Абай шығармаларын орта мектепте оқыту

Authors

  • АП Мынбаева Республика Казахстан

Abstract

В статье рассматривается методика обучения в среднем школе творчество Абая. Кроме того обучения творчество Абая связано с принципом методика литературы. Изучения Абая пименяется как цель развитию самого личности. Наша цель найти путь успешно к изучению литературу. The article discusses the method of teaching in secondary school the work of Abai. In addition, the learning creativity of Abai is associated with the principle methodology of literature. The study of Abai is referred to as the goal of the development of the personality itself. Our goal is to find a way to successfully study the literature.. Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту мектепте әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты. Абай шығармалары сөз өнерінің биік үлгісі ретінде әдебиетті оқытудың мақсат-мүддесіне толық жауап береді. Мектепте оқытылатын пәндер қатарында әдебиеттің де пән ретіндегі оқытылу мақсаты оқушының білім алуына, білік дағдысын, таным, түсінігін қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталады. Әдебиет басқа оқу пәндері сияқты осы мақсат, міндеттерді арқалай отырып, басқа қырларымен де ерекшеленеді. Ол – әдебиеттің қоғамдық сана тудырған көркем өнердің бір саласы ретіндегі айырмашылығы. Әдебиет – адамтану, әлемтану ғылымы. Көркем әдебиетті мектеп қабырғасында оқыту көптеген маңызды мәселелерге баса назар аударуды қажет етеді. Мектептерде басқа пәндердің қатарында әдебиеттің оқытылуында да білім деңгейін берілген материалдың көлемімен өлшеу, тек ақпарат құралына айналдыру жағы жиі аңғарылады. Белгілі бір мәтінді, өлеңді оқытуда оқушы автор туралы не біледі, шығарма мазмұны не туралы дегенмен шектелушілік басым. Ал оқушының сол мазмұнды қабылдауы қандай болды, қандай әсер-күй қалыптасты немесе оқушы өз тарапынан шығарманың ішкі мазмұнын қабылдай алды ма, сол шығармаға баға беруге талаптана ала ма деген мәселелер көмескі қала береді [1]. Оқушы оқылатын шығарманы дайын күйінде басқа авторлардың берген бағасы, түсіндіруі арқылы ұғынбай, өздігінен түсінетін, мұғалімнің жүргізетін жұмысы барысында талдай алатын, қорытынды жасай алатын дәрежеге жеткізу, оқушыға шығармашылық жағдай жасау, еркіндік беру әдебиетті оқытудағы басты міндет болса керек. Абайдың жыл мезгіліне арналған өлеңдерінде жыл мезгілдеріне тән белгілерді суреттеп, табиғат көрінісін елестете отырып, әлеуметтік жағдайды көрсету, соны айқындау ниеті басым жатыр. Автордың қай сөзінің қатыңқы да, шытынап шығуы, қаһарлы қысқа, не суық күзге ызаланудан гөрі жыртық-тесік, кем-кетік, жұпыны өмірге, ондағы бейқамдыққа, қырсыздыққа ызалануы көбірек көрініп тұрады. Оған қоса ақынның ызалануында сол жыртық-тесік, жамау-жасқаумен жүргендер мен бүрсеңдеген балаларға жаны ашу, аяу белгісі де байқалады. Күз туралы көңілсіздеу ой мен ақын суреттеуіндегі көрініс көз алдыңа екінші бір сиықсыз көріністі алып келеді. Ол – жыртық киім, жамау-жасқаумен жүрген ауыл әйелдері, бәрінің қабағы жабырқаңқы, бүрсеңдеген бала, от жақпаған, суықтан құты қашқан үй.

References

Әділханов Т. Абай өлеңдерінің білімдік, тәрбиелік мәні. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1994

Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. Алматы. 1987

Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. 1995

Есенжолова А. Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемелері. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993 ж.

Published

2020-04-13

How to Cite

Мынбаева, А. (2020). Абай шығармаларын орта мектепте оқыту. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1126