ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Authors

  • Молдабек Молдабек Республика Казахстан
  • Н Тоқаева Республика Казахстан

Abstract

Жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді. Мемлекеттің күшейіп гүлденуі жеке тұлғаға, яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз. Ұстазға алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Инновация (латын тілінен аударғанда) - жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процесстерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Өйткені, оқыту мен тәрбие беруде жаңа технология - инновациялық педагогикалық идеяларды енгізу, білім сапасын қамтамасыз ету және жаңарту нысаны. Жаңа заманғы инновациялық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, шығармашылық қабілеттерінің кеңеюіне, қажетті іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға және ізденімпаздықпен жұмыс істеуіне қажетті мүмкіндіктерді қамтиды. Инновациялық оқытудың оқыту технологияларының мақсаты бір болғанымен, құрылымы, оқыту жүйесі, ұстанымдары, әдіс-тәсілдері түрліше келеді. Жаңа технология жүйесімен сабақ беру үшін үлкен педагогикалық шеберлік керек. Білім берудегі жаңа технологияларға мыналар жатады: Дамыта оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, зерттеу-жобалау, ақпараттық-коммуникациялық, сатылай-кешенді талдау, сын тұрғысынан ойлау т.б. жаңашыл оқыту әдістері. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері жоғарыда аталған оқыту технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін өзіне таңдап алады. Әр мұғалімнің өзінің сабақ өткізу барысында жеке әдіс-тәсілдері болуы қажет. Барлық инновациялық технологияларды меңгеріп, оны сабаққа көшірме ретінде қолдану мүмкін емес. Менің түсінігім бойынша, мұғалімнің өзіне ұнаған, дұрыс нәтиже беретін технологияны білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, міне, сол- жаңашылдық болып табылады. Атақты педагог- ғалым В. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» дегені бекер айтылған сөз емес. Педагогикалық істегі кәсіби біліктіліктің құрлымы мен болмысы шеберлікпен ғана ұштасып жататын тәуелсіз, дербес категория ретінде сараланады. Сондықтан, кәсіби шеберлік – бұл тұлғаның интеграцияланған тұтас қасиеттерінің сапалық жиынтығы. Ол кез- келген сапа көрсеткіші секілді, тек қана іс- әрекет үрдісінде ғана қалыптасады, демек аталған үрдіс- іс- әрекеттің, тәжірибелік қызметтің нәтижесі болмақ.

References

Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.- Алматы , 2003-129б.

2. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.

3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Аударған Д.А.Қайшыбекова.-Алматы,2006.-180бет.

Published

2020-09-20

How to Cite

Молдабек, М., & Тоқаева, Н. (2020). ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 37(693). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/112