ӘӨЖ 683.09

Оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АЯҚ КИІМНІҢ КОНСТРУКТИВТІК СИПАТТАМАСЫ

         Қазіргі заманғы аяқ киімдерді пайдалану мақсатына, жас-жыныс топтарына, түрлеріне,  өлшемдеріне,  детальдар пішініне, аяқ киімнің жоғарғы жағы мен төменгі жағының конструкциясына, модельдің күрделілік категориясына, бекіту тәсілдеріне, өкше түрлеріне және оларды бекіту тәсілдеріне қарай жіктейді.

               Аяқ киімнің пайдаланылу мақсаты Аяқ киім – адам аяғын сыртқы әсерлерден сақтайтын, утилитарлық және эстетикалық қызметтер атқаратын бұйым. Аяқ киімнің пайдаланылу мақсатына қарай бөлуді оның киілу жағдайына қарай жүргізеді. Жай жағдайларда киілетін аяқ киімдерді күнделікті, модельді, үйде киілетін, жол жүргенде киілетін, белсенді демалыста киілетін және егде жастағы адамдарға арналған аяқ киімдерге бөледі.

         Күнделікті аяқ киімдерге күнделікті көшеде және жай ішінде киілетін аяқ киімдер жатады.  Модельді аяқ киімдерге мода талаптарына сәйкес келетін,салтанатты жағдайларда аз уақыт киілетін аяқ киімдер жатады.  Үйде киілетін аяқ киімдерге үйде күнделікті киілетін аяқ киімдер жатады. Жол жүргенде  киілетін аяқ киімдерге жол жүргенде аз мерзім киілетін аяқ киімдер жатады.  Белсенді демалғанда киілетін аяқ киімдерге – қыдырғанда, демалыста, дене шынықтырумен айналысқанда киілетін аяқ киімдер жатады. Егде жастағы адамдарға арналған аяқ киімдерге егде жастағы адамдардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып конструкцияланған аяқ киімдер жатады. Өзіндік ерекшеліктері бар аяқ киімдерге: арнаулы, өндірістік, ортопедиялық және профилактикалық  аяқ киімдер жатады.  Арнаулы  аяқ киімдерге белгілі қауіпті әсерлерге қарсы қолданылатын арнайы қорғаныс материалдары мен детальдары бар аяқ киімдер жатады.   Өндірістік аяқ киімдерге – арнайы қорғаныстар қарастырылмаған, жалпы жұмысқа киілетін аяқ киімдер жатады.  Спорттық аяқ киімдерге  - әртүрлі спорт түрлерімен айналысқанда киілетін аяқ киімдер жатады.  Ортопедиялық аяқ киімдерге – адам табанында, балтырында және жамбасында болатын кейбір ауытқуларды есепке ала отырып конструкцияланған аяқ киімдер жатады [1].

         Жыл маусымына қарай киілуге арналған аяқ киімдерді: қыстық, көктем-күздік, жаздық және жыл бойы киілетін аяқ киімдерге бөледі.

          Қыстық  аяқ киімдерге – конструкциясы және жасалыну материалдары қыс мезгілінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Қыстық  аяқ киімдерге – суықтан қорғау жақсы қасиеттері бар етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер жатады. Көктем-күздік аяқ киімдерге - конструкциясы және жасалыну материалдары көктем және күз  мезгілдерінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға  аяқты ылғалдан қорғау қасиеттері бар  киімдер - етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфлилер жатады. Жаздық аяқ киімдерге-конструкциясы және жасалыну материалдары жаз  мезгілінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға жаздық беті ашық, белбеулі, сандалиилар, сандалеттер мен пантолеттер жатады. Жаздық аяқ киімдер жеңіл және гигроскоптық болуы тиіс. Жыл бойы киілетін аяқ киімдерге- жыл бойы ұзақ мерзім киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға: жартылай бәтеңкелер, туфлилер, кроссовкалар жатады.  

Аяқ киім түрлері. Аяқ киім түрлері - аяқ киімді жіктеудің конструктивті белгісі , ол адам аяғын аяқ киімнің жоғарғы жағының детальдарының жабу дәрежесімен анықталады. Аяқ киімнің негізгі түрлеріне етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфлилер және сандалиилер жатады.       

Етіктер - тұтас қонышы бар аяқтың басын, тобықты, балтырды жауып тұратын аяқ киім түрі. Жартылай етіктер - аяқтың басын, тобықты, балтырды жауып тұратын, түймеленетін немесе басқа бекіту құрылғысы бар, қонышты аяқ киім түрі [2].

Бәтіңке - аяқтың басын, тобықты жауып тұратын, тобықтан жоғары қысқа қонышы бар (жартылай етік қоныштарынан биік емес), ойықсыз немесе ойығы бар, түймеленетін немесе басқа бекіту құрылғысы бар  аяқ киім түрі. Жартылай бәтіңке - аяқтың басын, тобықты жауып тұратын,  ойықсыз немесе ойығы бар,  бекіту құрылғысы бар  аяқ киім түрі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Фукин В.А., Костылева В.В., Лыба В.П. Проектирование обув-

ных колодок. – М., Легпромбытиздат, 1987.

2. Николаева Ж.Б., Темкин С.Н., Шаповалова Н.Н. Моделирование

кож галантерейных изделий. – М.: Легкая и пищевая промышлен-

ность, 1975.