ӘӨЖ 689.01

БЫЛҒАРЫ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЖЕТІЛДІРУ

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

Техника технология магистр, аға оқытушы Анарова Г.С., техника технология магистр оқытушы Пернебаева Р.А., ассистент Латыкова А.А

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

Аяқ киімнің алғашқы қарапайым түрлеріне адам аяғын ораған аң немесе жануар терісі жататын. Аяқ киімнің атқаратын қызметінің бірдей екендігіне қарамастан, көне заманда аяқ киім формасы географиялық орналасу аймағына, климат жағдайына байланысты болған. Оңтүстік елдерде (Египет, Алжир, Грекия) сандалий түріндегі аяқ киімдер кең таралған. Сандалийлер бізге жеткен ең көне аяқ киім (Египет, б.д.д. 1400 жыл) болып саналады.

Бекітілетін белдікшелер мен ұлтандардан тұратын жетілдірілген конструкциялар қол еңбегінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді.

Орталық аймақтарда ауа райының суықтығына байланысты табанды ғана қорғап қоймай, сонымен қатар, аяқтың бетін де қорғау қажеттігінен туфлилердің алғашқы түрлері (шарықтар, поршнилер) және жартылай бәтіңкелер мен бәтіңкелер пайда болды. Ауа райы қатал солтүстік аймақтарда етіктер кең таралды. Көне ғасырлардың аяқ киімдерінің ортақ белгілеріне мыналар жатады. Оны былғарының тұтас бір кесіндісінен жасайтын, ол аяқтың табанын қорғайды және киілген сайын аяқ формасына қалыптаса береді. Аяқ киімдер негізінен симметриялық етіп жасалатын, яғни екі аяққа бірдей болатын, бірақ сол кездің өзінде - ақ асимметриялық аяқ киімдер (Псковта,Ұлы Новгородта) әр аяққа жеке арнаулы аяқ киімдер (оң, сол аяқтарға) жасалған.

             Аяқ киiмде өкше болмаған, оның жоғарғы жағы мен табанындағы былғарының қалыңдығы бірдей болатын, табанға салынған былғары жылдам тозатын.

               Аяқ киiмнің барлық жағы біркелкі тозуын қамтамасыз ету үшін табанына екі-үш қабат былғарыдан жасайтын болды. Осылайша  аяқ киiмнің табаны жеке деталь ретінде қалыптасты, оны қалың былғарыдан жасап, аяқ киiмнің жоғары жағының детальдарына жіппен тігіп, бекітетін.  Аяқ киiмнің жоғары жағына жұмсақ былғарыдан, табанын қалың, қатты былғарыдан жасайтын болды. Былғарыны үнемдеу үшін және аяққа ыңғайлы болуы үшін аяқ киiмнің жоғары жағын екі немесе одан да көп детальдарға бөле бастады. Аяқ киiмге аяқ пішінін беру үшін кеспектер (болванкалар) қолданыла бастады. Х1Vғасырдан бастап, аяқ киiмнің өкше жағының тозу мерзімін ұзарту үшін бірнеше қабат былғарыларды қолдана бастады, осылайша аяқ киiм өкшесі  жеке деталь ретінде қалыптасты. ХVI-ХVII ғасырларда өкше аяқ киімнің ажырамас бөлігіне айналды. Орташа және биік өкшелер табан пішініне әсерін тигізеді, осыған байланысты аяқ киiмнің жаңа элементі –ұлтарақ(стелька) пайда болды. Дәл осы деталь арқылы табан мен өкшені ағаш  бізөкшемен (шпилька), металл шегелердің көмегімен бекіту мүмкіндігі пайда болды. Аяқ киiм өндірісінде ағаштан жасалған симметриялы қалыптар кеңінен қолданыла бастады. Аяқ киiм  конструкциясы мен оны өндіру технологиясында XIX ғасырда жаңа кезең пайда болды, оған 1845 жылы тігін машиналарының, кейінірек арнаулы  аяқ киiм тігетін машиналардың жасалуы ықпал етті. [1].

 

Қазіргі кездері қолдан тоқылған матадан шекпен тікпейді, аң, мал терілерінен де киімдер тікпейді. Алтын жіптермен кесте тігетін шеберлер мен зергерлердің жұмыстарына сұраныстар аз.(1 сурет)

 

 

Сурет. 1.1. Былғарыдан жасалған белбеу

 

  Кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, ғылыми-техникалық прогресс пен мода талаптарына сәйкес ұлттық костюмдерде де өзгерістер пайда болуда. Мемлекеттік мұрағаттар экспонаттарын толықтыру мақсатында тұрғындардан  алынған дәстүрлі ұлттық киімдерден де эволюциялық өзгерістерді байқауға болады.

              Егер біз болашақ ұрпақ үшін өткен ғасырлардың материалдық құндылықтарын сақтап жеткізгіміз келсе, кейбір дәстүрлі маталарды, мысалы шекпен, мауыты, бәтес, бедерлі, атлас өндіруді, ұлттық нақыштағы ою-өрнек кестелеуді, металлдан жасалатын әшекей бұйымдарды, қымбат, бағалы тастар орнатылған белбеулер жасауды қолға алуымыз қажет.(2 сурет)

Былғары - галантерея бұйымдарының тарихы да костюм, аяқ киім тарихы секілді ұзақ және қызғылықты, олар да ұзақ жылдар бойы дамып, жетілдіріліп отырған. Қолғаптар  адам қолдарын суықтан және басқа сыртқы табиғи әсерлерден қорғауға арналған. Чемодан, сөмке, портфель, әмиян, қапшық секілді былғары - галантерея бұйымдары, заттарды тасымалдауға, сақтауға, қоршаған ортаның әсерлерінен қорғауға арналған[2].

Сурет. 1.2. Әйелдер аяқ киімі

 XIX ғасырдың басында

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Зыбин Ю.П. Конструирование изделий из кожи/ Ю.П. Зыбин,

В.М. Ключникова, Т.С. Кочеткова, В.А. Фукин. – М.: Легкая и

пи ще вая промышленность, 1982.

2. Ключникова В.М. и др. Практикум по конструированию изде-

лий из кожи/ В.М. Ключникова, Т.С. Кочеткова, А.Н. Калита

под общ. ред. В.А. Фукина. – М.: Легпромбытиздат, 1985.