Маханбеталиева Камшат Торгайбаевна, Шардарбек Мухамеджан Шардарбекович, Бозтериева Лаура

 

Таразский Государственный университет им. М.Х. Дулати

 

Жүннен жасалынған жамылғыштар сапасы көрсеткіштерінің себеп-салдарлы байланыстарының талдауы

 

Текстиль адам өмірінің барлық саласын қамтиды – тұрмыстық текстильден техникалық текстильге дейін. Текстиль өндірісіндегі маңызды орынды жүннен жасалынған жамылғыштар алады. Өйткені адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйықтаумен өткізеді. Жүннен жасалынған жамылғыштардың сапасынан адамның денсаулығы және жұмысқа қабілеттілігі байланысты болып келеді.

Қазіргі кезде нарықта жүннен жасалынған жамылғыштардың ассортименті өте үлкен, бірақ олардың сапасын жоғарылатуға және өзіндік қасиеттер беруге тырысу қажет.

 Қызып жатқан нарықта жүннен жасалынған негізгі қозғалыс күші болып, тұтынушылардың талаптары табылады. Осының нәтижесінде бірінші жоспарға эргономикалық қасиеттерімен анықталынатын жүннен жасалынатын жамылғыштардың ыңғайлылығы жатады. Жүннен жасалынған жамылғыштардың осындай қасиеттерінің сапасын жоғарылату жамылғыштар шығаратын фабриканың бірінші кезектегі тапсырмасы болып табылады.

Жүннен жасалынған жамылғыштардың сапасын жоғарылату үшін сапаны бағалау әдістерін жетілдіру қажет, сонымен қатар жамылғышқа арналған нормативті-техникалық құжаттарды  және эргономикалық қасиеттерін анықтау әдістерін жетілдіру қажет. Қазіргі кезде жамылғыштарға арналған стандарттарда эргономикалық қасиеттер  көрсетілмейді, ал фабрика ешқандай сынақтарды жүргізбейді және тұтынушыларға мұндай ақпарат берілмейді. Осының нәтижесінде жамылғыштарды таңдау қиындайды, яғни тұтынушылар олардың тек сыртқы түріне ғана көңіл бөледі.

Бұл мақалада жүннен жасалынған жамылғыштар сапасын салыстырмалы кешенді бағалау қарастырылады.

Бұл әдіс сапа саласында жапондық ғалымдар ойлап тапқан, сапаны басқарудың 7 негізгі құралының бірі болып табылады. Оны сонымен қатар «Өнімнің сапасын басқару және қамтамасыз ету бойынша жапондықтардың құпиясы қаруы» деп те атайды [1].

Бұл әдістердің мынандай атаулары бар:

1.                Шашыраңқы диаграмма (байланыстар графиктері);

2.                Себеп-салдар сызбасы (Исикава сызбасы);

3.                Шығынның экономикалық маңыздылығының диаграммасы (Парето диаграммасы);

4.                Бөлу гистограммалары;

5.                Бақылау карталары (нүктелі диаграммалары);

6.                Бақылау парағы;

7.                Стратификация (жіктелу).

Себеп-салдар схемасының әдісі бірінші рет 1954 жылы сапаны басқару және қамтамасыз ету бойынша жапондық маман Токио университетінің профессоры Исикава Каору ұсынды. Сондықтан осы әдісте қолданылатын сызбалар автордың атымен – Исикава сызбалары деп аталады. Бұл әдістің мәні  - зерттеу объектісіне тікелей немесе жанама әсер ететін әртүрлі факторлардың талдауы және зерделеу, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы векторлар түріндегі осы факторлардың өзара байланысының бейнеленуі болып табылады. Исикава сызбасының  мысалды түрі 1-суретте көрсетілген [2].

 

1-сурет – Исикава сызбасының болжамды түрі

 

Исикава сызбасында мыналарды бөлім көрсетеді:

·                   О — зерттеу объектісі немесе зерделенетін сипаттама;

·                   1; 2; 3; 4; 5 — зерделенетін сипаттамаға әсер ететін негізгі факторлар;

·                   1.1; 1.2; 2.1 — берілген сипаттамаға әсер ететін орташа факторлар;

·                   1.1.1; 1.1.2 — ұсақ факторлар;

·                   1.1.1.1; 1.1.1.2 — қосымша факторлар.

Барлық факторларды бір-бірімен байланысқан векторлар түрінде бейнеленеді. Векторлардың орналасуы және олардың бұрылу бұрыштары еркін таңдалынады.

Жүннен жасалынған жамылғыштар сапасы көрсеткіштерінің себеп-салдар сызбаларының тұрғызылуын қарастырайық.

