Орта мектепте жоғары математиканың ұғымдарын енгізу және қалыптастыру әдістемесі

Authors

  • ЗТ Мырзахметова Республика Казахстан
  • РЕ Жуманова Республика Казахстан
  • СН Шаухан Республика Казахстан

Abstract

Қолданбалы есептерді шығару оқушылардың басқа пәндерді оқып білуге, еңбек барысында, күнделікті өмірде математиканы қолдана білуге қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Кейбір жағдайларда қолданбалы есептерді шығару барысында көптеген мұғалімдер ол есептің математикалық моделін құруға, мысалы, теңдеу құруға оны шешуге көбірек назар аударады. Әрине бұл дұрыс. Бірақ та мұндай есептерді шығару сан жағынан аз болса да, ол есептердің бастапқы берілген шарттарын талқылауға, оларда берілген шамалардың мән-мағынасын анықтауға, сондай-ақ ол есепті шешудің таңдап алынған жолын және құрылған математикалық модельдің дұрыстығын анықтап талдауға аса назар аудару қажет. Өйткені, қолданбалы есептерді шығару барысында бұл мәселе оқушыларда үлкен қиындық тудырады. Және де оқушыларда қолданбалы бағыттағы ойлауды қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді. Математиканы қолданбалы оқыту үшін мұғалім сабақ барысында қолданылатын әдістерді, оқыту құралдарын, әр сабақтың мақсатын - бәрін осыған бағыттауы керек. Математикалық білім беруде пайдаланылатын қолданбалы сипаттағы есептер жүйелерін жетілдірудің басты ерекшеліктері: математикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған практикалық әрекет пен үздіксіз білім беруде пайдаланылатын қолданбалы сипаттағы есептер мазмұнының арасындағы бірлікті, осы есептердің мазмұнын жаңартуды экологиялық, республикалық, ұлттық-аймақтық материалдар пайдалану арқылы іске асыруда жүйелілік, үздіксіздік, пәнаралық принциптерді басшылыққа алу; математика сабағында экологиялық білім мен тәрбие беру көбінесе, табиғатты тиімді пайдалану идеясын және экологиялық мәселелердің әлемдік мәнін сипаттайтынын ескеру; қоғам талабына сай білім беруде математикалық білімнің адамдардың қоршаған ортада, мәдени құндылықтар айдынында еркін бағдарлай алуына әр түрлі ақпарлар ағынында өзіндік баға бере алуына мүмкіндік беретін маңызды құрал екендігінің ескерілуі [1].

References

Нұғысова А.Н. Элементар математика мен оның есептерін шығару практикумының бағдарламасы - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2006. - 35 б.

Нұғысова А.Н., Жүнісов Е.Ж Обучение студентов решению геометрических задач – Талдықорған: 2002. - 145с.

Тасболатова Р.Б., Абдильдаева М.М. Математика - 6 дидактикалық материалдар (әдістемелік құрал). –Талдықорған: Принтланд, 2005. - 141 б.

Published

2020-09-20

How to Cite

Мырзахметова, З., Жуманова, Р., & Шаухан, С. (2020). Орта мектепте жоғары математиканың ұғымдарын енгізу және қалыптастыру әдістемесі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 37(693). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/114