Стратегиялық басқару есебінің ақпараттық қамтамасыз етілуі

Authors

  • ББ Серікбекова Республика Казахстан
  • АЖ Зейнуллина Республика Казахстан

Abstract

Басқарушы есеп басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын ала бағалауға, оптималды түрде ресурстарды бөлімшелер арасында бөлуге, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет - бұл бөлімшелердің және ұйымның қызметін толығымен сандық көріністе көрсететін жоспарлы көрсеткіштер. Батыс елдерінің басқарушы есебінде кездесетін "бюджет" термині біздегі "смета" терминіне жақын ұғым екенінде дау жоқ. Кейде басқарушы есебіндегі "бюджет" ұғымын "жоспар" ұғымының синонимі ретінде пайдаланады. Бюджет - жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Осы әрекет болашақ қаржылық операцияның болжамы ретінде саналып, содан соң ол бюджеттеу кезеңіне өтеді. Басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп түсіндіріледі. Жоспарлау процессі бақылау процесімен тығыз байланысты.Жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажет атрибуттары болып табылады. Бұл кезде басқару деп белгіленген жоспарға сәйкес, ұйымның өз мақсатына жету үшін жасалатын қызметтің қамтамасыз етілгенін айтады. Басқарудың кейбір жекелеген түрлерін, яғни олардың нақты мазмұндылық қызметін практиктер мен теоретиктер әртүрлі бағалайды. Жалпы алғанда шешім қабылдау процесін, еркін қалыптасатын процесс іспеттес,болашақпен байланысты жасалатын жоспарлау процессі ретінде қарастыруға болады.Осыдан, жоспарлауды кең мағынада қарастырсақ,онда ол болашақтағы оқиғалармен байланысты болатын басқарушылық шешімдерін жүйелі түрде дайындау негізінде қабылданатындығын білдіреді,ал оны шұғыл мағынада ұғынатын болсақ,онда ол болашақтағы оқиғаларды анықтаумен байланысты, тек ағымдағы шаралардың болашақтағы шешімдерімен үлесімді дайындалғанын көрсетеді.

References

Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару.- Алматы, 2009 ж.

Никифорова Н.А., Тафинцева В.Н. Управленческий анализ Москва 2013 г

Published

2020-04-13

How to Cite

Серікбекова, Б., & Зейнуллина, А. (2020). Стратегиялық басқару есебінің ақпараттық қамтамасыз етілуі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1125