Жүннен тоқылған жамылғыштардың сапасына әсер ететін көрсеткіштерді таңдау үшін, текстильді материалтануда қабылданған қасиеттер топтастырылуын қолданамыз. Текстиль материалдарының қасиеттері былай бөлінеді:

1.                 Құрылым мен құрылыс қасиеттерітекстиль материалдары мен бұйымдарын құрайтын заттардың құрылымын және құрылуын анықтайды (талшықты құрамы, беттік тығыздық, негіз және арқау бойынша тығыздығы және т.б.);

2.                 Геометриялық қасиеттерітекстиль материалдары мен бұйымдарының өлшемдері  (ұзындығы, ені, қалыңдығы);

3.                 Механикалық қасиеттерітекстиль материалдарының әртүрлі күштер мен деформациясына қатынасын анықтайды, олар жартылай циклды, бір циклды және көп циклды болып бөлінеді (үзілу жүктемесі, үзілі ұзаруы,  қаттылық, несминаемость и др.);

4.                 Физикалық қасиеттерітекстиль материадарының оларға қойылған әртүрлі энергияларының қатынасын анықтайды (гигроскопиялық қасиеттері, сіңу қасиеттері, электрлік қасиеттері, жылу қасиеттері және .б.);

5.                 Химиялық қасиеттерітекстиль бұйымдарының әртүрлі химиялық заттарға әсер қатынасын анықтайды (ерігіштігі, қышқылдар әсеріне тұрақтығы және т.б.).

Текстиль материалдарының сапа көрсеткіштері былай топтастырылады:

1.                 Белгілеу көрсеткіштерінеге арналғанын және олардың қолданылу облысын шарттайтын негізгі функцияларды анықтайтын өнімнің қасиеттерін сипаттайды.

2.                 Сенімділік көрсеткіштерібелгілеуі бойынша оның тиімді қолданылуын қамтамасыз ететін, белгілі бір шектеуде өнімнің тоқтаусыз жұмыс істеуін, ұзақ қызмет етуін, жөндеуге жарамдылығын  және  сақталуын сипаттайды;

3.                 Эргономикалық қасиеттері  адамның күші және энергия шығындары, адамның шаршау дәрежесін, бұйымды пайдаланудың ыңғайлылығын сипаттайды. Эргономикалық көрсеткіштер былай бөлінеді:

3.1.         Сапаның антропометриялық көрсеткіштері адамның өлшемдері мен формасына бұйым өлшемдерінің сәйкестік көрсеткіштері;

3.2.         Сапаның гигиеналық көреткіштеріадам өмірінің ыңғайлық шарттарын анықтайды;

3.3.         Сапаның психофизикалық көрсеткіштері оларға адамның күшіне, дыбысына, көру және басқа да мүмкіндік ерекшеліктеріне бұйымның ерекшелік сәйкестігінің көрсеткіштері жатады;

3.4.         Сапаның психологиялық көрсеткіштекрібұйыммен адамның жұмысында қайта қалыптасқан дағды және қайта өңделген ақпарат, сәйкестік көрсеткіштері жатады.

4.                 Сапаның эстетикалық көрсеткіштерібұйымның эстетикалық қасиеттерін сипаттайды;

5.                 Қауіпсіздік көрсеткіштерітұтынушының өмірінің, денсаулығының, мүлігінің қауіпсіздігімен шарттайтын тауарлар қасиеттерін сипаттайды.

6.                 Ақаулық көрсеткіштері — жаңа, қолданылмаған материалда ақаулардың бар болуын сипаттайды, сонымен қатар өнімді пайдалануда туындайтын ақаулар;

7.                 Экологиялық көрсеткіштерөнімді дайындауда және пайдалануда туындайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың әсер ету деңгейін сипаттайды;

8.                 Технологиялық көрсеткіштер өнімнің өндіріске және ұдайы өндіріске жарамдылығын анықтайды, сонымен қатар өндірістің технологиялық дайындығында  материал, еңбек және уақыт шығынын тиімді қарастырумен шартталынатын қасиеттерді сипаттайды;

9.                 Стандарттау және үйлестіру көрсеткіштері - өнімде стандартты бұйымдардың қолдану дәрежесін және үйлестірілген құрамды бөліктері деңгейін сипаттайды;

10.            Патентті-құқықты көрсеткіштер  - өнімнің патентті қорғанысын сипаттайды және  бәсекеге қабілеттілікті  анықтауда маңызды фактор болып табылады;

11.            Экономикалық көрсеткіштер өнімді дайындауға, өңдеуге, пайдалануға кететін шығындарды сипаттайды, сонымен қатар одан пайдаланудан түсетін экономикалық әсерлері.

Осы көрсеткіштерді таңдағаннан кейін жүн жамылғыштарының сапасына аз әсер ететін көрсеткіштерді алып тастаймыз. Сонда көрсеткіштердің толық тізімі төмендегідей болады:

1.                      Құрылымының және құрылуының сипаттамалары.

1.1.               Негіз және арқау жіптердің сызықтық тығыздығы;

1.2.               Талшықты құрамы;

1.3.               Негіз және арқау бойынша жіптер саны;

1.4.               Өрім;

1.5.               Қабаттар саны;

1.6.               Беттік тығыздық;

1.7.               Беттік құрылым;

1.8.               Толтыру көрсеткіштері.

