, құм салынған қапшықпен т.б. затты еңкейіп отырып орындау үлкен амплитудамен, сондай қимылға назар аудару түріндегіге қарағанда белсенді түрде орындалады. Негізгі өмірде маңызы зор табиғи қимыл әрекеттерін үйрету, қарапайымнан күрделіге үйретудің барынша қарапайым біртұтас формасын таңдап алу жолымен шығады [4].

Қателерді түзетуді қимыл әрекеттің жекелеген фазаларында ғана жөндеуге болмайды, өйткені ол қозғалыстың үйлесімділігін, табиғилығын бұзуға әкеледі. Бейнелеу сөзі, көптеген құрал заттары, ашық суреттер, плакаттар, бағдарлы нысаналар, шектегіштер үйретудің көрнекілігін қамтамасыз етеді. Ересек адамдардың жаттығуды көрсетуі-тәжірибеде, әсіресе балалар қондырғыларында аз қолданылатын әдіс. Жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыруды балаларға орындатып көрсету керек. Үлкендердің көрсетуі басым көпшілігінде балалардың бастапқы тұру қалпын, аналитикалық гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде қолданылады.

         Мектеп жасына дейінгі үлкен жастағы (6-7жас) балаларды жаттығуларды дұрыс орындау, қозғалыс сұлулығын бағалауға үйрету, арқылы олардың бір-біріне деген қайрымдылық , қамқорлық сезімін оятады [5].

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Кузнецов В.С. Теория и методика физической культуры. М., ФиС. 2012.

2. Холодов Ж.К, Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания. Учебние пособие для ИФК. Москва, «Академия», 2003. (266-278б.).

3.Ильинич В.И. Физическая культура студента. Москва, Гордарики, 2007г.

 (380-397б.)

4. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Оқу құралы. Түркістан, 2007ж. ( 98-111б.)

5.Әбділлаев Ә.К., Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Түркістан. 2008ж.

(201-213б.)