Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда сөйлеу мен жазудың алатын орны

Authors

  • ГС Турсумбекова Республика Казахстан

Abstract

Шетел тілі мұғалімдерінің коммуникативті қарым- қатынасын қалыптастыру барысында сөйлеу мен жазудың маңызы зор. Мәдениаралық қарым-қатынас барысында шетел тілі мұғалімдері үшін әңгімеге арқау болатын мәліметті жинақтау, жүйелеу, жалпылау және басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, өзінің тілдік білімін тексеру мен бірге өзін-өзі бағалау мүмкіндіктері пайда болады. Шетел тілі мұғалімдері жазу іскерліктерінің негізінде өз елінің мәдениетін, адамдардың өмір сүру деңгейін өзге тілдік мәдениетпен ұштастыру мүмкіндігін алады. Шетел тілі мұғалімдерінің жазбаша сөйлеу іскерлігін дамыту барысында жазба жұмысының мақсатқа байланысты құрылуы, мұғалімдер тарапынан теориялық материалдарды меңгере отырып, негізгі қиындықтарды шешуге бағытталуы тиіс. Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда жазу мен сөйлеу өте жоғары деңгейдегі мақсаттар мен талаптарға негізделуі қажет. Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда жазудың методикалық теориялық негіздері қарастырылады. Жазба жұмысының ерекшелігі - мәдениаралық ком- муникативті қарым-қатынас жасау барысында психо- логиялық және лингвистикалық ерекшеліктер ескерілуге тиіс. Профессор Е.И. Зимняяның зерттеулеріне сүйенер болсақ, жазу іскерлігі ұғымның интонациялық тұрғыда емес, синтаксистік фразалардың жазбаша тұрғыда жеткізілуі қажет. Сөйлеу іс-әрекетінің негізінде уақыт тапшылығы сезілсе, жазу барысында уақыт тапшылығы сезілмейді. Сөйлеу барысында қолданылаын мимика, қимыл іс-әрекеттері жазу барысында қолданылмайды. Яғни жазу грамматикалық ережелер негізінде жүзеге асады. Жазбаша қарым-қатынастың барлық шартты кызметі арнайы бағытта жүзеге асырылуға тиіс. Жазбаша қарым-қатынас іскерлігі белгілі бір мақсатқа және шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталуы керек. Шетел тілі мұғалімдерінің жазбаша қарым-қатынасын дамыту барысында әдіс-тәсілдердің кұрамы мен ой жүйесінің жинақталуы жазбаша тұрғыда жүзеге асады. Қазіргі таңда шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда жазба жұмысының продуктивті әдісі сирек қолданылады. Жазба іскерліктерді дамыту кенделеп дамуда. Жазу іскерлігі төмендегідей үш бөлінбес қозғаушы-түрткі, аналитикалық және синтетикалық, атқарушы құрылымның негізінде түсіндіріледі. 1. Қозғаушы түрткі бөлігінде түрткі пайда болады. Яғни ол қажеттілік түрінде көрініс табады. Бұдан шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық қарым-қатынасқа түсу қызығушылығын жазбаша түрде жеткізу, қандай-да бір ақпарат көзімен хабардар ету болып табылады. Сонымен шетел тілі мұғалімдерінің жазу іскерлігінің негізінде логикалық даму құрылымын байқауға болады. 2. Аналитикалық және синтетикалық бөлігі- сөздерді таңдау, мәтінге сәйкес келетін сөйлемнің құрылымын сипаттайтын белгілерге негізделген сөздерді таңдай білу. Пайымдалған зат туралы баяндау, сөйлемді құрастыру барысында оның негізгі ойын жүйелеу болып табылады.

References

1. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке, М, Просвещение ,1987r

2. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иноязычному общению, М.Русский язык, 1989г

3. Пассов Е.И. Цель обучения иносранному языку на современном этапе развития общества,Общая методика обучения иностранным языкам. Хрестоматия М.1991г.

4. Гауриева Г.М. Устное общение, Средства и приемы его организации. / Мышление, язык, линтводидактика. Сбор. трудов к 75-летию Н,Г, Курманбаева.Алматы,2000г.

5. Горбенко А.Ф. Методическое творчества преподавателя иносранного языка. Метод пособие для преподавателей, Повлодар: Кайнар, 2000г.

6. Касымов Г..М. Коммуникативная компетенция в обучении иностранному языку. / Мышление, язык, лингводидактика. Сбор. трудов к 75-летию Н.Г. Курманбаева , Алматы, 2000.

Published

2020-04-13

How to Cite

Турсумбекова, Г. (2020). Шетел тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда сөйлеу мен жазудың алатын орны. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1124