2.                      Геометриялық қасиеттері.

2.1.               Сызықты өлшемдері;

2.2.               Қалыңдығы;

2.3.               Түктің биіктігі;

2.4.               Жиектің ені.

3.                      Механикалық қасиеттері.

3.1.               Созылу деформациясы.

3.1.1.        Жартылай циклды.

3.1.1.1. Үзілу салмағы;

3.1.1.2. Үзілмелі ұзаруы.

3.1.2.        Бірциклды.

3.1.2.1. Деформацияның құрамды бөліктері.

3.2.               Иілу деформациясы.

3.2.1.        Жарты циклды.

3.2.1.1. Иілу кезіндегі қаттылық.

3.2.2.        Бірциклды.

3.2.2.1. Мыжылмауы;

3.2.2.2. Драпталынуы.

3.3.               Үйкелісі және үйкеліске тұрақтылығы.

3.3.1.        Танегциальды кедергі коэффициенті;

3.3.2.        Үйкеліс тұрақтылығына бояудың тұрақтылығы;

3.3.3.        Үйкеліс тұрақтылығына түктің тұрақтылығы;

3.3.4.        Түктің оралуы;

3.3.5.        Пиллингтенуі.

3.4.               Физика-механикалық.

3.4.1.        Отыру;

4.                      Физикалық және эргономикалық қасиеттері.

4.1.               Өткізгіштігі.

4.1.1.        Ауа өткізгіштігі;

4.1.2.        Бу өткізгіштігі.

4.2.               Гигроскопиялығы;

4.3.               Электрленуі;

4.4.               Жылулық кедергісі;

4.5.               Отқа тұрақтылығы;

4.6.               Аязға тұрақтылығы;

4.7.               Шаң сыйымдылығы;

4.8.               Биологиялық тұрақтылығы;

4.9.               Гипоаллергиялығы;

4.10.           Қатты басып ойнау;

4.11.           Көркем-колористикалық безендіру.

5.                      Химиялық қасиеттері.

5.1.               Бояудың физика-химиялық әсерлерге тұрақтылығы;

5.2.               Қалған майдың мөлшері.

Осыдан кейін 2-суретте көрсетілген таңдалынған факторлардың себеп-салдар сызбасын тұрғызамыз.

Осыдан кейін сызба бойынша зерделенетін сипаттамаға олардың әсер ету позициясынан аталған факторларды талқылаймыз. Талқылау үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде 12-14 фактор көрсетіледі, екінші кезеңде 6-7 және үшінші кезеңде 3-4 көрсеткіштер таңдалынып алынады.  Сызбада бірінші кезеңде көрсетілген факторлар көк түспен, екінші кезеңде – жасыл, үшінші кезеңде – қызыл түспен көрсетіледі.

Бірінші кезеңді талқылау нәтижесінде жүн жамылғылары сапасының келесі көрсеткіштерін атап көрсетуге болады:

1.                Талшықты құрамы;

2.                Беттік тығыздығы;

3.                Сызықты өлшемдер;

4.                Үзілу салмағы;

5.                Үйкеліс тұрақтылығына бояудың тұрақтылығы;


 

 

 

 



6.                Үйкеліс тұрақтылығына түктің тұрақтылығы;

7.                Пиллингтелінуі;

8.                Бу өткізгіштігі;

9.                Электрленуі;

10.            Жылу кедергісі;

11.            Қатты басып ойнау;

12.            Бояудың физика-химиялық әсерлерге тұрақтылығы;

13.            Көркем-колористикалық безендіруі.

Екінші кезеңді талқылау нәтижесінде келесі 7 көрсеткіштерді қалдыруды жөн көрдік:

1.                Талшықты құрамы;

2.                Беттік тығыздық;

3.                Химиялық тазалауға тұрақтылық;

4.                Буға өткізгіштігі;

5.                Электрленуі;

6.                Жылу кедергісі;

7.                Қатты басып ойнау.

Төртінші кезеңді талқылау нәтижесінде келесі 4 көрсеткіштерді қалдыруды жөн көрдік:

1.                Талшықты құрамы;

2.                Жылу кедергісі;

3.                Бу өткізгіштігі;

4.                Электрленуі.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жүн жамылғысы сапасының маңызды көрсеткіштеріне мыналар жатады: талшықты құрам, жылу кедергісі, бу өткізгіштігі, электрленуі. Жүн жамылғыларының сапа көрсеткіштерін сандық бағалау үшін, бірінші кезеңнен кейін анықталынған көрсеткіштерге арналған экспертті бағалау жүргіземіз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.                 Исикава К. Японские методы управления качеством: Сокр. пер. с англ. / Науч. ред. А.В. Гличев. — М.: Экономика, 1988. 215 с.

2.                 Мазур И.И. Управление качеством: Учебное пособие. / И.И. Мазур, В.Д. Шапиро. Под ред. И.И. Мазура. — М.: Высш. шк., 2003. 334 с.